Бүгін ауа райы жылы
Сабақ құрылымы
Бұл жоспар «Ауа райы қандай?» тақырыбын меңгертуге және сын есімдерді қайталауға арналған. Тапсырмалар сөйлесім дағдыларын дамытуға, мәтінмен жұмыс істеуге және практикалық жаттығулар арқылы білімді бекітуге бағытталған.
I кезең. Ұйымдастыру
1) «Тілашар» (сұрақтар)
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Жылдың қай мезгілі?
- Көктем айларын кім атайды?
- Бүгін ауа райы қандай?
2) Психологиялық ахуал
Бір-бірімізге қарайық,
Жылы лебіз айтайық.
Бүгінгі күн сәтті болсын,
Отбасымыз аман болсын.
II кезең. Жаңа сабаққа кіріспе
1) Үлгі бойынша сұхбат құрастыру
Үлгі диалог
— Бүгін ауа райы қандай?
— Бүгін ауа райы жылы.
— Кеше ауа райы қандай болды?
— Кеше ауа райы жылы болды.
— Ертең ауа райы қандай болады?
— Ертең ауа райы жылы болады.
2) Тыңдалым: «Жыл мезгілдері»
Қыс
Қыста күн суық. Қар жауады.
Көктем
Көктемде күн жылы. Құстар келеді.
Жаз
Жазда күн ыстық. Гүл көп.
Күз
Күзде күн салқын. Жаңбыр жауады.
III кезең. Жаңа сабақ
Негізгі бағыт
Жазылым: үлгі бойынша жазыңыз
Үлгі
A: Астананың ауа райы Шымкенттегідей емес. Онда жаңбыр жиі жауады.
B: Шымкенттің ауа райы Астанадағыдай емес. Онда күн ашық.
Тірек сөздер
- Астана — Шымкент — ауа райы — жаңбыр жауу — күн ашық
- Оңтүстік — солтүстік — ауа райы — жылы — салқын
- Қыста — жазда — ауа райы — суық — ыстық
Мәтінмен жұмыс (қадамдар)
-
1) Түсініп оқу
Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.
-
2) Сөздік жұмысы
Жаңа сөздерді түсіндіру және бекіту.
-
3) Аудару
Мағынаны сақтай отырып аудару.
-
4) Мазмұндау
Тірек сөздермен қысқаша әңгімелеу.
-
5) Тапсырмалар орындау
Сөйлем құрастыру, толықтыру, салыстыру.
Оқылым: мәтін
Бір жылда төрт мезгіл бар. Олар жыл ішінде ауысып отырады. Әр мезгілде ауа райы өзгереді. Қыс келгенде күн суытады. Қар жауып, мұз қатады. Қыстан кейін көктем келеді. Күн жылынып, қар ериді. Күн күркіреп, найзағай ойнайды. Көктемнен кейін жаз келеді. Күн ысиды. Жаздан кейін күз келеді. Күн салқындайды. Аспан жиі бұлттанады. Суық жел соғады.
Сөздік жұмысы (толықтырыңыз)
мезгіл — …
найзағай — …
ауысып отырады — …
ысиды — …
өзгереді — …
жиі — …
кейін — …
бұлттанады — …
ериді — …
жел соғады — …
«5 жол» стратегиясы: ауа райы туралы
- Зат есім
- 2 сын есім
- 3 етістік
- Сөйлем
- Синоним
Нәтиже
Оқушылар 5 жолға сай қысқаша сипаттама құрастырады.
Бос орындарды толтырыңыз
- Бір жылда төрт _____ бар.
- Әр маусымда ______ өзгереді.
- Қыста күн ______.
- Қыста қар ______, мұз ______.
- Көктемде күн ______.
- Көктемде найзағай ______.
- Жазда күн ______.
- Күзде күн ______.
Сөйлемдер мен суреттерді жұптастыру
- 1) Күн ыстық болады.
- 2) Жаңбыр жауады.
- 3) Қар жауады.
- 4) Кемпірқосақ шығады.
- 5) Жел тұрады.
- 6) Найзағай ойнайды.
Суреттер бойынша әңгіме құрастыру
A нұсқа (сөздер)
Жылы, жаңбыр жоқ, күн ашық; оның көңіл күйі жоқ; сөйлегісі келмейді; көктемнің келгеніне қуанбайды.
