Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Сабақ тақырыбы
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Сабақ мақсаты
Білімділік
Оқушылардың зат есім туралы өткен сабақтарда алған білімін еске түсіру, жүйелеу және тиянақтау; зат есімнің жекеше және көпше түрімен таныстыру.
Дамытушылық
Сөздік қорын, сауаттылығын және зат есім туралы түсінігін кеңейту; жан-жақты шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулу және жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың типі
- Жаңа материалды меңгерту
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Сабақтың әдісі
- Сұрақ-жауап, баяндау, талдау, ойын, дамыта оқыту
- Көрнекілігі
- Тірек сызбалар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық: Балалар, байқап отырсыңдар ма, бізге қонақтар келіп отыр. Кәне, бәріміз орнымыздан тұрып, бір-бірімізге жылуымызды берейік. Қазақ халқының салты бойынша иіліп сәлем берейік.
Балалардың хормен айтатын сәлемдесуі:
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар?
- Сәлеметсіздер ме, күннің көзі, көк аспан?
- Сәлеметсіз бе, мұғалім?
- Сәлеметсіз бе, сен?
- Сәлеметсіз бе, мен?
Жақсы, балалар. Көңіл күйлерің көтеріңкі екен. Енді Күн-ана, Жер-ана, Су-ана сөздерінің мағынасына тоқталайық.
Күн-ана
Бүкіл тіршілікке жылу береді.
Жер-ана
Бүкіл тіршілікті нәрімен асырайды.
Су-ана
Тіршілік нәрін жер жүзіне сіңіріп, тірек болады.
Балалар, бері қараңдар — сабақты бастайық.
Үй жұмысын қиналмай,
Лезде айтып тастайық.
Үй тапсырмасы тексеріліп, оқушылардың жұмысы бағаланады.
Қайталау сұрақтары
Қандай бөлімді өтіп жатқанымызды еске түсірейік: сөз таптары.
Сөз таптары
- Зат есім
- Сын есім
- Сан есім
- Етістік
- Есімдік
- Одағай
- Үстеу
- Шылау
- Еліктеуіш сөздер