Кластер әдісімен өткенді пысықтау
Қазақ әдебиеті (10-сынып)
Тақырып: «Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасы». Бұл сабақта Абайдың табиғат туралы өлеңдері орыс классиктерінің дүниетанымымен салыстырыла қарастырылып, мәтінді мәнерлеп оқу, жатқа айту және талдау дағдылары жүйелі түрде дамытылады.
Білімділік мақсаты
Абай өлеңдерін орыс классиктерінің туындыларымен салыстыра отырып терең меңгерту; жатқа айту, өлең талдау машығын жетілдіру; теориялық ұғымдарды түсіндіру; этнографиялық танымды кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты
Эстетикалық және экологиялық тәрбие беру; поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнерге сүйіспеншілікті арттыру; Абай ұлылығын терең сезіндіру; туған табиғатқа қамқор болуға баулу.
Дамытушылық мақсаты
Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету; өлеңдерді сатылай-кешенді талдау қабілетін және сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақтың мазмұндық паспорты
- Сабақ түрі
- Аралас
- Әдіс-тәсілдер
- Баяндау, әңгімелеу, салыстыру, талдау
- Пәнаралық байланыс
- Орыс әдебиеті, тарих, табиғаттану, халық ауыз әдебиеті, музыка
- Көрнекілік
- Компьютер, слайдтар, суреттер
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
- Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдау.
II. Өткенді пысықтау
Кластер әдісі және сұрақ-жауап
Абай туралы не білеміз?
Хронологиялық деректер бойынша сұрақтар
- 1) Абай қай жылы туған? — 1845 жылы, 10 тамыз.
- 2) Туған жері қай өңір? — Семей облысы, Шыңғыстау тауының бөктері.
- 3) Абайдың шын аты кім? — Ибраһим.
- 4) Әжесінің аты кім? — Зере.
- 5) Арғы аталары кімдер? — Өскенбай, Ырғызбай.
- 6) Анасының аты кім? — Ұлжан.
- 7) Құнанбайдың неше әйелі болған? — 4.
- 8) Абайдың дүниетанымының қалыптасуына ықпал еткен тұлғалардың бірі? — Михаэлис.
- 9) Абай неше жасқа дейін оқыған? — 13 жасқа дейін.
- 10) Семейде оқыған медресесі қалай аталған? — Ахмет-Риза.
- 11) Абайдың руы? — Тобықты.
Қосымша материал: слайд арқылы Абай Құнанбаевтың өмірбаянына шолу.
III. Жаңа тақырыпты игерту
Табиғат лирикасын түсіну және талдау
Слайдтан әр жыл мезгілінің табиғат көріністері көрсетіледі. Оқушылармен бірге: «Бүгін біз не туралы сөз етеміз?» деген сұрақ арқылы тақырып өзектендіріледі.
Ассоциация
«Табиғат» деген сөзді естігенде ойларыңа қандай ұғымдар келеді?
Негізгі ой
Табиғатқа немқұрайлы қарау, онымен санаспау — ана сүтін ақтамағанмен бірдей.
Табиғат туралы ой-толғамдар
Табиғат — поэзия бұлағы.
Не то, что мните вы, природа:
Не слепок, не бездушный лик;
В ней есть душа, в ней есть свобода,
В ней есть любовь, в ней есть язык.
В любой травинке сыщется душа,
И не бездушны кедры — исполины…
Земля родная, как ты хороша
И дорога от кочки до вершины!
Абайдың табиғат лирикасының өзегі
Табиғат — адамның өмір сүретін, тіршілік ететін ортасы. Онсыз өмір жоқ. Қазақ даласының болмысын, тұрмыс-тіршілігін, көшпелі ауылдың бейнесін табиғат көріністерімен тұтастыра суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған.
Абайға дейін табиғат көріністерін мұншалықты терең әрі жан-жақты жырлаған ақын сирек. Бүгін біз жыл мезгілдеріне қатысты: «Қыс», «Жазғытұры», «Күз», «Жаз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлеңдерін оқып, талдаймыз. Бұл шығармалар 1886–1890 жылдар аралығында жазылған.
Абайдың төрт мезгіл туралы өлеңдері — бейнеті мен азабы мол мал шаруашылығын, баянсыз көшпелі ауыл тірлігін айқын көрсететін көркем туындылар.
Табиғатты жанды бейнеге айналдыруға ұлы Абай орыс классиктерінен үйренген. Оның табиғат лирикасы жалаң суретке құрылмайды: пейзажы қимылға толы, адаммен қарым-қатынасқа түседі, мағынасы тереңдейді.
Көркем әсер: мезгілдер әлемі
Көктем келсе, біз Абайдың сөгілген бұлтын, ойнаған найзағайын еске аламыз. Жаз шықса, көк орай шалғынға аунағандай боламыз. Күз түссе, дымқыл тұманға шомылғандай әсерленеміз. Қыс болса, ақ сақалды, қалтыраған шал көз алдымызға келеді.
Абай жырлаған самал, сағым, жел, жаңбыр, үскірік пен аяз — бүгін де дәл сол күйінде тұрғандай сезіледі. Сол байлық бәрімізге жететіндей. Абай ұлылығының бір қыры да — осында.
Оқушылар жұмысы
- Екі оқушы «Жаз» және «Күз» өлеңдерін жатқа айтады.
- Өлеңдердің мазмұны мен көркемдік ерекшеліктеріне тоқталу.
Сөздік жұмысы
| Сөз | Мағынасы (орысша) |
|---|---|
| Жалаң | отдельный |
| Жамыраңқы | многогранный |
| Дарып | внедряться |
| Көк орай шалғын | луг |
| Бүріккен | брызгать |
| Әсерленеміз | вдохновиться |
| Самалы | ветерок |
| Сағымы | мираж |
| Үскірігі | лютый мороз |