Би, шешен туралы мақал - мәтелдерБи болмасаң болма, би түсетін үй бол
Би, шешен туралы мақал-мәтелдер
Қазақтың мақал-мәтелдері би мен шешеннің қоғамдағы орнын, әділдік пен бітімнің қадірін айқын көрсетеді. Төмендегі нақыл сөздер сөз мәдениеті мен биліктің жауапкершілігін, дауды ақылмен тарқатудың маңызын паш етеді.
Нақыл сөздер
«Би болмасаң болма, би түсетін үй бол.»
«Айтысқан соң — дау емес пе, алысыпқан соң — жау емес пе.»
«Аталыдан би қойсаң, адаспас жол мен жобадан.
Атасыздан би қойсаң, босамас аузы парадан.»
«Аянбаған жауды алар, абайлаған дауды алар.»
«Әділ бидің елін дау араламайды, әділ патшаның елін жау араламайды.»