Менің кішкентай бөпе кезімдегі суретім
Оқу іс-әрекетінің бағыты
Білім беру саласы
Қатынас
Бөлімі
Тіл дамыту
Тақырыбы
Өзінің отбасы туралы әңгіме құрастыру
Мақсаты мен тілдік міндеттері
Негізгі мақсат
Балаларды өз отбасы туралы жүйелі әңгіме құрап айтуға дағдыландыру, сұрақтарға толық әрі нақты жауап беруге үйрету.
Сұрақтарға жауап беру
- Сен кіммен тұрасың?
- Сенің отбасыңда кімдер бар?
- Саған кім қамқорлық жасайды?
- Анаңа қандай көмек көрсетесің?
- Әкеңе, ата-әжеңе қандай көмегің тиеді?
Сөздік қорды байыту
Сын есімдер
Етістіктер
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Көрнекіліктер
Суреттер, теледидар (экрандағы иллюстрациялар) және қосымша материалдар.
Мотивациялық кезең
Сәлемдесу және көңіл күй қалыптастыру
Біз өнерге, ұлы өнерге —
Гүл өмірге иеміз!
Елімізді, жерімізді,
Көгімізді сүйеміз!
Қонақтарға, апайларға
Басымызды иеміз!
Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Ізденіс және ұйымдастыру
Суретпен жұмыс
- Балалар, мына суретке назар аударайық. Бұл суретте кімдер бейнеленген?
- Олардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?
Дұрыс айтасыңдар: бұл — отбасы (жанұя).
Жұмбақтар арқылы отбасы мүшелерін таныту
1-жұмбақ. Өзі мейірімді, шашы ағарған. Дәмді тағам әзірлейді, тоқыма тоқиды, кешке ертегі айтып береді. Бұл — кім?
Жауабы: әже. Әже туралы тақпақ айтқызу.
2-жұмбақ. Көзілдірік киеді, кітап оқығанды ұнатады, газет қарайды. Қораға барып, малға қарайды. Зейнетақы алады. Бұл — кім?
Жауабы: ата. Ата туралы тақпақ айтқызу.
3-жұмбақ. Жер бетіндегі ең әдемі, ең ақылды, бізге ең қымбат жан. Бұл — кім?
Жауабы: ана. Ана туралы тақпақ айтқызу.
4-жұмбақ. Көлік жүргізеді, көлік бұзылып қалса жөндейді. Бұл — кім?
Жауабы: әке. Әке туралы қысқаша әңгіме құрату.
Отбасы — біздің жанұямыз. Жанұя мүшелеріне ата, әже, әке, ана, бала, қыз және тағы басқалар кіреді. Жанұя мүшелері бір-бірін сыйлайды, құрметтейді: кішілері үлкендерге ізет көрсетеді, үлкендері кішілерге қамқор болады. Сондықтан олар бір отбасы болып есептеледі.
Экрандағы суреттер бойынша әңгіме
Балалар, енді теледидарға назар аударайық.
1-сурет
Жайдардың отбасы.
Сұрақ: Бұл суретте кімнің отбасы бейнеленген?
2-сурет
Тайманның отбасы.
Тайманның үлгі жауабы
Бұл суретте менің отбасым бейнеленген. Менің жанұям үлкен: атам, әжем, әкем, анам, мен және бөпем бар. Бұл — қалада, тойда түскен сурет. Ал мынау — менің кішкентай кезімдегі суретім: ол кезде бөпем жоқ еді.
3-сурет
Ерасылдың отбасы.
4-сурет
Айқынның отбасы.
5-сурет
Інжудің отбасы.
Ойын: «Кімге не керек?»
Шарты
Экранда ата, әже, әке, ана суреттері және төменгі бөлікте әртүрлі заттардың суреттері көрсетіледі. «Кімге не керек?» дегенде балалар сәйкес затты дәл тауып, тиісті кейіпкердің тұсына апарып қояды.
Мақал-мәтелдер
Отбасы, туыстық және тәрбие туралы мақал-мәтелдер:
- 1. Ата көрген оқ жонар, әже көрген тон пішер.
- 2. Балалы үй — базар, баласыз үй — қу мазар.
- 3. Әкенің көңілі — балада, баланың көңілі — далада.
- 4. Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
- 5. Ағасы бардың — жағасы бар, інісі бардың — тынысы бар.
- 6. Өз үйім — өлең төсегім.
- 7. Ата — балаға қорған.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыспен айту
Бас бармағым — атам, үйдің данасы.
Балаң үйрек — әжем, ошақ анасы.
Ортан терек — әкем, үйдің панасы.
Шылдыр шүмек — анам, үйдің ажары.
Кішкене бөбек — мен, бәрінің базары.
Өте жақсы, бойымыз сергіп қалды ма?
Қорытынды және рефлексия
Сұрақ-жауап
- Біз бүгін немен айналыстық?
- Бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?
- Ата-әжелеріңе қандай көмек көрсетесіңдер?
- Әке-анаңа ше?
- Өздеріңнен кішілерге қандай қамқорлық жасайсыңдар?
Қорытынды өлең
Әкем, шешем және мен
Тату-тәтті тұрамыз.
Сыйластықпен, махаббатпен
Сауық-сайран құрамыз.
Мадақтау: балалардың жауаптарын қолдау, белсенді қатысқандарын атап өту.