Ә нұсқа (сөздер)
Ол жаурамайды; ол күледі; көңіл күйі жақсы; ол мәз; көктемнің келгеніне қуанышты.
Аралас сөздерден сөйлем құраңыз
- Жазда ауа райы ыстық болады.
- Көктемде жаңбыр жиі жауады.
- Күзде ағаштың жапырақтары сарғаяды.
- Кеше ауа райы бұлтты болды.
V кезең. Бекіту
Дұрыс / Бұрысты анықтаңыз
| Сөйлем | Дұрыс | Бұрыс |
|---|---|---|
| Бір жылда төрт мезгіл бар. | □ | □ |
| Әр жыл мезгілінде ауа райы өзгермейді. | □ | □ |
| Қыстан кейін жаз келеді. | □ | □ |
| Қыс келгенде күн суытады. | □ | □ |
| Көктемнен кейін жаз келеді. | □ | □ |
Сын есімдерді қойыңыз
Сұрақтарға жауап беріңіз
- Жазда ауа райы қандай болады?
- Көктемде не жауады?
- Қар қашан жауады?
- Құстар қашан жылы жаққа ұшып кетеді?
- Қазақстанның ауа райы қандай?
- Өзіңіздің туған жеріңіздің ауа райы қандай?
Тест тапсырмалары
Екі нұсқа
I нұсқа
-
Қазақ тілінде неше әріп бар?
A) 26Ә) 42Б) 36В) 39Г) 41
-
Үндестік заңы нешеге бөлінеді?
A) 2Ә) 4Б) 3В) 5Г) 6
-
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар нешеу?
A) 5Ә) 6Б) 7В) 8Г) 12
-
«Кімде? Неде?» қай септіктің сұрақтары?
A) Ілік септікӘ) Барыс септікБ) Табыс септікВ) Жатыс септікГ) Шығыс септік
-
Анаңның анасы кім?
A) анаӘ) әпкеБ) әкеВ) сіңліГ) әже
II нұсқа
-
Қазақ тілінде неше септік бар?
A) 1Ә) 3Б) 5В) 7Г) 9
-
Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
A) 3Ә) 5Б) 4В) 7Г) 12
-
Жіңішке дауысты дыбыстарды табыңыз:
A) ә, ө, ү, і, е Ә) ы, і, е, а Б) ү, ұ, у, ы, і В) ө, і, е, и, ы Г) а, о, ұ, ы, ү
-
«-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен» қай септіктің жалғаулары?
A) Ілік септікӘ) Шығыс септікБ) Барыс септікВ) Атау септікГ) Жатыс септік
-
Қазақ тілінде екпін қай буынға түседі?
A) АлдыңғыӘ) ОртаБ) СоңғыВ) БасындаГ) Үстінде
Тест жауаптары
I нұсқа
1) Ә • 2) А • 3) Г • 4) В • 5) Г
II нұсқа
1) В • 2) А • 3) А • 4) Ә • 5) Б
VII кезең. Бағалау
Оқушылардың жұмысы бойынша қорытынды баға қойылады (ауызша жауап, мәтінмен жұмыс, жазылым және тест нәтижелері ескеріледі).
VIII кезең. Үй тапсырмасы
- 1-сабақ, 4-тапсырманы орындау.
- «Қай жыл мезгілін жақсы көресіз?» тақырыбында айтып беру.
- Жаңа сөздерді жаттап келу.
Психологиялық тренинг (кері байланыс)
- «Маған бәрі түсінікті болды» дегендер — оң қолын көтереді.
- «Кейбір тапсырмаларды түсінбей қалдым, бірақ сұрауға ұялдым» дегендер — сол қолын көтереді.
- «Бүгінгі сабақ мен үшін қызықты өтті» дегендер — орындарынан тұрады.
Негізгі сөздер
жылы, салқын, суық, ыстық, бұлтты, ашық, жаңбыр, қар, жел
Грамматикалық фокус
Сын есімдерді дұрыс қолдану: салыстыру, сипаттау, сөйлем ішінде орнықтыру.
Күтілетін нәтиже
Оқушы ауа райын сипаттай алады, мәтінді түсініп оқиды, сұрақтарға жауап береді және жазбаша тапсырмаларды орындайды.