Балалар ауылы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы
Лексикадан өткенді қайталау
Сабақ түрі
Қайталау сабағы
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түрлендіріп өткізу әдісі
Көрнекіліктер
«Жеті ата» картасы, үлестірмелі материалдар, тірек-сызба

Сабақтың мақсаттары

  • Лексика бойынша бұрын алған білімді еске түсіру және жүйелеу.
  • Өткен тақырыптарды бекітіп, тапсырмаларды сауатты әрі дәл орындауға дағдыландыру.
  • Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, салт-дәстүрді тануға және «жеті атасын» білуге тәрбиелеу.

Эпиграф және сабақ идеясы

Жеті атасын білген ер,

Жеті жұрттың қамын жер.

Сабақ «Жеті ата» ауылдарына саяхат форматында ұйымдастырылады: әр «ауыл» — жеке тапсырмалар жиынтығы.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • Түсіндірме күнделік арқылы мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.

І. «Аталар ауылы»

Негізгі ұғымдарды еске түсіру.

  1. Лексика дегеніміз не?
  2. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы қалай жасалады?
  3. Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?

ІІ. «Әкелер ауылы»

Мағыналық қатынастарды салыстыру.

  1. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің ұқсастығы неде?
  2. Төзімділік сөзінің синонимін табыңдар.
  3. Қайырымдылық сөзінің антонимін табыңдар.

ІІІ. «Балалар ауылы»

Оқулықпен жұмыс және сөздік қорды дамыту.

220-жаттығу

Өлеңнен ұлттық тағам атауларын теріп жазу:

айран, ірімшік, сары май, сары уыз, ет, қазы, қаймақ және т.б.

Кесел сөзінің синонимін табыңдар.

ІV. «Немерелер ауылы»

Тіл мәдениеті және мәнерлі сөйлеу.

  1. Табу сөздер дегеніміз не?
  2. Эвфемизм мен дисфемизм дегеніміз не?
  3. Ақсаусақ сөзінің дисфемизмін табыңдар.

V. «Шөберелер ауылы»

Ойын

«Баламасын табыңдар»

  1. Лезде
  2. Әдемі
  3. Жуас
  4. Тез сөйлесу

Белсендіру

Әзіл аралас сұрақтар

  1. Қандай бала сүйкімді?
  2. Адамда арқау бола ма?
  3. Қайтсең тегін ішесің?
  4. Кім күлкіге, кім ұйқыға тоймайды?

VІ. «Шөпшек ауылы»

Карточкамен жұмыс.

VІІ. «Немене ауылы»

  • Сабақты бекіту.
  • Бағалау.
  • Үй тапсырмасы: 226-жаттығу.

Автор туралы

Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бегалы ауылы — Бегалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Избасова Салтанат Абатқызы.

Сабақ форматы

«Жеті ата» ауылдарына саяхат

Қайталау мен бекітуге арналған құрылымды тапсырмалар.