Түрлі мақсаттағы тапсырмаларды орындай отырып математикалық ойлау қабілеттерін арттыру, пәнге деген қызығушылықтарын ояту
Сабақтың барысы
Құстар мен көктем тақырыбы арқылы есептерді орындап, фигуралардан құрастыру және бөліктерге бөлуге қатысты тапсырмалармен жұмыс жасаймыз.
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру және бағалау.
- Өткен сабақты бекіту.
II. Жаңа сабақ
1) Психологиялық дайындық
Менің көңіл-күйім қандай?
Өте жақсы • Жақсы • Орташа
Жұмбақ
Қар кетіп, қыр көгерді,
Жерге диқан дән сеуіп,
Қорадан жас төл өрді.
Жауабы: Көктем
2) Ой шақыру
Балалар, «сүйінші» деген не? Ол қай кезде сұралады?
Көктем бізге «құстар келді» деп сүйінші сұрауға келіпті. Көктемде ең бірінші келетін құсты білеміз бе? Ол — қараторғай.
Қараторғай бізге тапсырма ала келді: көктем басталысымен адамдар үй тұрғыза бастайды. Біз де үйді құрастыра отырып, қосу-азайту мысалдарын шығарамыз.
№1 тапсырма — қосу
Ондықтар
- 70 + 20 = 90
- 70 + 0 = 70
- 0 + 70 = 70
Бірліктер
- 7 + 2 = 9
- 7 + 0 = 7
- 0 + 7 = 7
№1 тапсырма — азайту
Ондықтар
- 90 − 20 = 70
- 90 − 0 = 90
- 90 − 90 = 0
Бірліктер
- 9 − 2 = 7
- 9 − 9 = 0
- 9 − 0 = 9
Үй қандай фигуралардан құрастырылған?
Тіктөртбұрыш, шаршы, үшбұрыш.
№2 тапсырма — тырналар
Сергіту сәті: «Тез, бірақ қателеспе!»
Ойын шарты: әр қатар логикалық есептерді тез және дұрыс шығарады.
1-есеп
Менің туған күнімде Балнұр тәтем, үлкен атам, бөлем Бәжен, әпкем Сәпен, ұстазым (кештеу келді), Арнұр көкем, нағашы әпкем, жездем Шәкен және екі досым келді. Барлығы нешеу келді?
Жауабы: 10
2-есеп
Су құйып ем астауға: үш қаз келді қасына. Үш қасқалдақ, екі үйрек, бір сазан. Бір көксерек пен бір қарға қосылды. Барлығы неше құс болды?
Жауабы: 12
3-есеп
«Ұлым, ұлым, ұлым» деп, «Гүлім, гүлім, гүлім» деп ана баласын сүйеді. Ана неше баласын айтып тұр?
Жауабы: 6
№3 тапсырма — көгершін
Есеп құрастыр
90 және 40 сандарын пайдаланып, азайту амалына есеп құрастыр.
Мысал
90 − 40 = 50
Құстар сендерге алғыс айтады: тапсырмаларды мұқият орындадыңдар.
Көктем: «Ең алғаш өсіп шығатын гүлдерді білесіңдер ме?» — дейді. Жауап: қызғалдақ, бәйшешек.
№5 тапсырма — бәйшешек
Дұрыс шешуін таңда және нәтижесін айт.
а) Салыстыру
Әжесі — 3 ойында, немересі — 4 ойында жеңді. Немересі неше ойында артық жеңді?
Ш: 4 − 3 = 1
Ж: 1 ойында
ә) Қосу
Жинағаны — 8 ұпай, қосылғаны — 1 ұпай. Барлығы қанша ұпай?
Ш: 8 + 1 = 9
Ж: 9 ұпай
б) Азайту
Болғаны — 9, орындағаны — 5. Қалғаны қанша?
Ш: 9 − 5 = 4
Ж: 4
III. Жаңа сабақты бекіту
Шығармашылық тапсырма
Біз ақылды баламыз,
Бар білімді саламыз.
Есеп, жұмбақ, ойынның
Жауабын тез табамыз.
Жауаптар
- 1) Әлихан
- 2) Қуаныш
- 3) Болат
Мұғалімі
Қайролла М. М.
Тақырып: «Фигура құрастыру және оны бөліктерге бөлу».