Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың
Қоштасу ертеңгілігі: мектепалды даярлық тобынан мектепке қадам
Тәрбиеші қонақтарды жылы қарсы алып, ата-аналарға, ұстаздарға және оқушыларға алғыс білдіреді. Бүгін біз мектепалды даярлық тобымен қоштасып, бүлдіршіндерімізді «Жолың болсын, балдырған!» деп мектепке шығарып саламыз.
Тәрбиешінің сөзі
«Айналайын балалар, сендерде ой да, сана да бар. Өздеріңнен өнерлі де дана ұрпақ өседі. Бойларың да өсті, ойларың да өсті. Қуаныштарыңа ортақпын — құтты болсын тойларың!»
«Жақсы білім — көрімдік. Не үйрендік, не білдік — кәне, ортаға салайық!»
I. Вальс
Даярлық топ түлектерінің вальсі орындалады.
II. Оқушылардың өлеңдері
Алмат
Айтып шаттық өлеңін,
Алақай дер күн бүгін!
Түсіндіріп себебін,
Айтар екен кім бүгін?
Ақниет
Қуанышты көңілді,
Нағыз жақсы мереке.
Дайындық топ түлектерін,
Шығарып салмақ мектепке.
Нұрислан
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби кездерім.
Би биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
Нұрдана
Көп-көп күндер қатарынан —
Күзде де, қыста да,
Қалмай келіп жүрдік біз,
Сүйікті мектеп алдына.
Ә. Темірлан
Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін.
Алғашқы топты қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.
Зухра
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам болып шығарымыз.
Таза сәби жүрекпен,
Айтамыз сізге мың алғыс.
III. Ән
Ән: «Мұғалім — ол біздің»
Ертегідегі Аю әннен кейін ризашылығын білдіріп, бауырсақты жемейтінін айтады.
Ертегі қойылымы: «Бауырсақ»
Рөлдер
- Автор: Шұғыла
- Бауырсақ: Әліби
- Шал: Бекжан
- Кемпір: Унзиля
- Аю: Перизат
- Қоян: Дильназ
- Қасқыр: Т. Темірлан
- Түлкі: Зухра
Қойылымнан үзінді
Автор
Ерте, ерте, ертеде шал мен кемпір болыпты. Бір күні шал кемпіріне:
Шал
«Кемпірім, бауырсақ пісірші.»
Кемпір
«Ұн жоқ.»
Автор
Кемпір қаптың түбін қағып алып, бауырсақ пісіреді. Піскен бауырсақты суыту үшін терезе алдына қояды. Ал бауырсақ домалап түсіп, қашып кетеді.
Аю
«Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!»
Бауырсақ балалармен бірге ән айтып береді, Аю разы болып, оны жіберіп қояды.
Қоян
«Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!»
Бауырсақ әріптер туралы тақпақтар айтып, Қоянды да көңілдендіреді.
Қасқыр
«Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!»
Бауырсақ сандар туралы тақпақтар айтып, Қасқырдан да құтылады.
Түлкі
«Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!»
Түлкі бауырсаққа тапсырмалар беріп, ойын ойнатады. Соңында ән арқылы түлкінің де көңілі көтеріліп, бауырсақ аман қалады.
IV. Әріптер туралы тақпақтар
- Т. Темірлан: «А — А дегенің ана ғой, Ана деген дана ғой.»
- Балауса: «Ә — Әжем әнге басады, Әтеш ұйқы ашады.»
- Ернар: «Б — Б дегенің бала ғой, Жұмсаса апаң бара ғой.»
- Айым: «Г — “гу” деп алғаш бөбектер, Гуілдейді ақырын.»
- Ақжол: «Ғ — Ғалым, ғылым, ғасырды Ғ — білімге асырды.»
- Дильназ: «Д — Дүлділ аттар баптаған, Дәркенді жұрт мақтаған.»
- Бекжан: «Е — Елге есті ер керек, Ер жет, өсіп ертерек.»
- Аяулым: «Ж — Жыр алыбы Жамбыл ата, Ардақтайды оны бала.»
