Жеті күн
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 мектеп
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Жүнусова Гүлзат
Тақырыбы
Арналы бұлақ – асыл сөз
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, мақал-мәтелдер.
Мақсаты
Адамгершілік пен тапқырлық
Ата-бабадан қалған өсиет сөздер арқылы оқушыларды адамгершілікке, тапқырлыққа және салмақты ой айтуға үйрету.
Ойлау және сөйлеу мәдениеті
Ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдап, сөз құдіретін ұғындыру, жауапты ойды анық жеткізу дағдысын қалыптастыру.
Ұлттық құндылық және отансүйгіштік
Туған жерге, елге сүйіспеншілікті арттырып, ұлттық мәдени құндылықтарды бойға сіңіру.
Кіріспе сөз және құндылық өзегі
Мұғалімнің сөзі
«Сәлем – сөздің анасы». Сәлеметсіздер ме, ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз 5 «Б» сыныбында «Арналы бұлақ – асыл сөз» тақырыбында сайыс өткізгелі отырмыз.
Бұл сайыстың мақсаты – әр ұлттың рухани асыл мұрасы болып саналатын әдет-ғұрып, салт-дәстүрді тәрбие сағаттары арқылы да, күнделікті өмір арқылы да насихаттау. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жеткен аманатты қадірлей білейік.
Жүргізушілердің амандасуы
1-жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағаты ерекше. Бірден сөз бастауға жүрексініп тұрмын.
2-жүргізуші: «Сөз атасы – сәлем» демей ме? Ендеше алдымен амандасайық.
1-жүргізуші: Армысыздар, осындағы көпшілік! Сәлем бердік бәріңізге бас иіп.
2-жүргізуші: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
Тәуелсіздік және дәстүр туралы ой
Ақын Иран-Ғайып айтқандай, тәуелсіздік – елдің еңсесін көтерген қасиетті ұғым. Ал сол ұғымдардың мәнін болашақтың кілтін ұстайтын жас ұрпақ қалай түсінеді?
Егемен ел болу – тарихи сілкініс. Оның басты мақсаты – қоғамдық, ұлттық сананы сауықтырып, егемендікпен бірге қайта оралған ата салтты, әдет-ғұрып пен дәстүрді баянды ету.
Дәстүр жақындастырады, араластырады, біріктіреді. Ол – ата-бабадан қалған рухани мұраның жинақталған ақпары.
Сайыс құрылымы
Қатысушы топтар
- Тұлпар тобы
- Қыран тобы
(Әділқазылар алқасының мүшелері алдын ала таныстырылады.)
Кезеңдер
- 1. Таныстыру
- 2. «Бәйге»
- 3. «Ата салтың – халықтың қалпың»
- 4. Халықтың киелі сандары
- 5. «Мақал – сөздің мәйегі»
- 6. «Зерделінің – ойы озық»
- 7. «Қазақта тұңғыш…»
1-кезең: Таныстыру
Бастау ретін анықтайтын сұрақ
«Тәттіде не тәтті? Қаттыда не қатты? Жұмсақта не жұмсақ?» — Бұл кімнің даналығы? (Жауап берген топ бірінші болып бастайды.)
2-кезең: «Бәйге»
Бұл кезеңде топтар салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді. Белгі берген топ бірінші жауап береді.
Сұрақтар (1–10)
- 1. Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, не деп ырымдайды? (Малы пышаққа түседі)
- 2. «Жеті жарғы» бойынша көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге қандай жаза қолданған? (Өлім жазасы)
- 3. Киіз үйдің 12 қанатты түрі қалай аталады? (Ақ орда)
- 4. Баланың кішкентай кезінде екі шекесіне екі шоқ шаш қою қалай аталады? (Тұлым)
- 5. Қазақ ырымында балаға ми жегізбейді. Неге? (Мидай былжыр, бос белбеу, ынжық болып өседі дейді)
- 6. «Жеті жарғы» бойынша жазықсыз кісі өлтіргендерге қандай жаза қолданған? (Өлім жазасы)
- 7. Киіз үй құрылысында кереге мен шаңырақты жалғайтын бөлік қалай аталады? (Уық)
- 8. Ұзатылған қыз тетелес сіңлісіне орамал беру дәстүрі қалай аталады? (Шарғы)
- 9. Қазақта таңдай жесе не болады деп ырымдаған? (Шешен болады)
- 10. Тұрмысқа аттанғалы отырған қыздың туған-туысымен қоштасу өлеңі? (Сыңсу)
Сұрақтар (11–20)
- 11. Жүн сабарда сабап болған соң тамақ беру дәстүрі? (Тулақ шашу)
- 12. Құмырсқалар күндіз илеуіне асықса, нені білдіреді? (Ауа райы бұзылады)
- 13. Ұста пышаққа жарымас, етікші неге жарымас? (Етікке жарымас)
- 14. Дос басқа қарайды, ал дұшпан қайда қарайды? (Аяққа)
- 15. Қылыштан өткір не бар? (Тіл)
- 16. Ең киелі құс? (Аққу)
- 17. Сәукелені кім және қашан киген? (Қалыңдық)
- 18. Қазақ шопандарының «шахматы»? (Тоғызқұмалақ)
- 19. Жаңа туған сәбидің ең алғашқы киімі? (Иткөйлек)
- 20. Мұсылманның қасиетті кітабы? (Құран)
3-кезең: «Ата салтың – халықтың қалпың»
Бұл кезеңде топтар сандықшаларды таңдап, ішіндегі салт-дәстүрге қатысты тапсырмаларға жауап береді. Топпен жұмыс жүргізіледі. Ұпайы көп топ бірінші бастайды. Егер жауап берілмесе, келесі топ жалғастыра алады.
