Сыпыра жырау

Тақырыбы: «Білгірлер отауы»

Бұл материал қазақ тілі мен әдебиеті пәні аясында өткізілетін сыныптан тыс білім сайысының мазмұнын жүйелейді. Мақсат — оқушылардың білімін жинақтап, ойлау мәдениетін дамытып, тіл мәртебесін қадірлеуге жетелеу.

Білімділік мақсаты

Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша алған білімдерін жүйелеу, өз пікірін қалыптастыру, өзіндік ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімді практикамен ұштастыру.

Дамытушылық мақсаты

Байқағыштық, тапқырлық, жылдамдық, ұтқырлық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; пәнге қызығушылықты күшейту.

Тәрбиелік мақсаты

Достыққа, бірлікке, өзара сыйластыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ туралы

  • Түрі: білімділер сайысы
  • Қатысушылар: 8–9-сынып оқушылары
  • Көрнекілігі: цитаталар, слайдтар
  • Әдістері: сұрақ-жауап, көрнекілік

Өту барысы

  1. IҰйымдастыру
  2. IIТоптармен таныстыру
  3. III«Білгірлер отауы» сайысы

Кіріспе сөз

Кеш жарық, құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар және сайысқа қатысушылар! Осы аптада мектебімізде Шежіре әдістемелік орталығының апталығы өтуде. Бүгін осы апталық аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Білгірлер отауы» атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылып отыр.

Қазақ тілі — өміріңде, өлеңде,
Қазақ тілі — тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды танытады әлемге.

Халқымыздың «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір», «Білегіңе сенбе, біліміңе сен» деген нақылдары — білім мен парасаттың бағасын айқындайтын өнеге. Бүгін 8–9-сынып оқушыларынан құралған екі топ — «Наз» (қыздар) және «Серілер» (жігіттер) — өз білімін ортаға салады.

Қазылар алқасы сайланып, әр айналымнан кейін ұпайлар есептеледі. Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!

I айналым — «Деректер»

Әр топ белгілі бір деректерге қатысты сұрақтарға жауап береді. Үш нұсқа оқылады. Жауапты білсе, тетікті басып, бірінші болып жауап береді.

Сұрақтар

  1. 1) «Ер Тарғын» жырында кездесетін халық данасы, жырау:

    а) Сыпыра жырау    в) Марғасқа жырау    с) Нұрым жырау

  2. 2) Әрі есім, әрі етістік мәнінде қолданылатын етістік түрі:

    а) көсемше    в) есімше    с) есімдік

  3. 3) Көркем шығармадағы кейіпкердің өзімен-өзі сырласуы, толғанысы қалай аталады?

    а) диалог    в) монолог    с) эпилог

  4. 4) Әз Жәнібек хан тұсында өмір сүрген шешен:

    а) Бөлтірік шешен    в) Қанай шешен    с) Жиренше шешен

  5. 5) Түрік қағанатының негізін қалаған қаған:

    а) Бумын    в) Елтеріс    с) Тоныкөк

  6. 6) Сөздердің дұрыс жазылуы жайлы ережелер жиынтығы:

    а) орфоэпия    в) орфография    с) пунктуация

  7. 7) Махамбеттің Исатай өліміне арнаған элегиялық туындысы:

    а) «Қызғыш құс»    в) «Исатай деген ағам бар»    с) «Мұнар күн»

  8. 8) «Арасынан қыл өтпеу» тіркесінің мағынасы:

    а) өте тату    в) жақын    с) бірге туған

  9. 9) Бастауышы мүлде жоқ сөйлем:

    а) жақты    в) жақсыз    с) жалаң

  10. 10) «Батыр Баян» поэмасындағы хан бейнесі:

    а) Жәңгір    в) Абылай    с) Уәли

  11. 11) «Қорқыт ата кітабында» неше жыр бар?

    а) 15    в) 10    с) 12

  12. 12) Қазақ жерінің дөңгелек картасын жасаған білімпаз, тілші ғалым:

    а) М. Қашқари    в) Әбу Насыр әл-Фараби    с) Ж. Баласағұни

  13. 13) Сорпаға мұз салынып ішілетін сусын қалай аталады?

    а) шалап    в) томыртқа    с) қойыртпақ

  14. 14) Көкенай — қай шығарманың кейіпкері?

    а) «Батыр Баян»    в) «Қалқаман–Мамыр»    с) «Еңлік–Кебек»

Оқу — білім, әр болашақтың шуағы,
Бейнеленген өшпейтұғын шырағы.
Дариядай шалқып, тасқан мәңгілік,
Білім, ғылым — көкте биік тұрады.

II айналым — «Дәлелдер»

Берілген тұжырымдарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріп, қысқаша дәлел келтіріледі. Жауапты бірінші болып берген топ ұпай алады.

