Бүгінгі Желбіре, Жеңіс жалауы

Алматы қаласы, Алатау ауданы, №151 ЖББ мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Кадылбекова Аяужан Жалелдинқызы

Тақырыбы

«Желбіре, Жеңіс жалауы!»

Мақсаты

  • Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары және Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру.

  • Отан үшін жан қиған ата-әжелердің, соғыстан оралған және бүгінде арамызда жүрген ардагерлердің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

  • Көркем сөз бен өлеңдерді оқыту арқылы оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайту.

  • Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, туған жерді сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Сахна

Безендірілген сахна

Мультимедиа

Слайд

Безендіру

Шарлар

Материалдар

Буклеттер, газеттер

Кештің ашылуы

Сценарийден үзінді

1-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді соғыс ардагерлері, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі «Желбіре, Жеңіс жалауы!» атты кешімізге қош келдіңіздер.

Бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы — осы мектептің басшысы, ел ағасы Асхат Ошақбайұлы. Сөз кезегін ұсынамыз.

Жер жүзіне нұр шашып — Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне.
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні.

2-жүргізуші:
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс —
Қирады талай арман, көңілде қалған.

Көрініс: «Соғыс қасіреті»

Сахналық нұсқау

Мұңды әуен ойнап тұрады

Немересі

Әже, әже! Бүгін менен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағына дәрігер болып қадам басқым келеді. (Әжесін құшақтап, еркелеп күледі.)

Әжесі

Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет, балам! (Маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады.)

Сахналық әрекет

Әкесі салмақты күйде үнсіз отырып, пышағын қайрай береді. Келіні ыдыс алып келе жатып, радиодан шыққан хабарға тосылып қалады.

Радио хабарламасы

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған — Москва. Бүгін таңертең сағат 4:00-де неміс фашистері Германия мен Совет Одағы арасындағы шабуыл жасамау туралы шартты опасыздықпен бұзып, біздің еліміздің территориясына басып кірді.

(Осы сәтте «Священная война» әні естіледі. Келіннің қолындағы ыдысы түсіп кетіп, өзі жылап, бетін басады.)

Немересі

«Аттан!» — деді. Ол қазір аттанады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке, жолыңнан кешігесің.
Кеудесінде жаны бар пақырларың
Тауып жейді сенсіз де несібесін.

(Әкесін келіп құшақтайды.)

Әкесі

Тыңда, балам, тыңда, күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің —
Барлығы саған аманат.

(Қолындағы бір жасар баласын қызына ұстатады.)

Әжесі

Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келші-ау, көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.

Келін

Кебін киген — өледі,
Кебенек киген — келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей, дейді, келеді.

(Жарының соңынан жылап қалады.)

Көріністен кейін

Көрініс соңынан соғыстың жүріп жатқанын бейнелейтін деректі фильм көрсетіледі.

Монолог: «Соғыс деген…»

1-оқушы

Соғыс деген қайдан шықты?
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам есі кетіп,
Оған неге жармасты?
Бүкіл адам тарихының
Бетін неге қан басты?

2-оқушы

Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да.
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздың да.
Соғыс деген — сотқарлардың қолындағы найзасы.
Соғыс деген, соғыс деген — зұлымдықтың айнасы.

3-оқушы

Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан-жақтан —
Осылай соғыс басталды.

4-оқушы

Қиылды қанаты тәтті арманның,
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде ең сұмдық күн — ана үшін,
Майданға азаматтар аттанған күн.

Бұлт басты, ашық сәні қашты аспанның,
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте —
Боздап кеп, боздағымен қоштасқан күн.

5-оқушы

Жабады дала төсін нала қайғы —
Шын қайғы жас-кәріге қарамайды.
Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды.

Долданып, майланып тасқын әні,
Сай-сайды тастарымен бастырады.
Селкілдеп, желкілдеген қамыс-құрақ
Өкіріп өзен басын тасқа ұрады.

6-оқушы

Бұлт түнеріп аспаннан,
Талмай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.

Музыкалық бөлім

1-жүргізуші: «Катюша» әні жауынгерлеріміздің жүрегіне жеңіске деген үміт отын жаққан ән. Сондықтан бұл әнді ерекше құрметтеп, сүйіп тыңдаймыз.

Би

«Катюша»

Ескертпе

Музыкалық қойылым ретінде орындалады.

Көрініс: «Майданнан келген хат»

Сахналық нұсқау

Тыл еңбеккерлері жұмыс үстінде. Кәрі-жас демей, барлығы тынымсыз еңбек етеді. Пошташы хат әкеліп кіреді.

Бала

Апа, хат келді! Әкемнен хабар келді!

Пошташы

Жиналыңдар, хат алыңдар!