Көктем айларындағы мерекелерді атау

Бөрлі негізгі орта қазақ мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Майманов Нұрқан Жаныбекұлы

Сабақ тақырыбы

Қасым Аманжолов. «Көктем»

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылар Қасым Аманжолов туралы мағлұмат алып, «Көктем» өлеңінің мазмұны мен мағынасын түсінеді; өлеңдегі негізгі ойды ашып, қорытынды жасай білуге үйренеді.

Дамытушылық

Есте сақтау, талдау, салыстыру, өз бетінше ойлау, қорытындылау дағдылары дамытылады.

Тәрбиелік

Табиғатты аялауға, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиеленеді.

Сабақ түрі мен ресурстар

Ұйымдастыру

Типі:
Жаңа білімді меңгеру
Түрі:
Аралас сабақ
Әдісі:
Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, топтастыру, ойын, шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Көрнекіліктер

  • Оқулық
  • Көктем мезгіліне байланысты суреттер
  • Қасым Аманжоловтың портреті

Сабақтың барысы

I. Психологиялық дайындық

  • Сәлемдесу.

II. Қызығушылығын ояту

Үй тапсырмасын тексеру

  1. Сыныпты үш топқа бөлу. «Бейнені тап» ойыны.
  2. Белгісіз бөліктерде жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы бейнені құрастыру және үй тапсырмасын тексеру.
  3. Үй тапсырмасын қорытындылау.

1-топ сұрақтары

  • а) Тұңғыш ғарышкер кім? Ол қашан ұшты?
  • ә) Ақын Гагариннің «ақ жолын» неліктен «ала бөтен» дейді?

2-топ сұрақтары

  • а) Гагариннің жерге қайтып келе жатқан сәтін ақын қалай суреттеген?
  • ә) Ақын Гагариннің жерді сүйетінін, қадірлейтінін қалай бейнелеген?

3-топ сұрақтары

  • а) Ақын Гагариннің жерге оралуын қай жолдарда бейнелеген?
  • ә) Дүниежүзіне әйгілі тұңғыш ғарышкер Гагарин болса, егемен еліміздің тұңғыш ғарышкері кім?

III. Жаңа сабаққа дайындық

Сұрақ-жауап арқылы кіріспе

  • Балалар, ненің бейнесін құрастырдық?
  • Бұл гүлдер — қар ерігенде ең алғаш қылтиып шығатын бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ.
  • Ендеше топ атаулары осы гүлдермен аталады.

1-топ

Бәйшешек

2-топ

Жауқазын

3-топ

Қызғалдақ

Топтастыру: «Көктем»

Күн жылынады.
Көк шығады.
Құстар келеді.
Мал өріске шығады.
Ағаштар бүршік атады.
Сай-саладан су ағады.
Мал төлдейді.

Тапсырма

Көктем айларын атау.

Тапсырма

Көктем айларындағы мерекелерді атау (2–3 оқушы).

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Бүгін біз Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңімен танысамыз.

Автор туралы қысқаша түсінік беріледі. «Пікірлер ағашы» ойыны арқылы оқушылардың бастапқы ой-пікірлері жинақталады.

IV. Оқулықпен жұмыс

Жұмыс кезеңдері

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
  2. Жекелей оқыту.
  3. Сөздік жұмысын жүргізу.
  4. Өлеңді талдау (оқушыларға ұнаған шумақтарды оқытып, талдату).

Ойын: «Табиғат көркі»

Сұрақтарға жауап бере отырып, «даланы гүлдерге толтыру» идеясы арқылы өлең мазмұны бекітіледі.

1-топ

  • а) Өлеңде бұлақ туралы не делінген?
  • ә) Көктемде ағашта қандай өзгеріс болады? Ақын оны қалай сипаттайды?

2-топ

  • а) Өлеңде өзен туралы не делінген?
  • ә) Көктемде қандай еңбек түрлері басталады?

3-топ

  • а) Көктемгі табиғатты сипатта.
  • ә) Көкек жылдың қай мезгілінде келеді?

V. Сергіту сәті

«Көктем» әнін орындату.

VI. Шығармашылық тапсырма

1-топ

«Табиғатқа хат»

2-топ

«Көктем туралы эссе»

3-топ

«Көктем» тақырыбына 5 жолды өлең

VII. Бекіту

Ойын: «Қайта оралған құстар»

Сұрақтар арқылы өткен материал мен бүгінгі сабақтың мазмұны қорытындыланады.

  • Біз қандай бөлімді оқып аяқтадық?
  • Бөлім кімнің өлеңімен басталады?
  • Қ. Мұқышевтың өлеңі қалай аталады?
  • Қазақтың жаңа жылы қашан?
  • Бүгін кімнің өлеңімен таныстық? Өлең қалай аталады?

VIII. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы беріледі.

IX. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.