Тұжырымдар

  1. Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар. (иә)
  2. Етістіктің 4 шағы бар. (жоқ, 3)
  3. Қазақ әліпбиінде 25 дауыссыз дыбыс бар. (иә)
  4. Алғабас — Жамбылдың Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ұлының аты. (жоқ, Алғадай)
  5. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай 5-ке бөлінеді. (жоқ, 4-ке)
  6. «Диуани хикмет» — Ахмет Йассауидің еңбегі. (иә)
  7. Ұзатылар қызға берілетін мүлік «байғазы» деп аталады. (жоқ, жасау)

Тұжырымдар (жалғасы)

  1. Кереге басы мен шаңырақты ұштастыратын ағаш «бақан» деп аталады. (жоқ, уық)
  2. Айтыс халық ауыз әдебиетіне жатады. (иә)
  3. Ш. Құдайбердіұлы 1858 жылы туған. (иә)
  4. Қазақ халқының «бес арысы» 1988 жылы ақталды. (иә)
  5. Абайдың жеңгелері қойған есімі — Телқозы. (жоқ, Телғара)
  6. Тіліміздегі жаңа ұғымды білдіретін сөздер — неологизмдер. (иә)
  7. Абылай ханның шын аты — Әбілмансұр. (иә)

Арман бар ма балада ұғып өскен,
Ұстаз ойын қимылдан қыбыр еткен.
Ал сайыскерлер табады енді
Қызықтарды осынау суреттерден.

III айналым — «Бедерлер»

Бұл бөлімде көрнекілік материалдар (суреттер/слайдтар) бойынша тапсырмалар орындалады. Шарттары сайыс барысында түсіндіріледі, жауаптар бойынша ұпай қосылады.

Санамызға тәрбие боп берілсін,
Жүректерге білім болып егілсін.
Ұлттық мұра, дәстүрлердің бәрі де,
Жүректерден асып сөз боп төгілсін.

IV айналым — «Жеделдер»

Әр топқа жеке-жеке 10 сұрақтан қойылады. Алдымен жауап беру кезегі ұпайы жоғары топқа беріледі.

Қыздар тобы («Наз»)

10 сұрақ
  1. 1. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
  2. 2. Түркістан қаласының ескі атауы. (Иассы)
  3. 3. Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылатын жай сөйлем түрі. (хабарлы сөйлем)
  4. 4. Сөйлемдегі айтылатын ойдың иесі болатын тұрлаулы мүше. (бастауыш)
  5. 5. «Бармағын тістеді» тіркесінің мағынасы. (алданды)
  6. 6. А. Йассауидің ұстазы. (Арыстанбаб)
  7. 7. Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер. (антонимдер)
  8. 8. Абылай хан қайда жерленген? (Түркістан)
  9. 9. Қазақтың төл дыбысы нешеу? (9)
  10. 10. Дөрекі сөзді сыпайылап жеткізу қалай аталады? (эвфемизм)

Жігіттер тобы («Серілер»)

10 сұрақ
  1. 1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)
  2. 2. Түркі елі киелі жер, «екінші Мекке» деп таныған қала. (Түркістан)
  3. 3. Іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана білдіретін сөйлем. (атаулы сөйлем)
  4. 4. Зат есімнен болған мүшенің сын-сипатын анықтайтын тұрлаусыз мүше. (анықтауыш)
  5. 5. «Жағына пышақ жанығандай» тіркесінің мағынасы. (арық)
  6. 6. Жамбыл пір тұтқан ақын. (Сүйінбай)
  7. 7. Айтылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер. (омонимдер)
  8. 8. Аңыз бойынша Асанқайғы қайда дүние салған? (Ұлытауда)
  9. 9. Әріптердің рет-ретімен тізілген жиыны қалай аталады? (әліпби)
  10. 10. Ауызекі сөйлеуде жағымсыз эмоция мен ішкі мәдениеттің төмендігінен қолданылатын дөрекі, әдепсіз сөздер қалай аталады? (дисфемизм)

Қазылар алқасы ұпайларды есептеп, жеңімпаз топты анықтайды.

Қорытынды

Бүгінгі білім сайысы өз мәресіне жетті. «Білім — гауһар, бағасы жоқ. Надандық — кесел, дауасы жоқ» деген нақыл әрқашан жадымызда жүрсін. Бағасы жоқ байлық — білімді өмірімізге серік етіп, дауасы жоқ кесел — надандықтан аулақ болайық.

Сендерсіңдер — халқымның армандары,
Сендерсіңдер — шырақтан салған әні.
Сендерсіңдер — иесі кең даланың,
Сендерсіз бұл тірліктің жалған бәрі.

Сендерсіңдер — өмірдің жалғастары,
Аттанған алыс жаққа алғаштары.
Сендерсіңдер — қадірлі болашақтар,
Арайланған елімнің таңғы аспаны.