Төсеніш бұйым
Сабақтың тақырыбы
Қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнер
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, тарих, бейнелеу өнері
Әдіс-тәсілдер
- Көрнекілік
- Сұрақ-жауап
- Әңгіме
- Сарамандық жұмыс
- Сөзжұмбақ шешу
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнердің ерекшеліктерін түсіндіру. Сыр бойындағы қолөнер шеберлерінің шығармаларымен таныстыру және насихаттау.
Дамытушылық
Оқушылардың ұлттық қолөнерге қызығушылығын арттыру, ой-қиялын дамыту.
Тәрбиелік
Қазіргі сәндік-қолданбалы өнерді түсіндіру арқылы кәсіби бағдар беру, эстетикалық тәрбие қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі
Қазіргі заманғы қолөнер шеберлері жасаған ұлттық бұйымдар: торсық, қамшы, қалқан, құрақ көрпешелер, зергерлік бұйымдар, аяққап, сандық және т.б.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгелдеу
- Сабаққа даярлығын тексеру
2) Өткен сабақты пысықтау
Өткен сабақта «Қазақ халқының қолөнері мен шеберлері» тақырыбын қарастырдық. Енді сәндік-қолданбалы өнердің түрлерін еске түсірейік.
Ағаш өңдеу
Ою, жиһаз, ыдыс-аяқ, тұрмыстық бұйымдар
Киіз басу
Киіз бұйымдары, текемет, тұскиіз
Тоқыма
Алаша, басқұр, бау, кілем
Құрақ құрау
Көрпе, жастық, сәндік панно
Ши тоқу
Ши, қоршау, сәндік бұйымдар
Тері өңдеу
Қын, торсық, ер-тұрман бөлшектері
Тігін өнері
Ұлттық киімдер, бұйымдар
Керамика
Қыш ыдыстар, мүсіндік бұйымдар
Зергерлік бұйымдар
Әшекей, күміс-алтынмен жұмыс
Ою-өрнек, сырмақ сыру
Ұлттық нақыш, композиция, бедерлеу
Қолөнермен айналысатын адамдар
Ұста — қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен айналысатын адам.
Зергер — алтын мен күмістен әшекей бұйымдар жасайтын адам.
Шебер — ағашты оюлап, әртүрлі бұйымдар жасайтын адам.
Ісмер — ұлттық киімдер мен бұйымдар тігіп, қолынан іс келетін адам.
3) Жаңа сабақ
Бүгінде халқымыздың қолөнері қарқынды дамып келеді. Ұлттық қолөнер салт-дәстүрімізді жаңғыртып, мәдениетіміздің озық жетістіктерін айқындайды. Халық өнерінің бай мұрасын сұрыптай отырып, заман талабына сай түр мен сапа беру арқылы оны одан әрі дамыту және бүгінгі ұрпаққа меңгерту — игілікті іс.
Ұлттық қолөнердің тәрбиелік және тағылымдық мүмкіндігі жоғары: ол ұрпақ тәрбиесіне кешенді түрде әсер етеді, қабілеттердің жетілуіне және белгілі бір кәсіпке бейімделуге көмектеседі. Қолөнер — рухани байлығымыз, мәдениетіміз бен салт-дәстүріміздің ажырамас бөлігі; бірнеше ғылым мен тәжірибенің тоғысуынан туған өнер.
Негізгі ой
Көнеден жеткен пішіндер мен тәсілдердің бай мұрасын сақтай отырып, бүгінгі шеберлер ағаш, металл, керамика, киіз секілді материалдардан қазіргі заманғы сюжеттік-композициялық элементтері бар жаңа дүниелер жасайды.
Қазіргі суретшілер мен қолөнер шеберлері тері, ағаш, сүйек өңдеудегі көне технологияларды меңгеріп, қайта жаңғыртып жүр. Соның нәтижесінде халық қолөнерінің талай қыры тереңірек таныла бастады. Көне бұйымдар көркемдігі мен әсерлігін жоғалтпай, қазіргі шеберлердің қолынан қайта түлеп келеді.
