Аспаптық музыканың түрлерін ата

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы

Ақтан жырау негізгі мектебі

Музыка пәні мұғалімі: Шамбаева Ақбота Боранбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Оркестр

Білімділік

Оркестр туралы мағлұмат беру, оркестр түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылығын және есте сақтау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Балалардың қазақтың аспаптық өнеріне қызығушылығын арттыру.

Көрнекілік

  • Күй жазылған диск
  • Сөзжұмбақ
  • Кесте
  • Тірек сызба

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

а) Сәлемдесу және түгендеу

Оқушылармен амандасу, қатысушыларды белгілеу.

ә) Психологиялық дайындық — «Тілек шамы»

Оқушылар шамды бір-біріне ұсынып, жылы лебіз бен жақсы тілек айтады.

II. Үй тапсырмасын сұрау — «Кубизм» әдісі

  1. 1) Аспаптық музыка дегеніміз не? — Арнайы музыкалық аспаптарда орындау үшін жазылған шығарма.
  2. 2) Аспаптық музыканың неше түрі бар? — Жеке аспаптық, ансамбльдік және оркестрлік.
  3. 3) Халық музыкасының аспаптық түріне нені жатқызамыз? — Күй.
  4. 4) Аспаптық музыканың ең күрделі түрлерін ата. — Симфония, соната.
  5. 5) Симфониялық музыканы қандай аспаптар орындайды? — Үлкен аспаптар тобынан құралған оркестр орындайды.
  6. 6) Аспаптық музыканың түрлерін ата. — Концерттік шығармалар, аспаптық ансамбльдер.
  7. 7) Соната дегеніміз не? — Фортепиано, скрипка сияқты белгілі бір аспапқа арналған, бірнеше бөлімнен тұратын музыкалық шығарма.

III. Үй тапсырмасын бекіту

Сұрақ 1

Аспаптық музыка дегеніміз не? — Арнайы музыкалық аспаптарда орындау үшін жазылған шығарма.

Сұрақ 2

Аспаптық музыканың ең күрделі түрі қандай? — Симфония, соната.

IV. Жаңа сабақ

Сөзжұмбақ: қазақ халық аспаптары

Шаңқобыз Шертер Ішек Жетіген Сыбызғы Асаяқ Домбыра
  1. 1) Тілшесін саусақпен шалып тарту арқылы ойналатын музыкалық аспап.
  2. 2) Үш ішекті шертіп ойнайтын аспап.
  3. 3) Ішекті аспаптардың негізгі бөлігі.
  4. 4) Көп ішектен тұратын музыкалық аспап.
  5. 5) Қурайдан жасалатын аспап.
  6. 6) Сілкіп ойналатын аспап.
  7. 7) Халқымыздың көне шежіресі атанған музыкалық аспап.

Негізгі ұғым

Оркестр — музыкалық шығарманы әртүрлі аспаптарда бірлесе орындайтын музыканттар ұжымы. Оркестрді дирижер басқарады.

Оркестр түрлері

Симфониялық оркестр

Ішекті, үрмелі, ұрмалы және өзге де аспаптар тобына сүйеніп, классикалық көлемді шығармаларды орындайды.

Ішекті аспаптар оркестрі

Негізінен ішекті аспаптардан құралған ұжым.

Үрмелі аспаптар оркестрі

Тек үрмелі аспаптардан құралады; көбіне салтанатты шаралар мен мерекелерде орындалады.

Камералық оркестр

Құрамы шағын, дыбыс бояуы жинақы ұжым.

Эстрада оркестрі

Эстрадалық бағыттағы шығармаларды орындайтын ұжым.

Халық аспаптар оркестрі

Халық музыкасы мен классикалық шығармаларды халық аспаптарымен орындайды.

Симфониялық оркестр неге күрделірек?

Музыкалық аспаптардың құрамы (ішекті, ысқылы, үрмелі, ұрмалы) және дыбыс бояуының байлығы жағынан симфониялық оркестр басқа оркестрлермен салыстырғанда күрделірек келеді.

Қазақстандағы оркестр өнерінің қысқаша тарихы

Қазақстанда алғашқы кезеңде тек үрмелі аспаптар оркестрі болды.

