Ойын барысы

Сабақ туралы мәлімет

Тақырыбы

Информатикалық жарыс

Әдісі мен түрі

  • Сабақтың әдісі: ойын әдісі
  • Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Мақсаты

  • Оқушылардың алған білімдерін пысықтау.
  • Спортқа деген қызығушылық пен көзқарасты күшейту.
  • Топтық жұмысты насихаттау.
  • Бір-біріне деген сенімді арттыру.

Пәнаралық байланыс

Математика Ағылшын тілі Дене шынықтыру

Көрнекіліктер

Доптар Теннис шариктері Қаптар Карточкалар Плакаттар Жіп Маркер Қалам Қасықтар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу.

Бүгінгі ойын төрінде, информатика еліне алгоритм тілінде есеп шешіп жарысып, шабыттанып, көңілді ойын өткізетін боламыз!

Құрметті ұстаздар және оқушылар! Информатикалық жарысқа қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымыз Сочи қаласында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына арналады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, салауатты өмір салтын ұстану бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі.

Жарыс құрылымы

Жарыс бірнеше турдан тұрады. Әр турда қатысушылар білім мен шапшаңдықты, логика мен командалық үйлесімділікті көрсетеді.

  1. 1

    Таныстыру

    Командалар өз атауын және ұранын айтады.

  2. 2

    Бой сергіту

    Баскетбол добымен барып, тапсырманы орындап, қайта келіп допты келесі ойыншыға тапсырады.

  3. 3

    Кім жылдам

    Қасыққа салынған теннис шаригімен жүгіріп барып, тапсырманы орындап, кері жүгіріп келеді.

  4. 4

    Программист

    Бағдарламалау дағдыларын көрсететін тапсырмалар.

  5. 5

    Фристайл

    Шығармашылық және еркін форматтағы сайыс.

  6. 6

    Кенгуру

    Логикалық және жылдам есептер топтамасы.

Ал, құрметті халайық, жарысты енді көріңіздер. Әділқазылар алқасы әділ баға берсін.

Қазылар алқасы

Мекебаев Шохан

ДТЖО, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Мадиярова Айгүл

Информатика пәнінің мұғалімі

Қошманова Динара

Информатика пәнінің мұғалімі

Ойын барысы: тапсырмалар

II тур — Бой сергіту

Қатысушы баскетбол добымен белгіленген нүктеге дейін барып, тапсырманы орындайды. Содан соң кері қайтып, допты келесі ойыншыға тапсырады.

Тапсырма: Pascal операторларын жазыңыз

Қазақша нұсқа

Тақырып операторы
Program
Айнымалылар бөлімі
Var
Басы және соңы
Begin, End
Енгізу
Readln
Шығару
Writeln

Русский вариант

Оператор заголовка
Program
Оператор объявления переменных
Var
Операторы начала и конца
Begin, End
Оператор ввода
Readln
Оператор вывода данных
Writeln

III тур — Кім жылдам

Қатысушы қасыққа қойылған теннис шаригін түсірмей жүгіріп барып, тапсырманы орындайды. Кейін кері қайтып, эстафетаны келесі ойыншыға тапсырады.

Тапсырма: блок-схемаға қажетті блоктарды атаңыз

Блок-схема құру үшін қолданылатын негізгі блоктарды жазыңыз және суретін салыңыз.

Назар аударатын тұс

Жауапта блоктардың атауы ғана емес, олардың пішіндері де көрсетілуі керек (мысалы: бастау/аяқтау, енгізу/шығару, процесс, шарт, байланыс сызықтары).