Оңтүстік Қазақстан өңірінің шеберлері ұлттық дәстүрді жалғастырып, тоқыма және киіз бұйымдарын, кілем, алаша, басқұр, бау тоқу өнерін дамытып келеді. Қызылорда облысында да қолөнермен айналысатын шеберлер көп. Олардың туындылары республикалық көрмелерге ғана емес, шет мемлекеттердегі көрмелерге де қойылып жүр.
2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында Қызылорда қаласында республикалық қолөнер шеберлері мен суретшілерінің симпозиумы өтті. Сол жиында жерлестеріміздің қолөнер бұйымдары қонақтардың ерекше ықыласына бөленді. Мысал ретінде: ұста — Құлмамбетов Құдайберген, шебер — Қалназаров Борис, зергерлер — Абдуханов Зейнолла, Жақыпов Бекзат, ісмер — Рамазанова Гүлнар және т.б. шеберлердің еңбектерін атауға болады.
Оқушылар тәжірибесі
Технология сабағында оқушылар көптеген бұйым жасап үйренеді: құрақ көрпеше, су моншақтан жасалған алқалар, теріден жасалған пышақ қыны, тұмар және т.б.
Түйін
Қолөнер барысында шыдамдылық пен төзімділік қажет екені, сондай-ақ оймен жұмыс істеудің маңызы айқындалады. Абай айтқандай, кез келген істі талап, еңбек, терең ой арқылы бастап, талғаммен аяқтасақ, нәтижесі көңіл қуантатын әсем дүние болады.
3) Сарамандық жұмыс: мата қалдықтарынан қол сөмке тігу
Қажетті құрал-жабдықтар
- Мата қалдықтары
- Ине, жіп
- Астарлық мата
- Сызғыш, бор
Ескерту: техника қауіпсіздігі
Жұмысқа кіріспес бұрын қол жұмысына арналған техника қауіпсіздігі ережелерін қайталап, инемен және қайшымен жұмыс істеу мәдениетін сақтаймыз.
Жұмыстың барысы
- 1 Әртүрлі маталарды бірдей көлемде үшбұрыштап қиып аламыз.
- 2 Түстердің үйлесіміне қарай бөліктерді құрастырып, бір-біріне қиюластыра көктеп тігеміз.
- 3 Құрақталған бөлікті астарлық матамен біріктіріп тігеміз.
- 4 Сөмкенің алдыңғы және артқы бөлігін қосып тігеміз, соңынан бау (тұтқа) тағамыз.
Жұмыс көрсету барысында кезеңдер ретімен түсіндіріліп, әр қадам оқушыға үлгі ретінде көрсетіледі.
4) Жаңа сабақты бекіту: сөзжұмбақ
Әр қатардағы сөздер дұрыс табылса, тігінен «Сәндік қолөнер» сөз тіркесі шығады.
Сұрақтар
- Ұлттық киімдер мен бұйымдар тігетін адам
- Қазақ қыздарының бас киімі
- Суретті тықыр кілем
- Батырдың бас киімі
- Жүннен жасалған бұйым
- Аң терісінен жасалған ерлер киімі
- Мата қалдықтарынан құрастырылып тігілген бұйым
- Теріден жасалған, сусын құятын ыдыс
- Төсеніш бұйым
- Ұстаның құралы
- Тоқылып жасалған, зат салатын бұйым
- Әшекей бұйымдар жасайтын адам
- Ағаштан ойып әртүрлі бұйымдар жасайтын адам
Жауаптар
Бағалау және қорытындылау
- Оқушылардың еңбегін бағалау, белсенді қатысқандарды мадақтау
- Үй тапсырмасы: жұмысты аяқтау
Қорытынды
Шәкәрім атамыз «Көнені керек етпесең, жаңа табылмайды» деген. Ендеше, көнені қадірлеп, кейінгі ұрпаққа жеткізу — біздің және жастардың ортақ міндеті. Көне бұйымдарды ұмытпай, оларды қазіргі заманға лайықтап, жаңа үлгіде жасап шығару — парызымыз әрі қолөнеріміздің дамуына қосқан үлесіміз.