Балалар мынау қандай құс

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға дыбыстардың жіктелуі, дауыссыз дыбыстардың түрлері мен жасалу жолдары туралы толық мағлұмат беру.

Тәрбиелік

Сауаттылыққа, көркем жазуға және талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Ойлау қабілеті мен шығармашылық белсенділікті дамыту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Сәлемдесу.
  2. 2 Психологиялық дайындық: «Жүректен жүрекке». Оқушылар бір-біріне жүрек ұсына отырып, жақсы тілектер айтады. Жақсылық тілеу мен жақсылық жасау — өзіңе қайта оралатын құндылық екені түсіндіріледі.

II. Өткен тақырыптарға шолу

  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Әріп дегеніміз не?
  • Дыбыс нешеге бөлінеді?
  • Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

III. Жаңа тақырып: дауыссыз дыбыстар

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады.

Дауыссыз дыбыстардың түрлері сызба арқылы талданады және жасалу жолдарына қарай салыстырылады.

IV. Оқулықпен және дәптермен жұмыс

Жыл мезгіліне кіріспе сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Құстардың жылы жаққа ұшуына көмектесейік: әр тапсырманы дұрыс орындасақ, жыл құстарымен танысамыз.

1-жаттығу (Тырна)

көшіріп жазу • дыбысты белгілеу • салыстыру
  1. Құстардың атын көшіріп жаз: Тырна, қырғауыл, бүркіт, бөдене, сұңқар, шүрегей, тауық, сауысқан.
  2. Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
  3. Осы құстардың қайсысы артық? Неліктен?

2-жаттығу (Қараторғай)

мәтін • жіктеу

Мәтін: «Ұя»

Ұя — құстың жұмыртқалап, балапан басатын орны. Ұяның түрі көп. Әр құс ұясын өзінше салады. Қарға ұясын ұсақ бұтақтардан жасайды. Қарлығаш ұясын саз және шөпшаламмен тұрғызады. Ал аққу еш уақытта ыстық жерде ұя тұрғызбайды.

  1. Мәтінді түсініп оқы.
  2. Қарамен жазылған сөздерден дауыссыз дыбыстарды тауып, бөлінуіне қарай топтастыр:

    Қатаң

    Ұяң

    Үнді

3-жаттығу (Аққу)

өлең • дыбыстық талдау

Өлең: «Аққулар»

Әй, аққулар, аққулар, Күз алыс па, жуық па? Неге қанат қақтыңдар, Көлдің суы суық па? Н. Айтов

  1. Өлеңді мәнерлеп оқы.
  2. Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жаса.
  3. Қарлығаш туралы білгілерің келе ме? Олай болса, 4-жаттығуға назар аударайық.

V. Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты» ойыны

Мұғалім сөз тіркесін айтады, оқушылар «ұшады/ұшпайды» деп ажыратады.

Ұшты, ұшты, ұшты — тарғақ ұшты! Ұшты, ұшты, ұшты — жарғақ ұшты! Ұшты, ұшты, ұшты — түлкі ұшты! Ұшты, ұшты, ұшты — үкі ұшты! Ұшты, ұшты, ұшты — бүркіт ұшты! Ұшты, ұшты, ұшты — іркіт ұшты! Ұшты, ұшты, ұшты — үйрек ұшты! Ұшты, ұшты, ұшты — бүйрек ұшты! Ұшты, ұшты, ұшты — кекілің ұшты! Ұшты, ұшты, ұшты — кекілік ұшты! Ұшты, ұшты, ұшты — қызғыш ұшты! Ұшты, ұшты, ұшты — сызғыш ұшты!

4-жаттығу (Қарлығаш)

Мәтін: «Қарлығаш»

Қарлығаш — әнші торғайлар тобының тұқымдасы. Дене бітімі ерекше сымбатты. Қарлығаш өте жақсы ұшады. Тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы онша қатты емес. Қарлығаш ұясын сазбалшықтан жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады. Қорегі — ұсақ жәндіктер.

  1. Мәтінді түсініп оқы.
  2. Қарамен жазылған сөздерді бөлінуіне қарай топтастыр.
  3. Қарлығашқа байланысты тыйым сөзді айт.

VI. Қорытынды

«Сөз ойла, тез ойла»

«Қарлығаш» сөзіндегі әріптерден жаңа сөздер құрастыр.

VII. Үй тапсырмасы

  • Дауыссыз дыбыстардың түрлері.
  • 5-жаттығу, 40-бет.

VIII. Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар өз деңгейіне сай бағаланады.

IX. Сабақты аяқтау

Сабақ Н. Тілендиевтің «Құстар әні» шығармасымен түйінделеді.

Осы сабақта не айқын көрінеді?

Құрылым

Ұйымдастыру → қайталау → жаңа тақырып → жаттығулар → сергіту → қорытынды → үй тапсырмасы.

Тәжірибеге жақындық

Құстар тақырыбы арқылы оқылым, жазылым және дыбыстық талдау табиғи контексте біріктіріледі.