Сіздер күнделікті өмірде омоним және синоним болатын сөздерді қаншалықты жиі қолданасыздар
Батыс Қазақстан облысы • Теректі ауданы • Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ханов Шохан Уалиханович
Пәні: Қазақ тілі • Сыныбы: 5
Сабақ тақырыбы: Антонимдер
Бұл сабақта оқушылар антоним сөздер туралы негізгі түсінік алып, оларды омоним және синоним сөздермен салыстыра білуге үйренеді.
Мақсаты
- Антоним сөздер туралы мағлұмат беру.
- Омоним және синоним сөздермен салыстыра білуге үйрету.
- Сөздерді сөйлеу тәжірибесінде орынды қолдануға бағыттау.
Күтілетін нәтиже
- Антонимдер туралы білім қалыптастырады.
- Антонимдерді омоним және синонимдермен салыстырады.
- Сөз мағынасына қарай күнделікті өмірде қолданады.
Керекті жабдықтар
Проектор, ресурстар, түрлі түсті стикерлер.
Сабақ кезеңдері
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Сергіту сәті.
- «Шаттық шеңбері» тренингі: бір-біріне тілек айту арқылы жағымды атмосфера қалыптастыру.
- Оқушыларды 3 топқа бөлу және топтарға орналастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау
«Ыстық орындық» әдісі арқылы. Үй тапсырмасы: 83-жаттығу — көп нүктенің орнына бір-бірімен синоним болатын сөздерді қойып жазу.
Бағалау
«Қолпаштау» тәсілі арқылы ынталандыру және кері байланыс беру.
Үй тапсырмасын бекітуге арналған сұрақтар
Әр топтан кезекпен үш оқушы шығып, сұрақтарға жауап береді.
- Лексика дегеніміз не?
- Сөздердің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не? Мысал келтір.
- Көп мағыналы сөздер дегеніміз не? Мысалдар келтір.
- Омонимдердің анықтамасын айт. Мысал келтір.
- Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.
- Күнделікті өмірде омоним және синоним сөздерді қаншалықты жиі қолданасыңдар?
- Синонимдер қандай белгілеріне қарай топтастырылады?
III. Жаңа тақырып: Антонимдер
Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырады. Жаңа тақырып бойынша берілген мысалдарды оқытып, оқушыларға өз бетімен ереже шығартуға бағыт береді.
Білімді мақал-мәтелдер арқылы кеңейтіп, «антоним» сөзінің шығу төркіні мен жасалу жолдары туралы түсінік қалыптастырылады.
Талқылау сұрағы
«Мысалдарға сүйене отырып қандай қорытындыға келдіңдер?»
Маңызды ескерту
Антонимдер мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды-болымсыздық мағыналар бірдей емес. Оларды салыстыра отырып ажыратып үйренеміз.
Мақал-мәтелдер арқылы антоним табу
Тақтаға жазылған мақал-мәтелдерді оқып, антоним сөздерді табамыз. Оқушыларға мақалдар кеспе қағаз ретінде таратылады, әр топ қарама-қарсы мағыналы сөздерді анықтап айтады.
- 1) Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
- 2) Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
- 3) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
- 4) Ашу — дұшпан, ақыл — дос, ақылыңа ақыл қос.
- 5) Ақылдан жақын дос жоқ, ашудан жаман қас жоқ.
- 6) Дұшпанға тастай қатты бол, досыңа балдай тәтті бол.
- 7) Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
- 8) Жаман сөз — жанға кірген тікен, жақсы сөз — таусылмайтын кен.
- 9) Күштімен алысқан әлсіз өз қолын сындырады.
- 10) Жаман сөз жылатады, жақсы сөз жұбатады.
- 11) Білімді — алтын көзі ашылатын, надан жан — қара бақыр шашылатын.
- 12) Көп сөз — күміс, аз сөз — алтын.
Болымды–болымсыздық мәнді сөздер
Төмендегі мысалдар арқылы болымды және болымсыздық мағыналарды ажыратуға назар аударамыз.
- 1) Мал сақтама, ар сақта.
- 2) Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.
- 3) Атаңның баласы болма, адамның баласы бол.
- 4) Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар.
- 5) Ердің өзіне қарама, сөзіне қара.
- 6) Білімді білімсіздің мыңын жеңер.
- 7) Піл күшті емес, тіл күшті.
- 8) Көп сөйлеген әрдайым жақсы емес.
Негізгі бөлім: Топтық тапсырмалар
Топтар сөз таптарына қарай антоним жұптарын анықтап, мысалдарды талдайды.