Тапсырмалар
- 1. «Енші» және «Жасау» салттары туралы түсініктеме бер.
- 2. «Шүлен тарату» салты туралы түсіндір. (Кедей-кепшікке көрсетілетін жәрдем. Күзде, мал көбейіп, жайлаудан түсер кезде таратылады.)
- 3. «Бата» мен «Теріс бата» айырмашылығын түсіндір. (Бата – ақ тілектің белгісі; теріс бата – ең ауыр қарғыс, әкенің сенімі ақталмаған балаға қолын теріс жайып беруі.)
- 4. Қазақтың салт-дәстүр жырларынан қайсысын білесің? Біреуін түсіндір. (Сыңсу, жар-жар, беташар, қоштасу, тойбастар)
- 5. «Тымаққа салу» дәстүрін түсіндір. (Шала туған баланы тымаққа салып өсірген; сәби әлсіз болғандықтан қолға ұстауға, бесікке салуға болмайды деп ұққан.)
4-кезең: Халықтың киелі сандары
Киелі сандарға қатысты наным-сенімдер мен ұғымдар талқыланады. Екі топ жарыса жауап береді.
Үш санына қатысты ұғымдар
- Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
- Үш жұрт: өз жұртың, нағашы жұрт, қайын жұрт.
- Үш қуат: ақыл қуат, жүрек қуат, сенім қуат.
- Үш арсыз: ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.
- Үш дауасыз: мінез, кәрілік, ажал.
- Үш би: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
- Үш қадірсіз: жастық шақ, денсаулық, жақсы жар (қадірі кейде кеш білінеді).
Жеті санына қатысты ұғымдар
Жеті қазына
- Ер жігіт
- Сұлу әйел
- Ақыл, білім
- Жүйрік ат
- Қыран бүркіт
- Берен мылтық
- Жүйрік тазы
Жеті күн (қазақы атаулар)
- Бүгін
- Ертең
- Бүрсікүні
- Арғы күні
- Ауыр күн
- Соңғы күн
- Азына
Жеті ата
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
Жеті жұт
Мал қырылу, құрғақшылық, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала.
Жеті жоқ
Жерде өлшеуіш жоқ. Аспанда тіреуіш жоқ. Таста тамыр жоқ. Тасбақада талақ жоқ. Аллада бауыр жоқ. Аққуда сүт жоқ. Жылқыда өт жоқ.
5-кезең: «Мақал – сөздің мәйегі»
Шарт бойынша сұраққа мақал-мәтелмен жауап беріледі.
