Гүл туралы сұрақтар

Білімділер сайысы (6–7 сыныптар)

Мақсаты

  • Оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейін және ой-өрісін анықтау әрі кеңейту.
  • Пәнге қызығушылықты ояту.
  • Топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.
  • Өсімдіктану және жануартану бойынша алған білімді жүйелеу.

Бүгінгі ұран

«Жер-Ана — ортақ үйіміз»

Бүгін адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғатты қорғау мен аялау — баршамыз үшін өмірлік қажеттілік. Жер бетіндегі әсемдік, қызық, рухани рахат пен таңғажайып көріністердің бәрі де Жер-Ана құдіретімен байланысты.

Жер-Ана туралы ой

Қасиетті Жер-Ана — алып Күнді айналып жүретін ғаламшарлардың ішіндегі ең ғажабы. Себебі жер бетінде тыныстайтын ауа, сусындайтын су, әсем өсімдіктер, алуан түрлі жануарлар және қайнаған тіршілік бар.

Жер-Ана — бүкіл адамзатқа ортақ мерекелі мекен. Әрбір жан оны ортақ үйіміз деп біліп, аялау мен қорғауды өз парызы санауы керек.

Бүгінгі сайыс Жер-Ана өсімдіктері мен жануарлар әлеміне арналады.

«Білімділер сайысы» 7 кезеңнен тұрады.

Сайыс барысы

Әділқазылар алқасы

Әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырамыз. Сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!

I кезең — «Кім жылдам?»

Жедел сұрақтар. Әр топ берілген сұрақтарға тез жауап береді.

I топ

  1. 1.Ең алғаш ұшып келетін жыл құсы — қараторғай.
  2. 2.Құйрығы айыр құс — қарлығаш.
  3. 3.Гүлдің негізгі көбею мүшелері — аталық пен аналық.
  4. 4.Өсімдіктің жер асты мүшесі — тамыр.
  5. 5.Киелі құс — аққу, үкі.
  6. 6.Ең биік ағаш — ротанг пальмасы.
  7. 7.Ең үлкен маймыл — горилла.
  8. 8.Ең ұзақ жасайтын өсімдік — секвойя.
  9. 9.Хат тасушы құс — көгершін.
  10. 10.Өсімдіктің вегетативті мүшелері — тамыр, сабақ, жапырақ.

II топ

  1. 1.Өсімдіктің генеративті мүшелері — гүл.
  2. 2.Ең кішкентай құс — колибри.
  3. 3.Ең үлкен сүтқоректі — кит.
  4. 4.Әсемдік үшін өсірілетін үй құсы — тотықұс.
  5. 5.Қорқақ жануар — қоян.
  6. 6.«Күн гүлі» — күнбағыс.
  7. 7.Ең жылдам жүгіретін аң — гепард.
  8. 8.Жасушаны алғаш сипаттаған ғалым — Р. Гук.
  9. 9.Аң патшасы — арыстан.
  10. 10.Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі — ядро.

II кезең — «Ол кім, бұл не?»

Тұлғаларды тану және ұғымдарды анықтау.

I топ

Мен кіммін?

  1. Өсімдік жасушасын зерттеуге үлкен мүмкіндік жасаған микроскопты ойлап таптық. — әкелі-балалы Янсендер.
  2. Жүйелеудің негізін қалап, ағзаларға «қосарлы атау» бердім. — Карл Линней.

Ол не?

  1. Тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық бірлік — жасуша.
  2. Жасушаны көруге болатын құрал — микроскоп.

II топ

Мен кіммін?

  1. Өсімдік қабығынан майда ұяшықтарды көріп, оны «жасуша» деп атадым (1665 ж.). — Р. Гук.
  2. Тары өсіруден жоғары өнім алған атақты диқан. — Ш. Берсиев.

Ол не?

  1. Шығу тегі, құрылысы және қызметі ұқсас жасушалар тобы — ұлпа.
  2. Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі — окуляр.

III кезең — «Сиқырлы сандар»

Үш тақырып бойынша топтамалы сұрақтар.

1 саны — Гүл

  1. Өсімдіктің көбею мүшелері: гүл, жеміс, тұқым.
  2. Тостағанша мен күлте жапырақша: гүлсерік.
  3. Ұсақ гүлдер тобы: гүлшоғыр.
  4. Гүлшоғыр түрлері: жай және күрделі.
  5. Жемістер: құрғақ, шырынды.

