Қой - төрт түліктің ұсағы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі.

Сабақ тақырыбы

Төрт түлік

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды, тақырыпты меңгереді.

Көптеген оқушылар:

Тақырыптың маңызын дәлелдермен түсіндіріп айта алады.

Кейбір оқушылар:

Білімін сыныптастарына түсіндіріп, оқулықтан тыс ресурстарды қоса алады.

Жетістік критерийлері

  • Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындай алады.
  • Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік мақсаттар

Хат, жарнама, хабарландыру.

Пәнаралық байланыстар

Музыка, қазақ тілі.

Бастапқы білім

№1 бақылау жұмысы.

Сабақтың басы

Сыныпта жағымды ахуал қалыптастырып, оқушыларды белсенді қатысуға бағыттау.

Топқа бөлу

2 минут

Мұғалім себетке түрлі кәмпиттер әкеледі. Оқушылар себеттен бір-бір кәмпит алып, кәмпит түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал

3 минут

Төрт түлікке қатысты қысқа сұрақтар қою арқылы оқушылардың қызығушылығын оятады және тақырыпқа бағыттайды.

Сабақтың ортасы

Төрт түлік туралы білімді түсіну, қолдану және тілдік дағдыларды дамыту.

Білу және түсіну

«Төрт түлік туралы не айта аласыңдар?»

10 минут

Қой

Қой — төрт түліктің ұсағы. Күзгі терісінен тон, қысқы терісінен тұлып тігеді. Жүнінен киіз басады, жіп иіріп қолғап пен шұлық тоқиды. Қойдың сүті қою әрі жағымды.

Сиыр

Сиыр ірі қараға жатады. Оны көбіне сүті үшін ұстайды. Сүтінен қаймақ, май, айран, құрт, сүзбе және ірімшік дайындалады.

Жылқы

Жылқы — төрт түліктің бірі: саусаң — қымыз, мінсең — көлік. Суыққа төзімді. Майы салқында қатпайды. Еті де, қымызы да шипалы.

Түйе

Түйе — түлік басы. Ол көштің көлігі, көбіне жүк артады. Сүтінен шұбат пен қымыран дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқылады.

Қолдану

Интервью әдісі: «Төрт түлік пірлері туралы не білесіңдер?»

8 минут

Тыйым сөздер

  • Қой қырқатын қырықтықты бос қайтармайды — жүнге орап береді.
  • Қой қоздап жатқанда біреуге мал сыйламайды, сатпайды.
  • Мал айдап келе жатқан адамға «Айдар көбейсін», ал малшыға «Бағар көбейсін» дейді.
  • Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
  • Мал сүйегін пешке салма.
  • Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды.
  • Ақты төкпе.
  • Малды теппе.
  • Малға теріс мінбе.
  • Малдың басынан ұрма.

Мақал-мәтел мәйегі

«Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір.»

«Малды баға білу — бабын таба білу.»

Автор туралы мәлімет

Оқу орны

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылы, №74 жалпы орта мектебі.

Пән мұғалімі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Момынова Динара.

Материал: «Төрт түлік».