Құтты қонақ

Сабақ туралы

Тақырыбы

М. Әуезов. «Ақын қонақтар» ( «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді )

Қазақ әдебиеті, 5-сынып

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдістері

  • Түсіндіру
  • Іздену
  • Сұрақ-жауап
  • Салыстыру
  • Сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың жабдықтары мен көрнекіліктері

  • Тақта
  • Суреттер
  • Кеспе қағаздар
  • Үлестірме кесте
  • Интерактивті тақта
  • Сызба
  • Семантикалық карта
  • Плакатқа жазылған сөздер

Жалпы мақсат

Білімділік

  • М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
  • Әңгімедегі ақын қонақтар мен бала Абай бейнесі туралы түсінік қалыптастыру.

Тәрбиелік

  • Оқушыларды әдеби шығарманы сүйіп оқуға баулу.
  • «Абай жолын» өнеге ету арқылы жас ұрпақты жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу.

Дамытушылық

  • Ой еркіндігін дамыту, пікірді саралай білуге үйрету.
  • Тиянақты сөйлеуге және өз бетімен ізденуге бағыттау.

Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу

Сынып төрт топқа геометриялық фигуралар арқылы бөлініп, топтарға отырғызылады.

Ынтымақтастық атмосферасы

Тарих қана, халық қана туатын алыптардың арқа тұтпас кім атын?

Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа керек болды Абай сынды ұлы ақын!

Айдың орнын баса алады күн ғана, таудың орнын баса алады шың ғана.

Ұлы ақынды тану үшін қазаққа керек болды Мұхтар сынды бір дана!

Қызығушылықты ояту

«Зымыраған сұрақтар»

Жаңа сабаққа өтпес бұрын жылдам сұрақтар арқылы оқушылардың алдыңғы білімін белсендіру.

  • Абай туралы мен не білемін?
  • Мұхтар Әуезов туралы мен не білемін?

«Ортадағы қаламсап»

Топтағы пікір алмасуды ұйымдастыру: оқушы қаламсапты алып сөйлейді, қалғандары тыңдайды.

Жаңа сабақтың міндеттері

  1. 1) «Ақын қонақтар» әңгімесінің мазмұнын меңгеру.
  2. 2) Әңгімені композициялық құрылымы бойынша талдап, мазмұндап айту.
  3. 3) Қазақ дәстүріндегі қонақ түрлерін ажыратып, таныстыру.

Әңгіменің композициялық құрылысы

Оқиғаның басталуы

Абайдың науқас күйі.

Оқиғаның дамуы

Зере мен Ұлжанның әңгімелері.

Шиеленісуі

Құтты қонақтардың келуі, жыр айтуы.

Шарықтау шегі

Барластың батасы.

Шешімі

Қонақтарды аттандыру.

Қонақ түрлері: дәстүр және мағына

Арнайы қонақ

Әдейі шақырылған ағайын-туыс, дос-жаран, көрші-қолаң, құда-құдағи, сыйлы әрі құрметті адамдар.

Құдайы қонақ

Алыс жолдан жүріп, жолда шаршап-шалдығып, көлігі болдырып немесе адасып, тынығу үшін тосыннан қонған мейман.

Қыдырма қонақ

Үйден-үйге, ауылдан-ауылға кезіп жүретін, үлкенге сәлем беріп, кішіге бата айтып, кіріп-шығып жүретін кезбе қонақ.

Қылқыма қонақ

Ауыл ішіндегі берекелі үйді аңдып, құлқынын ғана ойлап, қолына тигенін талғамай жей беретін ашқарақ, тойымсыз қонақ.

Құтты қонақ

«Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деген нақылға сай, келген үйге қуаныш пен жақсылық ала келеді деп ырымдалатын мейман.

Ерулікті қонақ

Қонысқа жаңа көшіп келген отбасын құрметтеп, ерулік асқа шақырылған қонақ.

Дәптермен жұмыс

«Түртіп алу» әдісі

Мәтінді оқи отырып, маңызды ойды қысқа әрі нақты тіркестермен жазып отыру.

Сөздікпен жұмыс

Тәуір болу
Жазыла бастау.
Елдің шабысы
Ел ішіндегі дау-дамай, қақтығыс.
Қажымай
Шаршамай.
Қош алу
Келісу.
Қан базардай
Өте көп адам, ығы-жығы.
Термелеу
Белгілі бір мақамға салып орындау.
Ұғымтал
Түсінігі мол, тез қабылдайтын.
Сүле науқас
Созылмалы дерт, ұзаққа созылған ауру.
Құлан-таза болып арылу
Толық жазылып кету.
Ырым байлау
Құрмет көрсету, жақсы ырым жасау.

Ұлттық дәстүр: бата

Бата — адал ниет пен ізгі тілекті білдіретін ұлттық дәстүр. Ол дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, сондай-ақ адам өміріндегі қуанышты сәттерде қуаныш иесіне арналып беріледі. Бұдан бөлек, халқымыз алыс жолға аттанған адамға ақ жол тілеп, қол жайып бата береді.

Батаны көбіне көпті көрген ақсақалдар, дуалы ауызды билер айтады. Ел түсінігінде бата — қысылғанда қуат, қиналғанда медет болып, істің оңға басуына дем береді әрі бәле-жаладан қорғайды деп есептеледі.

Мағынаны тану

Әдебиет теориясы: портрет

Портрет — жазушының кейіпкер бейнесін сөзбен салуы. Портретте адамның сыртқы бітімі, кескін-келбеті, жүріс-тұрысы көркем тілмен суреттеледі.

Оқулықпен жұмыс

  • Абай мен Барластың портретін мәтіннен тауып, дауыстап оқу.
  • Портреттік детальдардың кейіпкер мінезін ашудағы қызметін талқылау.