- Әдемі: «З — Зауза ұшады зыңылдап, Зымыранша зырылдап.»
- Эльдар: «И — Ирина енді іздейді, “Инженер мына біз” дейді.»
V. Сандар туралы тақпақтар
1 — Білім
Камила: «Бір дегенім — білім, Төрт пен беске ілін. Алып жүргін, балам, Мұғалімнің тілін.»
2 — Еңбек
Бекарыс: «Екі дегенім — еңбек, Еңбекпен іс өнбек. Жалқау болсаң, балам, Бар қиындық төнбек.»
3 — Үміт
Шұғыла: «Үш дегенім — үміт, Жайдары жүр, күліп. Тентек болсаң, балам, Қиындық көп төндік.»
4 — Төзім
Аида: «Төрт дегенім — төзім, Төзімді бол өзің. Асықсаң, балам, Мәнсіз болар сөзің.»
5 — Ақыл
Аяужан: «Бес дегенім — ақыл, Бол ақылды, батыр. Атаң не айтса, балам, Құп алғаның мақұл.»
Жұмбақ-сан
Мағжан: «Мен өзімді қатарға, Бестен кейін қоямын. Басым бірден басталып, Нөлмен бітер аяғым.»
7 — Жеңіс
Перизат: «Жеті деген — жеңіс, Тұр алдыңда көп іс. Тым ұзаққа созбай, Орындап шық тегіс.»
8 — Сенім
Айбек: «Сегіз дегенім — сенім, Сенсін саған елім. Оны да ойла, балам, Ақталмайды тегін.»
9 — Сақтық
Унзиля: «Тоғыз дегенім — тоқташы, Қазулы бол шоқтан. Сақ болғайсың, балам, Тілсіз жауың — оттан.»
10 — Оқу
Әліби: «Он дегенім — оқу, Қажет емес қорқу. Білгеніңді, балам, Көңіліңе тоқу.»
VI. Тапсырмалар
Түлкі қоржыннан асық алып, нөміріне сәйкес тапсырма береді. Балалар жыл бойғы білімін көрсетеді.
- Ай аттарын ата
- Күн аттарын ата
- Мақал-мәтел айт
- Жұмбақ айт
- 1-ден 10-ға дейін тура сана
- 1-ден 10-ға дейін кері сана
- Төрт мезгілді ата
VII. Ойын: «Мерген»
Мақсаты
Тез ойлап, тез жауап беруге үйрету.
Шарты
Оқпен шарды атады. Жарылған шардың ішіндегі сұраққа жауап береді.
Сұрақтар
- Көлден ұшты төрт қаз, қайтып қонды екеуі. Ұшып кетті нешеуі? (Жауабы: 2)
- Дыбыстар қандай түрлерге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар қандай түрлерге бөлінеді?
- Табиғатты қорғауға өз үлесіңді қалай қосасың?
- Маратта 5 іні, Мұратта 2 іні. 5 пен 2-ні қоссаң нешеу болады? (Жауабы: 7)
- «Хат» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
- «Елік» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
VIII. Ән
Ән: «Ұстазым»
Әннен кейін Түлкі де ризашылығын білдіріп, бауырсақты жемейтінін айтады.
Қорытынды сөз
«Айналайын гүлдерім, айым менің, күнім менің. Сендердің тілдерің де, қылықтарың да — көңілге жақын, естен кетпес. Болашақ — сендердікі. Озат болып оқыңдар, білімді бойға тоқып, үлкен өмірге нық қадам басыңдар.»
Осымен «Жолың болсын, балдырған!» атты мектепалды даярлық топты бітіруге арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Ендігі сөз кезегін мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасарына береміз.
Ата-аналарға сөз
«Ата-ана тәрбиелеп балапанын, әлдилеп аялаған алақанын. Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар, ойлауменен алдағы бала қамын…»
Ата-аналар жылы лебізін білдіреді.
Алғыс
Келгендеріңізге көп рақмет. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!