Балалар әуенмен ішке кіредіТәрбиеші
Кіріспе
Балалар әуенмен залға кіріп, мерекелік көңіл күйді бірден сезіндіреді. Тәрбиеші жаңа жылдық ертеңгілікті ашып, баршаға ізгі тілегін арнайды.
Тілектер
Бақыт, береке, көп қуаныш пен жақсылық.
Бағдарлама
Ән, тақпақ, би және қызықты көріністер.
Тәрбиешінің сөзі
— Қандай жақсы шыршамыз! Ән шырқайық, баршамыз.
— Тақпақ айтып, би билеп, Жаңа жылды бастайық!
— Құрметті бүлдіршіндер, ата-аналар, ұстаздар! Көптен күткен қуанышты мереке — Жаңа жыл келіп жатыр. Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын! Барлығымызға бақыт, береке, мол қуаныш пен жақсылық әкелсін!
— Осы Жаңа жылға арналған бүгінгі ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
— Бүлдіршіндеріміздің жаңа жылдық шашуы ретінде олар «Кукарелла» биін билеп береді.
Шырша туралы әңгіме
Диалог
Тәрбиеші: — Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: — Шырша!
Тәрбиеші: — Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ендеше, шыршаға арналған тақпақтарды кім айтып береді?
Саят
Жап-жасыл шыршамыз,
Қандай тамаша.
Басында жұлдызы,
Қонады жараса.
Айсара
Ойнаймыз, тойлаймыз,
Біздің бақшада.
Ойыншықтар көп екен,
Әсем шыршада.
Бексұлтан
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Нұрсая
Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.
Ұлбөбек
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Тәрбиеші: — Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы айттыңдар.
Орман кейіпкерлері сахнада
Қоянның келуі
Музыка әуенімен залға секеңдеп Қоян кіреді.
Қоян:
— Ой, балалар, балалар, сүйінші, сүйінші!
Ау, жарандар, ал қараңдар,
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды,
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан — Марстан —
Келіп Аяз атамыз.
Жылды тойлап, билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Аюмен кездесу
Секіріп билеп жүрген Қоянның алдынан Аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян:
— Амансыз ба, аю-аң?
Аю:
— Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да,
Ұйқымды ашып, сергідім —
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық,
Би билеп, ән салайық.
Қоян: — Мына бүлдіршіндердің жаңа жылға дайындаған биін тамашалап, бірге билейік.
Екеуі қол ұстасып, «Қар ұлпалары» биін билейді.
Түлкінің келуі
Сол кезде қуана құтыңдап Түлкі келеді.
Түлкі:
— Қоянжанға бір сәлем!
Аю-аңға мың сәлем!
Аю мен Қоян:
— Аман ба, Түлкі, кел мұнда!
— Достарым, жыл келеді,
Сыйлығын ол береді.
Жұмбақ шешкіш Түлкінің
Өнерін жұрт көреді.
Тауып өз сыңарымды,
Тайсалмай биге түсіп,
Тарқатам құмарымды.