Шет тігіс

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы • №244 Ыбырай Жақаев атындағы орта мектеп

Технология пәні мұғалімі: Ардақ Көбегенова

Сабақ тақырыбы

Машина тігістерін жасау

Сабақ мақсаты

Білімділік

Машина тігістерінің түрлерімен таныстыру және тігістерді орындауды үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімін тәжірибеде қолдануға ықпал ету және жұмыс орындаудағы ептілігін дамыту.

Тәрбиелік

Еңбек мәдениетіне, іскерлікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Сабақ әдісі

Сарамандық жұмыс.

Көрнекіліктер мен құралдар

  • Суреттер
  • Ине мен жіп
  • Қайшы
  • Тігін машинасы

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сабаққа қатысуды бақылау.
  • Оқушылардың жұмыс киімі мен сабаққа дайындығын тексеру.

II. Өткен сабақты қайталау

1) Машина тігістерінің сапасына не әсер етеді?

Машина тігісінің сапасына тігіс ұзындығы мен жіптің тартылуы әсер етеді. Алдымен қажетті тігіс ұзындығын реттеген дұрыс: өте жұқа маталар майда тігіспен, қалың маталар ірі тігіспен тігіледі. Тігіс ұзындығы әдетте 1–4 мм аралығында өзгереді.

2) Жіптің тартылуын қалай реттейді?

Үстіңгі жіпті өткізгенде ол екі дөңгелектің арасынан өтеді. Астыңғы жіп шөлмектің қақпағындағы жіпті тартып тұратын серіппе арқылы өткізіледі. Осы құрылғылар жіптің тартылуын реттеуге мүмкіндік береді.

  • Үстіңгі жіпті сабақтау
  • Астыңғы жіпті сабақтау

III. Жаңа тақырып

Тігін машиналарының түрлері

  • Қол жетекті
  • Аяқ жетекті
  • Электр жетекті

Жұмыс жасауға ең ыңғайлысы — электр жетекті машина: жылдамдығы жоғары және басқаруы қарапайым. Көптеген тұрмыстық тігін машиналарының жетегі аспалы немесе салынбалы болады. Жетек электр қозғалтқыштан, қосу педалінен және айыр қосқышты сымнан тұрады. Электр қозғалтқыш шкиві маховик шкивімен белдік арқылы жалғасып, қажет кезде ажыратылады.

Тігін машинасын жұмысқа дайындау

  1. Үстіңгі жіпті сабақтау.
  2. Астыңғы жіпті сабақтау.
  3. Жіптің тартылуын реттеу.

IV. Техника қауіпсіздігі ережелері

  • Тігін машинасымен жұмыс істегенде денені тік ұстап, басты сәл алға еңкейтіп отырыңыз.
  • Жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсуі керек.
  • Орындық пен тігін машинасының арақашықтығы 10–15 см болғаны дұрыс.
  • Тігін машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңыз.

V. Машина тігістерін жасау

Тігін бұйымдарын дайындау кезінде әртүрлі тігістер қолданылады. Негізгі бөлшектерді қосып тігу, әсемдеу бөлшектерін бастыра тігу және шет тігістерін жүргізу үшін төмендегі тігіс түрлері жиі пайдаланылады:

Жапсырмалы тігіс Бастырмалы тігіс Шет тігіс Қос тігіс

Қос тігіске қойылатын талаптар

  • Тігіс ұзындығы бойымен ені біркелкі болуы тиіс.
  • Тігіс түзу болуы тиіс.
  • Екінші тігіс матаның қиылған шеттерін толық жауып тұруы қажет.

Қос тігісті орындау кезеңдері

  1. Матаның екі бөлшегін теріс жағымен беттестіріп, шеттерін теңестіріңіз. Түйреуішпен бекітіп, уақытша тігіс жүргізіңіз.
  2. Қиылған шетінен 4 мм қашықтықта біріктіріп тігіңіз. Уақытша тігісті алып тастап, тігіс қиықтарын екі жаққа қайырып үтіктеңіз.
  3. Бұйымды өң жағына қаратып, тігісін түзеп, әдіптеңіз.
  4. Бүктелген шетінен 7 мм қашықтықта екі бөлшекті қайта тігіңіз. Уақытша тігістерді алып, үтіктеп, тігісті соңғы өңдеуден өткізіңіз.

VI. Қорытынды

  • Сабақты қорытындылау.
  • Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру.
  • Бағалау.
  • Үй тапсырмасын беру.

Үй тапсырмасы

  • Машина тігістерін жасау (қайталау).
  • Тігін машинасының түрлері.
  • Жапсырмалы тігіс.
  • Бастырмалы тігіс.
  • Шет тігіс.