Тұлпар тобына (1–10)
- 1. Білмеген не ішеді? (Білмеген у ішеді)
- 2. Жас келсе неге? (Жас келсе іске)
- 3. Білгенің қанша, білмегенің қанша? (Білгенің тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз)
- 4. Түкірік көл бола ма? (Көп түкірсе көл болар)
- 5. Жыланды інінен қалай шығарамыз? (Жылы-жылы сөйлесең, зымиян жылан да інінен шығар)
- 6. Қой мен қасқыр не ойлайды? (Қойдың ойлайтыны адалдық, қасқырдың ойлайтыны арамдық)
- 7. Қай мүше батыр, қай мүше қорқақ? (Көз қорқақ, қол батыр)
- 8. «Көрдім» мен «көрмедім» неше сөз? («Көрдім» деген көп сөз, «көрмедім» деген бір-ақ сөз)
- 9. Жегеннің тісіне, жемегеннің түсіне не кіреді? (Ет жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіреді)
- 10. Жүндеуге жуас жануар қайсы? (Жуас түйе жүндеуге жақсы)
Қыран тобына (1–10)
- 1. Бір қарын май шіри ме? (Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді)
- 2. Жолы болар жігіттің алдынан кім шығады? (Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан)
- 3. Қай жағдайда айнаға өкпелемеу керек? (Аузың қисық болса, айнаға өкпелеме)
- 4. Тауықтың түсіне не кіреді? (Тауықтың түсіне тары кіреді)
- 5. Семіздікті көтеретін жануар? (Семіздікті қой ғана көтереді)
- 6. Айран ішкен құтылғанда, кім тұтылады? (Айран ішкен құтылар, қазан жалаған тұтылар)
- 7. Мүйіз сұраймын деп жүріп, құлағынан айырылған жануар? (Тоқал ешкі)
- 8. Ысқырығы жер жарып жүргеннің айдағаны не? (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар)
- 9. Қар жана ма? (Қалауын тапсаң, қар жанар)
- 10. Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс – күймейсің)
6-кезең: «Зерделінің – ойы озық»
Киіз үй, ұлттық тағам, ұлттық киім сияқты мәдени құндылықтарды танытатын ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беріледі.
Ұлттық киімдер
10 ұпай
Ерлердің бас киімі, аң мен мал терісінен тігілген; биік төбелі, құлақшалы, желкені жабатын етегі бар. (Тымақ)
20 ұпай
Іші жүн/мақта салынып, сырты шұға не барқытпен қапталған, ою-өрнекпен безендірілген жылы киім. (Шапан)
30 ұпай
Ұзатылған қыз киетін аса қымбат, әсем бас киім; үкі тағылады, ұзын ақ желек болады. (Сәукеле)
Ұлттық тағамдар
10 ұпай
Түйе сүтінен жасалатын құнарлы сусын, ашытылып сақталады. (Шұбат)
20 ұпай
Сүттен ұйытылатын, қою әрі дәмді тағам; «дірілдір» деп те аталады. (Қатық)
30 ұпай
Мал төлдегеннен кейінгі алғашқы сүт. (Уыз)
Қарашаңырақ
10 ұпай
Киіз үйдің киелі мүлкі, көптеген аталы сөз осыған байланысты айтылады. (Шаңырақ)
20 ұпай
Жүннен орап, оюмен безендіріп тоқылатын; кереге мен туырлық арасына тұтылатын, жылылық пен тазалыққа әсері бар бұйым. (Ши)
30 ұпай
Киіз үй есігінің киізден жасалған сыртқы жапқышы. (Киіз есік)
7-кезең: «Қазақта тұңғыш…»
Бұл бөлімде қазақ тарихы мен мәдениетіндегі «ең алғаш» атанған тұлғалар мен жетістіктер еске алынады.
Тізім
- 1. Ең тұңғыш би — Майқы
- 2. Ең тұңғыш шешен — Жиренше
- 3. Ең тұңғыш дана ана — Қарашаш
- 4. Ең тұңғыш Кіші жүз ханы — Әбілхайыр
- 5. Ең тұңғыш ғалым, саяхатшы — Шоқан Уәлиханов
- 6. Ең тұңғыш ағартушы ұстаз, оқулық авторы — Ыбырай Алтынсарин
- 7. Ең тұңғыш қазақ әліппесін (төте жазу) жасаған — Ахмет Байтұрсынов
- 8. Ең тұңғыш эпопея жазған — Мұхтар Әуезов
- 9. Ең тұңғыш космонавт — Тоқтар Әубәкіров
- 10. Ең тұңғыш биші — Шара Құлжанова
- 11. Ең тұңғыш президент — Н. Ә. Назарбаев
- 12. Ең тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған палуан — Жақсылық Үшкемпіров
- 13. Ең тұңғыш әлем чемпионы атанған палуан — Қажымұқан Мұңайтпасов
Қорытынды ой
«Аталар сөзі – ақылдың көзі». Шешендік сөз, мақал-мәтел, ырым-тыйым, салт-дәстүр – бәрі де ұлттың жады. Осындай сайыс арқылы оқушы тек білімін сынап қана қоймай, сөзге тоқтау, ойға жауапкершілік, дәстүрге құрмет сияқты іргелі құндылықтарды бойына сіңіреді.