Әдебиеттік оқуСабақтың тақырыбы

Сабақ тақырыбы

Бердібек Соқпақбаев — «Қамқорлық»

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Жазушының өмірі туралы білімді еске түсіріп, қосымша мәлімет беру; мәтіннің негізгі идеясын ашу; оқушының оқу дағдысын қалыптастыру.

  • Дамытушылық

    Ой-өрісті кеңейту; сөздік қорды молайту; мәтінді талдап, қорытынды шығара білуге үйрету.

  • Тәрбиелік

    Қоршаған ортаны қорғауға, аялауға баулу; әдепті, тәртіпті, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Сабақ әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, суреттеу

Көрнекіліктер

  • Автор портреті
  • Слайд
  • Суреттер

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың дайындығын тексеру, назарды сабаққа шоғырландыру.

II. Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.

III. Үй тапсырмасын сұрау

1-топ

Ертегінің мазмұнын айту.

2-топ

Ертегі бойынша сурет салу.

3-топ

Туған жер туралы мақал-мәтел жазып келу.

Талқылау сұрағы

Бұл ертегі ертегінің қай түріне жатады?

Халық ертегілері

  • Қиял-ғажайып
  • Шыншыл
  • Жан-жануарлар туралы

Әдеби ертегілер

Белгілі бір автор жазған, идеясы мен көркемдік өрнегі айқын шығармалар.

IV. Ой қозғау

Тарау тақырыбы

Табиғатым — менің өз үйім!

Табиғаттың бөліктері

  • Өлі табиғат
  • Тірі табиғат

Тірі табиғатқа кімдер жатады?

Адам және барлық тіршілік атаулы: жан-жануарлар, құстар, жәндіктер, өсімдіктер — бәрі табиғат перзенті.

Ақындар табиғатты анаға теңейді. Табиғат мейірімді ана сияқты: өзіндегі бардың бәрін адамға да, жан-жануарларға да береді. Көктемде табиғатты құстарсыз елестету мүмкін емес. Көктем айларында барлық тіршілік атаулы қарбалас кезеңін бастайды: құстар туған жерге оралып, ұя салып, балапан өргізеді; жануарлар төлдеп, ұрпақ көбейтеді.

Негізгі ой

Сондықтан бәріміз табиғат перзенттеріне қамқорлық жасауға міндеттіміз.

Сұрақ

«Қамқорлық» сөзін қалай түсінесіңдер?

V. Жаңа сабақ

Бүгінгі тақырып табиғатпен тікелей байланысты. Сабақ барысында Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінен алынған шағын үзіндімен танысамыз. Үзінді «Қамқорлық» деп аталады.

Автор туралы қысқаша мәлімет

  • Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы, қазіргі Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында дүниеге келген.
  • Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.
  • Бір жыл ауылда мұғалім болып еңбек еткен.
  • «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» басылымдарында қызмет атқарған.

Ескерту

Мәтінде көрсетілген мектеп пен мұғалім туралы жолдар автор өмірбаянынан бөлек берілген ақпарат ретінде қарастырылады.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы әкімдігінің Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі — Джубаназарова Алия.