Тұрмыс салт әндерін тыңдауға үйрету, жырлар арқылы ұғындыру

Ұзақ мерзімді жоспар

Тақырып: Тұсау кесер Музыка Әдебиет Тарих

Бұл жоспар 5-сыныпқа арналған. Негізгі назар қазақтың тұрмыс-салт әндері мен дәстүрдің музыка өнерімен байланысын түсіндіруге, шығарманы талдауға және орындаушылық дағдыны дамытуға бағытталады.

Оқу мақсаттары

5.1.2.4

Ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминдерді қолдану.

5.1.1.1

Музыкалық және көркемдеуіш құралдарды анықтап, шығарманы талдау.

5.1.3.1

Әнді орындау барысында музыкалық көңіл күйді жеткізу.

5.3.1.1

Өз жұмысын ұсыну, жетілдіру және бағалау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Қазақтың тұрмыс-салт әндері мен музыка өнерінің байланысын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі

  • Ойын түсініп, пікірін білдіре алады.
  • Тұсау кесер жырын орындай алады.

Кейбір оқушылар

  • Әнді орындап, салыстыра алады.

Бағалау критерийлері

  • Әнді мәнерлеп орындау.
  • Өз жұмысын көрсете білу, кері байланыс беру және бағалау.

Тілдік мақсат

Оқушылар тұрмыс-салт әндерін талдап, талқылай алады; тыңдалым мен айтылым барысында өз ойын дәл әрі мәдениетті жеткізеді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер

жыр салт тұрмыс-салт әні көңіл күй

Диалогқа арналған тіркестер

  • Тұсау кесер жырын тыңдау барысында мен ... байқадым.
  • Тілек сөздер айтылғанда ... сезілді.
  • Бұл дәстүрдің мәні ... деп ойлаймын.

Құндылықтарға баулу

Оқушыларды тұрмыс-салт әндерін тыңдауға үйрету, дәстүрлік жырлар арқылы ұлттық құндылықтарды ұғындыру және сыйластыққа баулу.

Пәнаралық байланыс

Музыка, әдебиет, тарих.

Сабақ барысы

Басы

  • Оқушылармен амандасу, көңіл күйін бақылау.
  • Түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.
  • Өзін-өзі бағалауға арналған шәкіл таратып, белгілеуді ұсыну.

Ортасы

  • Көңіл күйді анықтау: әр оқушы смайлик салып, бүгінгі көңіл күйін бейнелейді.
  • Топқа бөлу: үш топқа бөлінеді — Ата, Әке, Бала. Топ басшысы сайланады.
  • «Моншақ тізу» әдісі: әр топ өз рөліне сай тілек құрастырады (Ата — балаға, Әке — балаға, Бала — ата-анасына). Топтағы оқушы санына сай «моншақ» (тілек жолдары) дайындалады. Әр топтан бір оқушы оқып береді.
  • Тыңдалым: тұсау кесер жырын видеоролик арқылы тыңдау.
  • Топтық талдау: тұсау кесу кезінде қолданылатын заттарды атап, олардың мағынасын түсіндіру.

Соңы

  • Оқушылар өз жұмысына қысқаша қорытынды жасап, жетілдіру жолын айтады.
  • Шәкіл бойынша өзін-өзі бағалап, кері байланыс береді.