Нұрлан Әлімжан кім

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың жас актерлері

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: кино өнеріндегі жас актерлер туралы мәлімет беру; тапсырмалар арқылы ойлауын дамытып, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
  • Дамытушылық: кино өнеріне қызығушылықты арттыру; білім, білік, дағдыларды өз бетінше қолдану іскерлігін дамыту.
  • Тәрбиелік: өз ойын еркін әрі сауатты жеткізуге үйрету; өзгелерді тыңдауға дағдыландыру; өнер адамдарын сүюге, құрметтеуге және мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша

Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, аударма, диалог
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, карточкалар
Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылықты ояту (психологиялық дайындық)

Қайырлы күн деп айтамыз,

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

Мұғалім әрекеті

  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
  • Құрал-жабдықтарын тексеру.
  • Назарды сабаққа аударту.
  • Сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы тақырып бойынша білімді сұрау, қысқа сұрақ-жауап жүргізу.

III. Жаңа сабақ

Жаңа тақырыпқа дайындық (айтылым)

Ассоциация әдісі: интерактивті тақтада кино актерлерінің суреттері ұсынылады.

Ой шақыру сұрақтары

  • Тақтада кімдердің суреттерін көріп тұрсыңдар?
  • Бұл қандай актерлер?
  • Олар туралы не білесіңдер?

Үлгі жауапқа бағыт

Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова — «Қыз Жібек» фильмінде ойнаған белгілі актерлер.

  • Құман Тастанбеков кім? Алғашқы рөлі қандай? Қандай фильмдерге түскен?
  • Меруерт Өтекешова кім? Қашан дүниеге келген? Қандай фильмдерге түскен?
  • Сенің сүйікті актерлерің кімдер?

Сондай-ақ қазақ киносына еңбек сіңірген актерлер мен режиссерлер туралы әңгіме қозғалады. Шәкен Айманов — қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі.

Оқушылар Қазақстанның жас актерлерін атап, өз ойларымен бөліседі.

Мәтінмен жұмыс: жас актерлердің өмірдерегі

Берілген мәтіндер бойынша диалог құрастыру және мазмұнын талдау.

Асылхан Төлепов

21 мамыр 1992 • Ақтөбе обл., Ойыл ауданы, Жетікөл ауылы

Асылхан Төлепов — Қазақстан актері. Ол 2012 жылы шыққан «Жаужүрек мың бала» фильміндегі Сартай батыр рөлінен кейін кеңінен таныла бастады.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жанындағы колледжде профессор Есім Сегізбаевтың класын тәмамдаған. 2010 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясы түсірген «Балалық шағымның аспаны» фильмінде президенттің досы Ғалидің рөлін сомдаған.

Марапаттар мен жетістіктер

  • «Жаужүрек мың бала» фильміндегі еңбегі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы медальмен марапатталған.
  • 2013 жылы «Серпер» жастар сыйлығының иегері.

Талқылау сұрақтары

  • Асылхан Төлепов кім?
  • Ол қай батырдың рөлін сомдады?
  • Қай фильм үшін Бауыржан Момышұлы атындағы медальмен марапатталды?
  • «Жаужүрек мың бала» фильмінде қай жылы түсті?

Нұрлан Әлімжан

1984 • Көкшетау өңірі, Кеңащы елді мекені

Нұрлан Әлімжан — актер, әнші, сазгер, жүргізуші. Қазақстан Жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты, «Жас тұлпар» сыйлығының тұңғыш иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

2001–2005 жылдары Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында білім алған. 2003–2009 жылдары Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып қызмет атқарған.

Кино және музыка

  • Алғашқы фильмі: «Шолпанның күнәсі» (Әзімбай рөлі).
  • Түскен фильмдері: «Бақсы», «Ән мен анаша», «Ағайындылар», «Ақсарбас», «Теміртау көктемі», «Жаужүрек мың бала», «Балалық шағымның аспаны», «Көшбасшы» және т.б.
  • Шамамен 60-қа жуық әні бар.
  • Қытай киносына түскен қазақ актерлерінің алғашқыларының бірі ретінде аталады.

Талқылау сұрақтары

  • Нұрлан Әлімжан кім?
  • Ол қай жерде дүниеге келген?
  • Алғашқы түскен фильмі қалай аталады?
  • Оның қаншаға жуық әні бар?

Грамматикалық бөлім: есімдік

Тапсырмалар

  • 1-топ: Есімдік дегеніміз не?
  • 2-топ: Есімдіктің мағыналық түрлерін сипаттау.
  • «Ол» және «бұл» есімдіктерін септеу.

Мәтін бойынша тірек сөздер

ол оның бұл осы

Осы есімдіктерді мәтіннен тауып, сөйлемдегі қызметін талдау.

Шығармашылық тапсырма

Слайд бойынша «Актер» сөзіне бес жолды өлең (синквейн) құрастыру.

Қорытынды

Рефлексия сұрақтары

  • Бүгінгі сабақта не үйрендік?
  • Сабақ несімен ұнады?
  • Кейіпкерлердің қандай түрлері бар?
  • Сенің сүйікті кейіпкерің кім?

VII. Бағалау

Бағалау парағы арқылы оқушылардың жұмысы қорытындыланады.

Критерий

Айтылым, жауап сапасы

Критерий

Диалог, талдау, шығармашылық