Тірі табиғатқа жоғары адамгершілік тұрғысынан қарау

Түсінік хат

«Қазақстандағы жануарлар әлемі» — 11-сыныпқа арналған оқушы компоненті. Оқушы компоненті бағдарламасы бойынша 34 сағат бөлінген.

Негізгі мақсат

Тіршілікті ең жоғары құндылық ретінде түсінетін, экологиялық және эволюциялық ойлау стилі қалыптасқан, тірі табиғаттың дүниетанымдағы орны мен мәнін сауатты бағдарлай алатын, биологияның ғылыми-танымдық әдіс-тәсілдерін және іргелі ұғымдар жүйесін қажетті деңгейде меңгерген тұлға даярлау.

Сонымен қатар оқушылардың биологиялық білімін экожүйелер мен тірі ағзалардың көптүрлілігін сақтап-қорғауға, өндірістік-еңбек үдерістерін экологияландыруға және салауатты өмір салтын ұстануға тиімді қолдану біліктерін дамыту көзделеді.

Міндеттер

Аталған мақсат төмендегі нақты міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:

  • Қазақстан жануарлары, экожүйелері, флорасы мен фаунасындағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау туралы білім мен білікті қалыптастыру.

  • Тірі табиғатқа жоғары адамгершілік тұрғысынан қарауды дамыту.

  • Адам өміріндегі табиғат құндылығының практикалық, талғампаздық және эстетикалық маңызын ашу.

  • Экологиялық білім мен тәрбие, табиғатқа жауапкершілікті қарым-қатынас және органикалық дүниенің эволюциясы туралы білім негізінде табиғатты қорғау іс-әрекетіне даярлау.

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

  • Республикамызды мекендейтін жануарлар туралы оқушыларды бұрын біле бермейтін құнды әрі қызықты мәліметтермен таныстыру.

Автор туралы мәлімет

Жамал Ермегияев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Химия–биология пәні мұғалімі: Искакова Зинат Арипбайқызы

Толық нұсқасын жүктеу

Ескерту: сілтемені өз файлыңыздың URL-мекенжайымен ауыстырыңыз.