Тәуелсіздік сөздерін топтастыру

Тәрбиелік шара

Тәуелсіз ел тірегі — білімді ұрпақ

Бұл шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып, оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруды, туған ел мен жерге жауапкершілігін күшейтуді, патриоттық сезімін оятуды және ел мұрасын жалғастыратын азамат етіп тәрбиелеуді көздейді.

Мақсаты

  • Отанды сүюге, туған елге және туған жерге сүйіспеншілікті арттыру.
  • Жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
  • Патриоттық сезімді оятып, ел мұрасын жалғастырушы тұлға тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Ел таныған Елбасы туралы материалдар
  • Слайдтар, бейнематериалдар
  • Желтоқсан құрбандары туралы деректер
  • Кітап көрмесі

Шараның ашылуы

Қазақ биімен ашылып, фанфар орындалған соң ортаға екі жүргізуші шығады.

1-жүргізуші

Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және тәуелсіз еліміздің тірегі — білімді болашағы, оқушылар! Бүгін Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз ел тірегі — білімді ұрпақ» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

Биыл — үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. 1991 жылғы 16 желтоқсан — тарихымыздағы ұлы күн. Тәуелсіздік — ең басты бақытымыз. Азаттық — қазақ халқының ежелгі арманы.

1-жүргізуші

Армандарды жақындатып тым алыс,
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Ендеше, бүгінгі сайысымыздың өту тәртібімен танысайық.

Сайыстың жүру барысы

  1. I бөлім: «Бүгінгі білім — ертеңгі байлығымыз» — топқа бөлініп, постер қорғау.
  2. II бөлім: «Тәуелсіз ел тірегі — білімді ұрпақ» — сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинау.
  3. III бөлім: «Біз — Үлкен Ел, Үлкен Отбасы» — жұмбақ шешу және үш тілде аударып айту.
  4. IV бөлім: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» — Тәуелсіздікке тарту: әр топ бір өнер көрсетеді.

Бейнематериал

«Тәуелсіздікке жету жолында...» бейнеролигіне назар аударайық.

2-жүргізуші

Оқушылар, өздеріңіз көріп отырғандай, тәуелсіздік біздің жерімізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздікке 25 жыл. «Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» келген бұл күн — еліміздің әрбір азаматы үшін орны ерекше, ең басты құндылықтардың бірі. Мұндай жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы армандап, күтумен өткен.

1-жүргізуші

25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, талай қиын өткелектен сүрінбей өтті. Осы кезеңде Қазақстанды әлем танып, құрметтейтін деңгейге жеткізу жолында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін атап өтеміз. Себебі елдің тірегі — білімді ұрпақ.

Топқа бөліну

Сайыс басталмас бұрын екі топқа бөлінеміз. Топ атауы слайдтағы сөзжұмбақ арқылы ашылады: «Отан» және «Тәуелсіздік».

Бабадан қалған көрегендік,
Аманатты арқалап келіп жеткен.
Еркіндік жасында өлең өрдік.
25 жыл! Құтты болсын егемендік!

Сөзжұмбақты өте жақсы шештіңіздер. Енді әр топ берілген сөздерді топтастыру арқылы постер жасап, қорғайды.

1-топ: «Отан» постері

Отан — әрбір дала перзентінің кеудесін мақтанышқа толтыратын қасиетті ұғым. Менің Отаным — Қазақстан. Қазақстан — байтақ ел.

Бұл сөзді естігенде көз алдымызға жазық дала, кілемдей құлпыра өскен көк шалғын, айдын көлде қиқулаған аққу мен қаз, отар-отар қой, құлын-тайы ойнақтаған үйір жылқы, еркін сайраған бозторғайдың үні елестейді.

2-топ: «Тәуелсіздік» постері

Тарих толқынында толқып отырып, мәртебесі биік тәуелсіздікке 25 жыл толды. Ата-бабамыз азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді, бірақ ешқашан мойымады — күресе білді.

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақ құрамындағы елдер тәуелсіз мемлекет ретінде жеке-дара өмір сүре бастады. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік және мемлекеттің егемендігі туралы» заң қабылдады.

Дерек

Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Хамза Санбаев атындағы орта мектебі. Жауапты мұғалім: Мансариева Нұргүл Темірбаевна.