Көрші сандарды атау
Сабақтың тақырыбы
«Өткенді қайталау»
Сабақтың мақсаты
- 1-ден 10-ға дейінгі сандарды, олардың таңбалануын және құрамын қайталау; білімді бекіту және бақылау.
- Оқушылардың есте сақтау қабілетін және логикалық ойлауын дамыту.
- Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Бүгінгі сабағымыз ерекше: сыныбымызға қонақтар келді.
Сәлемдесу
Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Құрметпенен сіздерге Сәлем бердік біз.
Ұранымыз
Бір, екі, үш — Сынып іші тып-тыныш. Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз.
Ертегі желісі: «Қызыл телпек»
Балаларға сурет көрсетіледі: «Мынау қандай ертегінің кейіпкерлері?» — «Қызыл телпек» ертегісінің кейіпкерлері: Қасқыр мен Қызыл телпек.
«Мынау не?» — «Орман». Орманның шетінде Қызыл телпектің әжесі тұрады. Қызыл телпек әжесінің үйіне бара жатқанда, алдынан Қасқыр шығады.
Қасқырдың шарты
«Қызыл телпек, егер менің тапсырмаларымды орындасаң — сені жіберемін. Ал орындамасаң — сені жеп қоямын».
Қызыл телпектің өтініші
Әжеме жетуге мен асығамын, Қарашы, кедергілер тосылғанын. Жалғыз емес, қасымда достарым бар, Орындаймыз бізге бар тапсырғанын.
Әжеге жету үшін Қасқырдың тоғыз тапсырмасын орындау керек.
Тапсырмалар
1-тапсырма: Санау
1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.
2-тапсырма: Көрші сандар
Берілген санның алдындағы және кейінгі көрші сандарын атау.
3-тапсырма: Қарама-қарсы ұғымдар
Танысқан ұғымдарды еске түсіру үшін сұрақтарға жауап береміз:
- а) Жұлдыздың шашы ұзын, ал Шыңғыстың шашы қандай? (қысқа)
- ә) Ағаш биік болып өссе, шөп қандай болып өседі? (аласа)
- б) Жылқы жылдам жүрсе, тасбақа қалай жүреді? (баяу)
«Керісінше» ойыны
4-тапсырма: Себетке саңырауқұлақ жинау
Плакатта шарлардың суреті берілген: шарлардың ішінде өрнектер, астында 1-ден 10-ға дейін сан қатары орналасқан. Өрнектерді дұрыс шығарып, жауабын сызықпен сәйкестендіреміз.
5-тапсырма: Сергіту сәті
Балалар, аздап шаршаған боларсыңдар. Қане, сергіту жаттығуын орындайық:
Оңға, оңға — түзу тұр, Солға, солға — түзу тұр. Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым. Жоғары-төмен қарайық, Орнымызды табайық.
6-тапсырма: Есеп құрастыру
Есептің құрамдас бөліктерін еске түсіреміз:
- 1. Шарты
- 2. Сұрақ
- 3. Шешуі
- 4. Жауап
Есеп 1
Он асықтың үшеуін досың сұрап алады. Айтшы, сонда нешеуі өз қолыңда қалады?
Есеп 2
Табақта бес алма, қолымда екі алма. Қоссақ барлығын, болады қанша алма?
7-тапсырма: Салыстыру
Сандарды салыстырғанда қандай белгілерді қолданамыз?