Әрбір шәкіртті білім нәрін жинауға шақыратын Алғашқы қоңырау салтанатын ашу үшін сөз мектеп директоры

Алғашқы қоңырау – жаңа оқу жылының жарқын бастауы

Өмірдің бейбіт бағы – гүл. Асудан асып, асқарлы шыңға ұмтылғандай, міне, достар, тағы бір жаңа оқу жылы басталды. Жазғы демалыстың думаны артта қалып, туған жер төсін тербеткен шаттық сезіммен бір-бірімізбен қайта қауышатын тамаша сәт жетті.

Құттықтау

1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!

Бұл күн – әр баланың жүрегіне нұр құйылатын, әр ұстаздың көңілі шалқитын, әр ата-ананың мерейі өсетін қуанышты күн.

Мағынасы

Баланың білімге талпынысы мектеп табалдырығын аттаудан, тіл үйренуден, жаңа ортаға бейімделуден басталады. Осы жолға шақыратын күміс қоңырау бүгін қайта соғылады.

Салтанатты жиынға шақыру

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Білім мерекесіне арналған салтанатты жиынға қош келдіңіздер. Жаз қызығына бөленген жас өркендерді тәлімге шақыратын алғашқы қоңырау рәсімі басталмақ.

Мектепалды даярлық тобы

12 жылдық білімнің негізін қалаушы бүлдіршіндер – мектепалды даярлық тобы. Бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, құрметпен ортаға шақырамыз.

Гүлге толы өмірлер, балғын жүз бен балауса, алып-ұшқан көңілдер толқымасын қалайша. Көңіл толы нұр ағыс, менде шаттық жайдарым. Құтты болсын қуаныш, құтты болсын мейрамың!

Ұстаздары: ____________________

1 «А» сыныбы

Бүгін 1-сыныпқа қабылданатын шәкірттер үшін ұмытылмас күн. Жүздері бал-бұл жанған балғын шәкірттерімізді қошеметпен қарсы алайық.

Сынып жетекшісі: ____________________ (Қ.Р. «Білім беру ісінің үздігі»)

Орын тауып шәкірт жүрек төріңнен, сусындатқан үлкен білім көлінен. Қиялдарын тербеп шәкірт жанының, жол сілтедің өмірден орын тап деп.

1 «Б» сыныбы

Ортаға 1 «Б» сыныбын шақырамыз.

Сынып жетекшісі: ____________________ (Қ.Р. «Білім беру ісінің үздігі»)

Мектептен бір елі ажырамайсыз, жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. Көңіліңіз – жаз, мінезіңіз – көктемдей, шәкірттеріңіз еркелейтін өктемдей.

Рәсімдер мен ресми бөлім

Ту әкелу

Назар аударыңыздар! Салтанатты жиынға Қ.Р.-дың көк байрағы әкелінеді.

Әнұран

Әнұран орындалады.

Жиынды ашу

Алғашқы қоңырау салтанатын ашу үшін сөз мектеп директоры ____________________ беріледі.

Кеудесінде күмбірлеп асқақ әні, ұстазды қадірлейді жас та, кәрі. Білімнің биігіне басқан қадам алғашқы қоңыраудан басталады. Сондықтан бүгінгі күннің әсер-өрнегі жүректе мәңгі сақталады: қандай өткелден өтсек те, ұстаз сөзі әрқашан қанат береді.

Құттықтаулар мен өнер көрсету

Өнер нөмірі

2005–2006 оқу жылынан бастап Абдулхамит Райымбергеновтің «Мұрагер» бағдарламасы бойынша білім алып, қабілеттерін шыңдап жүрген жас бүлдіршіндер аудандық көркемөнерпаздар байқауында бас жүлде иеленді.

Халық әні: «Гүлдерайым»

Көркемдік жетекшісі: Айтмағанбетова Ақжан

Ресми құттықтаулар

  • Аудандық білім бөлімінің бастығы: ____________________
  • Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы: ____________________
  • «Шалқар» газетінің редакторы: ____________________

Ән шашу

Мектебіміздің әншісі ____________________ орындауында Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін қабыл алыңыздар.

Ұстазға тағзым

Сан жастың қамын шертесіз, тағдырын ойлап толғанып, әр үйдің бір еркесін үйретесіз қолына алып. Ұстазсыз жолда сөнбес күн, шәкіртсіз өмір – сусыз жер. Көрінбес ғажап еңбектің бейнетін кешіп жүрсіздер.

Құттықтау сөз 1 «А» сынып жетекшісіне беріледі: ____________________

Ел мерейі – Астана

Биыл ел тәуелсіздігінің басты тірегі, еліміздің бас қаласы – Астананың 10 жылдық мерейтойы аталып өтті. Бұл – тәуелсіздігімізді паш ететін, Қазақстанның қарқынды дамуы мен жаңаруын білдіретін мерейлі белес.

Ән: «Астанам»

Ортаға мектебіміздің Қуандықова Айымгүлін шақырамыз. Айымгүлдің орындауында «Астанам» әнін қабыл алыңыздар.

Құттықтау: 2-сынып оқушылары

Балғын бүлдіршіндерді құттықтау үшін ортаға 2-сынып оқушыларын шақырамыз (өлең оқылады).

Ер жетіп, есейгенде балапаны, арайлап атады екен дала таңы. Иіскеп маңдайынан сипалайтын, қымбат қой ата-ананың алақаны.

Ата-аналар атынан

Құттықтау сөз ата-аналар атынан Ақмамбетова Сая апайға беріледі.

Жас таланттарды қолдау

Жас талапкерлердің талантын ашу, поэзия сахнасына жолдама беру мақсатында Ақтөбе қаласында «Насихат» баспасынан Шалқар ауданы мектеп оқушыларының туындылары енгізілген «Таң нұры» атты кітап жарық көрді.

Осы кітапқа шығармалары енген оқушыларға кітапты табыс ету үшін сөз мектеп директоры ____________________ беріледі.

Ең әсерлі сәт – алғашқы қоңырау

Бүгінгі мерекенің ең қуанышты, есте қалар сәті – жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсімі.

Өлең жолдары

Сыңғырлады қоңырау, күмбірледі, аралап айлық жерді, күндік жерді. Ілесіп сол қоңырау үніменен Қазақ даласына білім келді.

Қыркүйек – Білім күнімен, аңқыған хош иіс гүлімен келіп ем, қарсы алды мектебім сүйікті қоңырау үнімен.

Қоңырау соғу рәсімі

Алғашқы қоңырауды соғу құрметі:

  • 1-сынып оқушысы: ____________________
  • 11-сынып оқушысы: ____________________

Тілек

Аялар бейбіт күн нұры, мектебім бізге жөргексің. Алғашқы қоңырау сыңғыры ән болып сені тербетсін.

Сыңғырла, қоңырау, сыңғыр қақ, жаңа оқу жылын ашқасын. Бал үнің – сырлы ырғақ, сыныпқа бізді бастасын.

Қорытынды

Туды әкету

Назар аударыңыздар! Салтанатты жиыннан Қ.Р.-дың көк байрағы әкетіледі.

Әнұран

Әнұран ойналады.

Жүрекжарды тілек

Ұстаздардың шырағы жарқырап, шәкіртке білімнің сырын ашсын. Нарықтың кедергісі асқынбасын, білімнің бұлағы тасқындасын.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, балғын жүзді шәкірттер! Білім мерекесіне арналған салтанатты жиынымыз осымен аяқталды.

Ата-ана, шәкірт, ұстаздар — құтты болсын мерекең! Шаттық ойнап әр үйде, кіре берсін берекең.