Стакандағы суға тұз салып, қасықпен араластыру

Сабақтың мақсаты

  1. Оқушылардың ас тұзы туралы түсінігін қалыптастыру: оның адамдар мен жануарлар үшін маңызы, негізгі көздері және көлден тұз өндіру жолдары.
  2. Логикалық ойлау қабілетін және сөздік қорын дамыту.
  3. Табиғатты аялауға тәрбиелеу, ел байлығын үнемді пайдалануға үйрету.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі

Сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі

Ас тұзы, сызбалар, интерактивті тақта, слайдтар, сабын, шыны, карта және т.б.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар:

  • Құм неден тұрады?
  • Құмнан не жасайды?
  • Құм қалай өндіріледі?
  • Саз қандай болады?
  • Саздан не жасайды?
  • Әктас табиғатта қай жерлерде кездеседі?
  • Әктасты қалай пайдаланады?
  • Мәрмәр деген не?

III. Жаңа сабақ

Ой қозғау

Пайдалы қазбалар қасиетіне қарай неше топқа бөлінеді?

Жанғыш

  • Көмір
  • Газ
  • Мұнай

Кенді

  • Темір
  • Алюминий
  • Мыс
  • Қорғасын

Кенсіз

  • Құм
  • Саз
  • Мәрмәр
  • Әктас
  • Ас тұзы

Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы — ас тұзы. Ас тұзын не үшін қолданамыз? Ал сендер тұздың қайдан алынатынын ойланып көрдіңдер ме?

Ас тұзының шығу көздері

Жерасты шахталарынан

 

Ащы көлдердің түбінен

 

Тұз өндіретін кен орындарынан

Суреттермен жұмыс

Тұзды қалай өндіреді? (Слайд арқылы талдау.)

Картамен жұмыс

Қазақстанда ас тұзы қай жерлерде өндіріледі?

  • Ақтөбе облысы — Шалқар
  • Атырау облысы — Доссор, Индер
  • Қызылорда облысы — Арал
  • Павлодар облысы және т.б.

Оқулықпен жұмыс

Мәтінмен танысу.

Сөздік жұмыс

Ақыр
Мал суаратын науа, су ағатын ойыс ыдыс.
Ағынды көл
Көлден өзен ағып шықса, суы көбіне тұщы болады.
Ағынсыз көл
Көлден су ағып шықпайды; суы көбіне ащы (тұзды) болады.

Сұрақ-жауап

  • Ас тұзы не үшін керек?
  • Тұз тұнбасы қалай пайда болады?
  • Адам тұзды қайдан алады?

Тәжірибе жасау

  1. Стакандағы суға тұз салып, қасықпен араластыру.
  2. Дәмін байқап көру.
  3. Түсін және суда еру деңгейін анықтау.
  4. Нәтижені дәптерге жазу.

Бақылау нәтижесі

  • Дәмі

    Ащы

  • Түсі

    Түссіз

  • Түрі

    Ақ

  • Еруі

    Суда ериді

Сызба құрастыру

Ас тұзының қасиеттері

Ащы Ақ Түссіз Суда ериді

Қорытынды: тест тапсырмалары

  1. 1) Пайдалы қазбалардың қайсысы қатты кен жыныстарына жатады?

    • A) Құм мен саз
    • Ә) Гранит пен тас көмір
    • Б) Газ
  2. 2) Пайдалы қазбалардың қайсысы сұйық пайдалы қазбаларға жатады?

    • A) Құм мен ас тұзы
    • Ә) Мұнай мен сынап
    • Б) Шымтезек
  3. 3) Пайдалы қазбалар шоғырланған жер қалай аталады?

    • A) Қойма
    • Ә) Кеніш
    • Б) Жер қойнауы
  4. 4) Пайдалы қазбалардың қайсысы кенді пайдалы қазбаға жатады?

    • A) Шымтезек
    • Ә) Фосфорит
    • Б) Темір кені
  5. 5) Кенді пайдалы қазбалар қандай мақсатта пайдаланылады?

    • A) Отын ретінде
    • Ә) Металл алуға
    • Б) Тыңайтқыш пен құрылыс материалдарын дайындауға

Үйге тапсырма

«Ас тұзы» мәтінін оқу.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуына, жауаптарының толықтығына және тәжірибе нәтижесін дұрыс қорытындылауына қарай бағалау.