Мозайка арқылы топтарға бөлу
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Пәні: Әдебиеттік оқу, 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Көктем сәні» (ертегі, слайд арқылы)
Сабақ түрі: топтық және жұптық жұмыс
Сабақ типі: жаңа білімді меңгеру
Мақсаты
Ақпарат көздерін тиімді пайдалану арқылы Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.
Міндеттері
- Өлеңдегі кейіпкердің көңіл-күйін сезіне отырып, бейнелі сөйлеуге машықтану.
- Оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне ықпал ету.
- Өзіндік пікір қалыптастыру арқылы тапсырмаларды өзара талқылап, қорытынды жасап, түйінді ойларды жинақтай білу.
- Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызығушылық оятып, табиғатты аялауға және табиғат сұлулығын сезінуге тәрбиелеу.
Қолданылатын модульдер
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Білім беруде АКТ-ны пайдалану
Білім берудегі басқару және көшбасшылық
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту
Әдіс-тәсілдер
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады.
- Ертегі жолдарын топта талқылап, бір-біріне түсіндіруге және ойын еркін айтуға үйренеді.
- Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары дамиды.
- Топтық жұмыс ұйымшылдық пен белсенділікті арттырып, білімге қызығушылықты күшейтеді.
Сабақтың басталуы: мұғалімнің іс-әрекеті
1) Ынтымақтастық атмосферасын құру
Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа бағыттау.
Оқушылар көңіл күйін смайлик ілу арқылы көрсетеді.
«Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің сәулесіне ұқсайды. Ал сендердікі ше?»
Әр күн таңертеңнен басталады. Көңіл-күйімізді реттей білуіміз керек.
2) Психологиялық тренинг
Барлығы бірге айтады:
Жер Ана, саған мың алғыс!
Бар байлығын беріп тұрған.
Шуақты Күн, саған мың алғыс!
Жан жылуын төгіп тұрған!
3) Топқа бөлу
«Мозайка» әдісі арқылы төрт топқа бөлу:
1-топ
Жаз
2-топ
Күз
3-топ
Көктем
4-топ
Қыс
4) Ұйымдастыру жұмысы
- Дәптерге күнді жаздыру: Ақпанның он жетісі.
- Бағалау тәсілдерімен таныстыру.