Ойлы болсаң - озып көр көнерген сөзбен байланысты сөзді табу, мағынасын ашу
Сайыстың мақсаты
Бұл сайыстың негізгі мақсаты — тіл мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін насихаттау, оны күнделікті өмірде тиімді қолдануға үйрету және жастарды шешендік өнерге баулу.
Сайыс құрылымы
Сайыс жеті кезеңнен тұрады. Әр кезеңде қатысушылардың сөз саптауы, ой ұшқырлығы, мақал-мәтел қоры мен тұрақты тіркестерді қолдану шеберлігі бағаланады.
1) Топтың атын және ұранын қорғау (2 минут)
Әр топ өз атауын таныстырып, ұранын мәнерлеп қорғайды.
2) «Мақал — сөздің мәйегі» (3 минут)
Дауысты және дауыссыз дыбыстардан басталатын мақал-мәтелдерді айту бойынша жарыс.
3) «Деген екен» (3 минут)
Билер мен шешендердің, сондай-ақ әйгілі өнер және білім қайраткерлерінің, ақын-жазушылардың ұтқыр ойлары мен ұтымды жауаптарынан үзінділерді мәнерлеп оқу.
4) «Мықты болсаң — тауып көр» (3 минут)
Тұрақты сөз тіркестерін білу деңгейі сыналады. Әр дұрыс жауап 10 ұпай болып есептеледі.
Топ құрамы — 6 адам.
5) «Жүйрік болсаң — шауып көр» (3 минут)
Кестеде берілген сөздерден мақал-мәтел құрастыру және мағынасын түсіндіру.
6) «Ойлы болсаң — озып көр»
Көнерген сөзге байланысты сөзді табу және мағынасын ашу. Қазылар алқасы әр топтың жауабын 5 ұпайлық жүйемен бағалайды.
7) Сөйлемді аяқтаңыз
Берілген сөйлемдерді қисынды әрі көркем түрде жалғастыру тапсырмасы.
Бағалау және марапаттау
Жауаптар 5 ұпайлық жүйемен бағаланады. Ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанып, марапатталады.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Балтабай Адамбаев. Шешендік сөздер. Алматы, 1990.
- Абат Қыдыршаев. Шешендіктану. Орал, 2004.
Жүргізушілер сөзі
1-жүргізуші
Құрметті оқушылар мен ұстаздар, тілдер мерекесіне арналған «Сөз тапқанға қолқа жоқ» атты шешендік өнер сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызға 9-сынып оқушылары, пән мұғалімдері және сынып жетекшілері қатысып отыр.
2-жүргізуші
Сайыскерлердің білімін және шешендік шеберлігін бағалайтын қазылар алқасын сайлап алайық. Жауаптар 5 ұпайлық жүйемен бағаланады. Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанып, марапатталады.
1-жүргізуші
Сайысымыздың бірінші кезеңін бастаймыз. Әр топ өз атауын және топ ұранын қорғайды.
2-жүргізуші
Қазақ халқы «Сөз қадірі — өз қадірім» деп білген. Қазақ тілі — сұлу, қонымды да толымды тіл. Сол тілдің кестелі өрнегі өлмейтін, өшпейтін ғажайыптар тудырып, сарқылмас ауыз әдебиетін жасады. Ауыз әдебиетінің бай қазынасының бірі — мақал-мәтелдер. Ендеше, мақал-мәтелдер сайысын бастайық.
Ортаға 9 «А», 9 «Ә», 9 «Б» сынып оқушыларынан құралған топтарды шақырамыз.