Сабақты бекіту. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы: Азот. Азоттың табиғаттағы айналымы

Химия • 9-сынып

Білімділік мақсаты

Оқушыларға азоттың маңызы, табиғаттағы айналымы және тіршілік процестеріндегі рөлі туралы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты

Сараптау, жинақтау және химиялық ұғымдарды өзара байланыстыра білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін, ынтымақтастықты сақтауды және алғырлық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Баяндау
  • «Жапсырмалы үйлер»
  • «Аудармашы»
  • Сәйкестендіру
  • «Сандар сөйлейді»

Көрнекіліктер

Кеспе қағаздар Магниттер Видеоматериал Маркерлер

Сабақтың құрылымы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2 Үй тапсырмасын тексеру
  3. 3 Жаңа сабақ
  4. 4 Сабақты бекіту
  5. 5 Үй тапсырмасы
  6. 6 Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі

Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық!

  • Оқушылармен амандасу
  • Кезекшінің мәліметі
  • Сабаққа назар аударту

Үй тапсырмасын тексеру

Тексеру түрі: «Жапсырмалы үйлер»

Сұрақтар

  1. 1 Күкірттің физикалық қасиеттері қандай?
  2. 2 Күкірт құрамы бойынша нешеге бөлінеді?
  3. 3 Алюминий үшін сульфит, сульфат және сульфид бойынша есептеулер орында.
  4. 4 Кальций үшін сульфит, сульфат және сульфид бойынша есептеулер орында.

Жұмбақтар және «мекенжай» сұрағы

Қыздырып соқсаң иленеді,
Балға мен төстен именеді.

Жауабы: темір (Fe)

Сырттай ұқсас малтаға,
Қаламның бұл ғажабы.
Мектептегі тақтаға,
Сүттей ақ қып жазады.

Жауабы: бор (CaCO3)

«Мекенжай»: Менделеев қалашығы, Бейметалдар ауданы, Негіздер көшесі, 14-үй, 7-пәтерде тұратын элементті ата.

Жаңа сабақ: азот туралы негізгі деректер

«Сандар сөйлейді» тәсілі арқылы элементтің паспортын құрастыру.

Элемент паспорты

Таңбасы
N
Молекулалық формуласы
N2
Реттік нөмірі
7
Салыстырмалы атомдық массасы
14

Азоттың табиғатта таралуы

Азот — табиғатта өте кең таралған элементтердің бірі. Жер бетіндегі негізгі түрлері: литосферадағы байланысқан азот және атмосферадағы молекулалық азот. Алайда атмосферадағы бос азотты (N2) өсімдіктер өздігінен тікелей сіңіре алмайды.

Табиғаттағы айналымының логикасы

  1. 1 Органикалық заттар шірігенде азоттың бір бөлігі аммиакқа айналады.
  2. 2 Топырақтағы нитрлеуші бактериялар аммиакты азот қышқылына дейін тотықтырады.
  3. 3 Топырақтағы карбонаттар (мысалы, CaCO3) қышқылмен әрекеттесіп, нитраттардың түзілуіне ықпал етеді.
  4. 4 Нитраттар өсімдікке сіңіп, әрі қарай тірі ағзалардағы зат алмасу тізбегіне қосылады.
  5. 5 Шіру барысында азоттың бір бөлігі атмосфераға бос күйінде қайта бөлінеді.

Табиғи жағдайда топырақтағы байланысқан азоттың мөлшері біржақты кемімейді: айналым үздіксіз жүріп отырады. Атмосферадағы бос азот та әртүрлі себептермен толықтырылады. Мысалы, ағаш, шымтезек (торф), таскөмір жанғанда және органикалық заттар шірігенде азот атмосфераға бөлінеді.

Сабақты бекіту және авторлық белгі

Орны

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Есет ауылы, Сарыбұлақ негізгі мектебі

Пән мұғалімі

Химия және география пәні мұғалімі: Сайынова Гүлім Әлімқызы