Баймағамбет сұлтан
Сабақтың тақырыбы
Махамбет — күрескер ақын
Сабақтың типі
Білім, дағды және іскерлікті меңгерту.
Сабақтың әдісі
Интерактивті әдіс-тәсілдер: Блум таксономиясы, СТО, «Бес жол өлең», «Ішке–сыртқа», «Ұқсастық пен даралық».
Сабақтың мақсаты
Білімділік
«Ақындықтың алдаспаны, намыстың наркескені» атанған Махамбет жырларының тақырыптарын таныту, өлеңдерінің идеясын ашу және өзектілігін ұғындыру.
Дамытушылық
Оқушыларды өзіндік пікір айтуға дағдыландыру, іскерлік қабілетін шыңдау.
Тәрбиелік
Отансүйгіштікке, ерлікке тәрбиелеу.
Құралдар мен көрнекіліктер
Көрнекілігі
«Махамбет — күрес жаршысы» (буклет).
Техникалық құралдар
Мультимедиа, үнтаспа.
Әдеби дереккөздер
- «Атадан туған аруақты ер» өлеңдер жинағы.
- Энциклопедиялық жинақ.
Негізгі ой: Махамбет мұрасы — ұлттық намысты қамшылайтын, жігерді жанитын қастерлі құндылық.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
Сабақ Махамбеттің «Еңселігім екі елі» өлеңін үнтаспадан тыңдаудан басталады.
2) Блум таксономиясы бойынша жұмыс
Құрылымдалған оқуI. Білім
Махамбеттің өмірі мен шығармашылығын еске түсіруге арналған тапсырмалар: өміріне қатысты жылдар, тұлғалар, жер-су атаулары жазылып, түсіндіріледі.
«Мені түсін» (топтық жұмыс)
1-топ
1803, 1836, 1837, 1838, 1846 — жылдар бойынша баяндау.
2-топ
Өтеміс, Исатай, Жәңгір хан, Баймағамбет сұлтан, Ықылас — тұлғаларға қатысты деректерді айту.
3-топ
Нарын, Жайық, Бекетай құмы, Қараой — көтеріліс картасынан көрсете отырып түсіндіру.
II. Түсіну
Оқулықтағы Махамбет өлеңдері бойынша талдау жұмыстары жүргізіледі.
А) Өлеңдерді жатқа айту
- «Ереуіл атқа ер салмай»
- «Мұнар күн»
- «Жалғыздық»
Ә) «Екі жақты күнделік»
«Тарланым», «Соғыс», «Еңселігім екі елі», «Мен құстан туған құмаймын» өлеңдері бойынша ой-толғау, дәйек пен түсіндірме жазу.
III. Қолдану
Махамбет өлеңдерінің тақырыптық жіктелуі. Оқушылар өлеңдерді тақырыбына қарай топтастырады.
Бағыттар
- Романтизм:
- көркемдік қиял.
- Реализм:
- өмір шындығы.
- Исатай бейнесі:
- ерлік, елдік, күрес рухы.
Стратегия
«Ішке–сыртқа» стратегиясы: берілген өлеңдерді тақырыбына сай орналастырып жазу.
Тақырыптық топтастыруға ұсынылатын мысалдар
Тәуелсіздік үшін күрес
- «Қайда бар?»
- «Тілек»
- «Қызғыш құс»
Исатай батырдың бейнесі
- «Тайманның ұлы Исатай»
- «Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай»
- «Әй, Махамбет, жолдасым»
Күрес жолының жырлары
- «Адыра қалған Нарынның»
- «Мен — тауда ойнаған қарт марал»
- «Соғыс»
- «Мұнар күн»
- «Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі»
- «Мұңайма»