Меңгеруші деймісің
Қоштасу кеші: балабақшадан мектепке қадам
Қадірлі аналар мен әкелер, қымбатты аталар мен әжелер! Бүгін — қуанышты да, сәл көңілсіздеу күн. Бірнеше жыл бойы аялап, тәрбиелеген балаларымыз енді аз ғана уақыттан кейін алғашқы қоңыраудың үнімен білім әлемінің есігін ашады. Бір сөзбен айтқанда, қоштасатын сәт те келіп жетті.
Артта ұмытылмас, жүректе сақталатын шақ қалды. Ендеше, түлектерімізді қарсы алайық!
Көрініс
Балалар әсем әуен ырғағымен (қолдарында шар) билей отырып залға кіреді. Одан кейін тақпақтар айтылады, ән орындалады.
Ән
«Балабақшаға үшке тола есігін ашқанбыз…»
Балалық шаққа қысқа саяхат
Осы отырған балалар балабақшаның есігін үш жасында ашқан еді. Ендеше, олардың кішкентай кездерін еске түсірейік.
Көрініс: «Балалардың әзілі»
1-бала: (әндетіп) Көңілденіп біз гаршокқа отырамыз — 3 рет. Төсек салып, ұйықтауға асықпаймыз — 3 рет.
1-бала: Асықпай гаршокқа отырайық, әңгіме-дүкен құрайық. Кеше бір әдемі қызды көрдім, көзі қарақаттай…
Музыка: «У нее глаза…»
2-бала: Ол қыздың ерні шиедей, беті қып-қызыл алмадай.
3-бала: Ол не сонда, махаббат па?
4-бала: Ол махаббат емес, ол қызылша!
3-бала: Ал мен болсам, оны махаббат деп ойлаймын…
Би
«2 сәбилер» тобының биі.
Көрініс
Үлкен балалар ойыншықтардың маскаларымен сахнаға шығады.
Би
«Джексон» биі.
Ойыншықтар сөйлейді
Мысық:
Мен ойыншық мысықпын, мейірімдімін, пысықпын. Мектепте мені ойлаңдар, «мысық-тышқан» ойнаңдар.
Қуыршақ:
Мен әдемі қуыршақ, көп ойынға түсіппін. Сендермен енді қоштасам, бөбектермен достасам.
Машина:
Машинамын, көлікпін, мамандарға көніктім. Үйренген соң білімді, білесіңдер тілімді.
Қоян:
Ұзын құлақ қоянмын, көрген жоқпын жай жүріп. Сендерге жігер қосамын, сау болыңдар, достарым!
Ойыншықтар «2 сәбилер» тобына естелік сыйлық ретінде табысталады.
Мамандарға алғыс
Балалар, сендерді бес жыл бойы күтіп, бағып-қағып, аялап, қадірлеп, еркелетіп өсірген, тәлім-тәрбие берген мамандарымызды ортаға шақырып, жылы лебіздерін тыңдайық.
Күтпеген қонақ: Ханшайым
Ханшайым: Мынау не деген әдепсіздік! Менің рұқсатымсыз бұл халық неге жиналып отыр?
Жүргізуші: Кешіріңіз, бізге балабақшаның меңгерушісі керек еді.
Ханшайым: Меңгеруші дейсің бе? Бірінші адам — мен! Балабақшада ғана емес, бүкіл патшалықта!
Ханшайым «таққа» отырады.
Ханшайым: Мектепке бару үшін менің рұқсатым және мөр басылған жарлығым керек. Тездетіп мұғалімді шақырыңдар!
Мұғалім: Ханшайым, шақырдыңыз ба?
Ханшайым: Бұл балалар мектепке барамыз деп отыр екен. Білімдерін тексерейік.
Мұғалім: Әрине, айтқаныңыз болсын.
Ханшайым: Жарайсыңдар, балалар! Сендер мектепке дайын екенсіңдер.
Ханшайым: Тыңдаңыздар! Мұрагер тобының балалары өз білімдерін дәлелдеді. Биыл күзде мектепке қабылдансын! Дәлел ретінде өз мөрімді басамын!
Сәт-сапар тілеймін!
Ән
«Қолға қалам алуды…»
Тақпақтар
Балалардың тақпақтары.
Би
Вальс.
Шытырман оқиға: Бармалейдің айласы
Райхан Алтынхановнаны таба алмадық. Мүмкін, медбикеміз көрген шығар. Айша, медбикенің кабинетіне барып, шақырып келші.
Кабинеттегі тосын жағдай
Айша: Апай, Людмила Александровна жоқ, ал кабинетте Бармалей отыр.
Жүргізуші: Не-е-е?
Әуенмен Бармалей кіреді.
Бармалей: Емделуді жек көремін, жібердім оны алысқа. Ол — анда, ал мен — мында, өйткені мен Бармалей!
Бармалей: Сәбилерді сүйемін. Дәрігерлерің Испания елінде мұңайып отыр екен!
Би
«Испан» биі.
Көрініс
Бармалей балабақша ішін «аралап» шығады.
Ән
Ағылшынша ән (кемеде).
Би
«Матростар» биі.
Оңтүстікке сапар (сахналық эпизод)
«Судың жағасын көрдім! Түсеміз!» — деп, балалар жағалауға түседі. Милананың тақпағы айтылады:
Ах, какая здесь жара! Солнце ярко светит.
Море синее блестит, тюльпаны стройные растут.
Обезьяны там и тут, нет ни снега, нет ни вьюги —
Это значит, мы на юге!
Ән
«Наш любимый детский сад»
Сергіту сәті
Балалар шеңберге тұрып, қимыл-қозғалыс жасайды.
Дана апайға көмектесу
Күтпеген сәтте Бармалей музыка жетекшісінің орнында отырып қалады.
Бармалей: Тыныш, тыныш! Не айғай? Айғай-шудан шаршадым. Рұқсатымсыз бұл елге кемеммен жеттіңдер. Сондықтан Дана апайды домбыраға айналдырдым!
Бармалей домбырамен ойнайды.
Дана апайдың дауысы (домбырадан): Балалар, Бармалей мені домбыраға айналдырып жіберді. Өтінемін, құтқарыңдар…
Жүргізуші: Батырларды шақырып, апайды құтқарайық!
Би
«Батырлар» биі.
Сиқырлы сөз
Бармалей бәрін қайта орнына келтіремін деп, «Көздеріңді жұмыңдар… Айым, Лайым, Сайым! Бақшаға қош келдіңдер!» дейді де, қашып кетеді.
Қорытынды: ақжол тілектер
Балалар, қараңдаршы — елімізге қайта келіп жеттік. Күн бойы іздеген балабақша қызметкерлері сендермен қоштасуға сыртта күтіп тұр. Ендеше, балабақша меңгерушісі — Райхан Алтынхановна сөз алады.
Мамандардың әні
«Ұмытпаймыз сендерді»
Мерекелік бөлім
Тақпақтар, әндер, тәрбиешімен вальс орындалады.
Міне, балалар, көптен күткен қуаныш пен қимастық қатар өрілген мерекені жақындарыңмен, достарыңмен бірге атап өтудесіңдер. Осы залға жиналған әр жан сендерге сүйсіне қарап, шын жүректен сәт-сапар тілейді.
Балабақша директоры — Райхан Алтынхановна, сөз өзіңізде.