Құрманғазы кім

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Құрманғазы

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Оқыту әдістері

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі

Көрнекіліктер

Құрманғазының суреті, мақал-мәтелдер, психологиялық тренинг, слайдтар

Сабақтың мақсаты

1) Рухани-танымдық мақсат

Ұлы күйші Құрманғазының шығармалары арқылы оқушылардың рухани жан дүниесін байыту, оның өмірі мен шығармашылығын таныту.

2) Оқу-танымдық мақсат

Мәтінді түсініп оқуға дағдыландыру, Құрманғазы туралы деректерді толықтыру, шығармаларына қызығушылықты арттыру.

3) Тәрбиелік мақсат

Өнерді сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу; қазақтың асыл аспабы — домбыраға және күй тартуға деген сүйіспеншілікті ояту.

Сабақтың барысы

I. Қызығушылықты ояту

Психологиялық дайындық:

Үлкендерге — сіз,

Кішілерге — біз.

Әдеппен бас иіп,

Сәлем бердік біз!

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Мәтін бойынша түсінгендерін сұрау.
  • Талдау жүргізу.

III. Өткенді бекіту

Ой қозғау: сөзжұмбақ шешу

Сұрақ Жауап
1 Тұран жерін билеген хан? Қасым
2 Өлең авторының фамилиясы кім? Жұмабаев
3 Түркістанның ежелгі атауы Тұран
4 Автордың аты кім? Мағжан
5 Қазақтың ұлы ханы Абылай
6 Қазақ батыры Наурызбай
7 Бөгенбай — қай ру? Қанжығалы
8 Қазақ батыры Қабанбай
9 Батырдың қаруы Найза
10 Қазақ палуаны Қажымұқан

Ерекшеленген әріптерден шыққан сөз:

Құрманғазы

IV. Мағынаны тану

Топпен жұмыс

  • Құрманғазы кім?
  • Құрманғазы туралы білетіндеріңді парақшаға жазыңдар.

Кластер үлгісі

Ұлы күйші Композитор Ұстазы: Ұзақ Шәкірті: Дина Күй атасы

Жұмбақ

Ұзын мойын, екі ішек,
Қатар-қатар текпішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.

Жауабы: Домбыра

Домбыра — қазақтың халық аспабы, ұлттық мұраның өзегі.

Құрманғазы Сағырбайұлы туралы қысқаша мәлімет

Туған жері

Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жиделі өңірі

Дүниеге келген жылы

1818 жыл

Жерленген жері

Астрахань облысы (Ресей), бұрынғы Шайтани батаға маңы, қазіргі «Құрманғазы төбе» атанған жер

Құрманғазы Сағырбайұлы — күйші, композитор, ХІХ ғасырдағы аса көрнекті өнер қайраткері, қазақ күй өнерінің ірі тұлғасы. Жастайынан домбыраға әуес болып, алғашқы тәлімін Ұзақ күйшіден алады. Есейе келе домбырашылық, күйшілік шеберлігін танытып, елге кеңінен танылды.

Оның күйлерінде заманның қоғамдық-әлеуметтік қайшылықтары, зорлық-зомбылыққа қарсылық, еркіндікке ұмтылыс айқын сезіледі. Құрманғазы 71 жасында дүниеден өткен.

Белгілі күйлері

  • «Ақсақ құлан»
  • «Адай»
  • «Қайран шешем»
  • тағы басқа күйлер

Шәкірті туралы

Құрманғазының шәкірті — Дина Нұрпейісқызы. Аңыз-әңгіме бойынша, Құрманғазы Динаға «Қайран шешем» күйін үйретіп отырған сәтте сырттан ат дүбірі естіледі. Құрманғазы тұтқынға алынады да, домбырасын Динаның қолына ұстатып: «Мұрамды саған тапсырамын, халқымa жеткіз» дейді.

V. Оқулықпен жұмыс

ЖИГСО әдісі

1-топ

Құрманғазының Динаға «Қайран шешем» күйін үйретуі

2-топ

«Қайран шешем» күйінің шығу тарихы туралы әңгіме

3-топ

Құрманғазының Кенжеге айтқан ақырғы өтініші

  • Мәтінді оқу және талдау.

Сөздік жұмысы

Суыт
асығыс
Кілтипандары
құпиясы
Жігері құм болды
дәрменсіз күйге түсті
Құқай
қиындық, жәбір
Шылау
жүгеннің шылбыры

VI. Ой толғаныс

«Автор орындығы» сұрақтары

  1. Құрманғазы Динаға қандай әңгіме айтты?
  2. Күйшінің әңгімесінен оның өмірі туралы нені түсіндің?
  3. Құрманғазының анасына арнап жазған күйі қалай аталады? Ол күйді қашан шығарған?
  4. Күйшіні не үшін тұтқынға алды деп ойлайсың?
  5. Құрманғазыны тұтқындап, қолын байлаған сәттегі Динаның көңіл күйін мәтіннен тауып оқы.
  6. Құрманғазының түрмеге кетердегі сөзін дауыс ырғағын келтіріп оқы.

VII. Дәптермен жұмыс

  • Құрманғазының Кенжеге айтқан ақырғы өтінішін дәптерге жазып алу.
  • Құрманғазы күйлерінің атауларын толықтырып жазу.

VIII. Шығармашылық тапсырма

1-топ

«Домбыра» сөзіне бес жолды өлең құрастыру.

2-топ

Төрт шумақ өлең құрастыру.

Қазақтың қара домбырасы,
Күмбірлетіп күй шертеді.
Күй атасы — Құрманғазы,
Мәңгі есте сақталады.

IX. Үй тапсырмасы

  • Құрманғазының өмірі мен шығармашылығы туралы реферат жазу.
  • Мәтінді түсініп оқу.

X. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, топтық жұмыстағы белсенділігі, мәтінді түсінуі және шығармашылық тапсырмаларды орындауы бойынша бағалау жүргізіледі.