1943 жылы Алматы қаласында Ахмет Қуанұлы Жұбанов жетекшілігімен халық аспаптар оркестрі құрылды.

Халық аспаптар оркестрінің ерекшелігі

Бұл оркестрдің басым бөлігі халық аспаптарынан құралады:

  • Домбыра (прима)
  • Қобыз
  • Қылқобыз
  • Шаңқобыз
  • Қоңырау
  • Жетіген
  • Сазсырнай
  • Үскірік
  • Шыңдауыл
  • Дабыл
  • Даңғыра
  • Шертер

Тізім толық емес: басқа да аспаптар қолданылады.

Бүгінгі таңда жұмыс істейтін оркестрлер (мысалдар)

  • Халық аспаптар оркестрі
  • Симфониялық оркестр
  • Қазақ теледидары мен радиосының эстрадалық-камералық оркестрі
  • «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі
  • Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптар оркестрі
  • Қазақ академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі
  • Қазақ академиялық драма театрының оркестрі
  • Өңірлердегі көркемөнерпаздар оркестрлері

Анықтамалар

Оркестрлеу

Музыкалық шығарманы оркестрге лайықтап жасау (аспаптау).

Симфониялық оркестр

Классикалық көлемді шығармаларды ішекті, үрмелі, ұрмалы т.б. аспаптарда орындайтын ұжым.

Үрмелі оркестр

Тек үрмелі аспаптардан құралған ұжым. Көбіне салтанатты шаралар мен мерекелерде ойнайды.

Құрамы: труба, тромбон, бас, саксофон, флейта және т.б.

V. Сергіту сәті

А. Жұбановтың «Ақ көгершін» шығармасына сергіту жаттығулары орындалады.

VI. Оқулықпен жұмыс (сурет бойынша)

  1. 1) Қандай оркестр бейнеленген?
  2. 2) Музыканттар қандай аспаптарда ойнап отыр?
  3. 3) Оркестрді кім басқарып тұр?

VII. Музыка тыңдау

Шығарма

Құрманғазының «Адай» күйі. Күй еркіндік сүйген елдің рухын, халық ерлігін бейнелейді.

Тыңдалым сұрақтары

  1. 1) Күй қандай екпінде орындалды? — Жылдам.
  2. 2) Қандай аспаптың үні басым естіледі? — Домбыра.
  3. 3) Күйдің композиторы кім? — Құрманғазы.
  4. 4) Күйді қандай оркестр орындады? — Халық аспаптар оркестрі.

VIII. Дәптермен жұмыс

Оқулықтағы кестені толтыру арқылы оқушылар оркестр құрамына кіретін музыкалық аспаптарды еске түсіреді.

Оркестр түрлері Оркестр құрамындағы аспаптар
Халық аспаптар оркестрі Домбыра (прима), қобыз, сырнай, жетіген, қылқобыз
Симфониялық оркестр Ішекті, үрмелі, ұрмалы
Үрмелі оркестр Труба, тромбон, бас, саксофон, флейта

Мағынасын ашу

«Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы» — жақсы ұстаздан тәлім алған адамның мінез-құлқы, дағдысы да орнықты болады.

IX. Шығармашылық жұмыс

Оркестр құрамына кіретін өзіңіз ұнататын музыкалық аспаптың суретін салыңыз.

Сол аспап қай оркестрдің құрамына кіретінін анықтап жазыңыз.

Қорытынды

Бекіту сұрағы 1

Оркестр дегеніміз не? — Музыкалық шығарманы әртүрлі аспаптарда бірлесе орындайтын музыканттар ұжымы.

Бекіту сұрағы 2

Оркестрдің қандай түрлері бар?

  • Симфониялық оркестр
  • Үрмелі аспаптар оркестрі
  • Камералық оркестр
  • Эстрада оркестрі
  • Халық аспаптар оркестрі
  • Ішекті аспаптар оркестрі

Үй тапсырмасы

«Оркестр» тақырыбын мазмұндап келу.

Бағалау

Өзін-өзі бағалау (парақша таратылады).

Ескерту: «Толық нұсқасын жүктеу» сілтемесі материал көзіне байланысты қосымша беріледі.