2 саны — Микроскоп

  1. Қарайтын затты орналастырады: заттық үстелше.
  2. Линзасы бар бөлігі: объектив.
  3. Үлкейту мүмкіндігі: 100–2000 есеге дейін.
  4. 3–5 есеге үлкейтетін құрал: ұлғайтқыш (қол әйнегі).
  5. Бөлімдері бекітілетін тірек: табан.

3 саны — Балдырлар

  1. Жасушаға түс беретін: хроматофор.
  2. Өкілдері: хлорелла, хлорококк, хламидомонада, порфира, плюмария, саргассум, ламинария.
  3. Қағаз өндірісінде қолданылатын жасыл балдыр: кладофора.
  4. Ғарышқа ұшырылған біржасушалы жасыл балдыр: хлорелла.
  5. Балдыр денесі: таллом.

IV кезең — «Ойлан, тап»

Берілген тізімнен артық (немесе жетіспейтін) ұғымды анықтау.

I топ

Микроскоп бөлімдері

Бұранда, тұтқа, табан, айна, заттық үстелше, окуляр, көру түтігі (объектив).

Тамыр бөлімдері

Өткізу, сору, өсу, тамыр оймақшасы (бөліну аймағы).

II топ

Гүл бөлімдері

Гүлсағақ, гүлтабан, күлте жапырақша, аталық, аналық (тостағанша жапырақша).

Өсімдік жасушасының құрылысы

Жасуша қабықшасы, ядро, вакуоль, пластидтер (цитоплазма).

V кезең — «Сандар сөйлейді»

Деректер мен көрсеткіштер арқылы білімді нақтылау.

I топ

  • Қазақстанда Қызыл кітаптың бірінші басылымы: 1978 жыл.
  • Ламинария өсетін тереңдік: 20–30 м.
  • Зеравшан аршасы жеміс береді: 50 жылда.
  • Қазақстандағы қорық саны: 9.
  • Мүктәріздестер түрі: 22 000–27 000.
  • Жер бетіндегі өсімдіктер түрі: шамамен 500 000.
  • Қазақстанда өсімдіктерге арналған «Қызыл кітап»: 1981 жыл.

II топ

Бұл кезеңде II топқа да сандық деректер бойынша сұрақтар қойылады (ұйымдастырушы сынып деңгейіне сай толықтыра алады).

VI кезең — «Ойлы болсаң, озып көр»

Топ басшыларына арналған қысқа сұрақтар.

I топ (топ басшысы)

  1. Мүктерді зерттейтін ғылым: бриология.
  2. Негізгі тамыры жақсы жетілген тамыр жүйесі: кіндік тамыр жүйесі.
  3. Аталық тозаңның аналық аузына түсуі: тозаңдану.
  4. Сабақтың жуандап өсуіне қатысатын жасушалар: камбий.
  5. Күлте мен жемістерге түрлі түс беретін пластид: хромопласт.

II топ (топ басшысы)

  1. Құрттарды зерттейтін ғылым саласы: гельминтология.
  2. Жануарлар дүниесі нешеге бөлінеді? Біржасушалы және көпжасушалы.

VII кезең — «Ой толғаныс»

Тірек белгілер әдісі: мәтінді оқып, конспект жасайды. Конспектіде сөздер мен сөйлемдер болмайды — тек суреттер мен шартты белгілер қолданылады.

I топ мәтіні

Халқымыздың ұрпағын табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін өсиеттері көп. Соның бірі — тыйым сөздер: «Көкті жұлма, таптама», «Көктемде жан-жануарларға тиіспе», «Үйге кірген жыланға ақ құйып шығар», «Құс ұясын бұзба» және т.б.

II топ мәтіні

Биология ғылымдарының адам үшін маңызы зор. Мысалы, микробиологияның дамуы медицинада, дәрі-дәрмек өндірісінде, тамақ өнеркәсібінде және ауыл шаруашылығында елеулі табыстарға жеткізді. Экология саласы табиғатты қорғаудың аса қажеттілігінен туындады. Бүгінгі ауызсу мәселесі тек су тапшылығынан емес, су қорын дұрыс пайдаланбаудан, ластаудан, орман-тоғайларды кесуден де туындайды. Ортақ үйіміз — Жерді, оның табиғатын сақтап, қорғау — бәріміздің парызымыз.

Қорытынды

Ұпайларды есептеу

Қорытынды ұпайлар есептеледі.

Марапаттау

Оқушылар марапатталады.

Негізгі ой

Жер-Ана — ортақ үйіміз. Оны қорғау — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.