Қағаз өнері - оригами

Сабақтың тақырыбы

Қағаз бүктеу өнері — оригами (презентациямен).

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды оригами — қағаз бүктеу өнерінің тарихымен және аққу макетін жасау жолдарымен таныстыру.

  • Шығармашылық ойлау арқылы сұлулық пен үйлесімділікті қабылдай білуге үйрету.
  • Көзбен мөлшерлеу, дәлдік пен ұқыптылық дағдыларын дамыту.
  • Еңбекке сүйіспеншілік пен қызығушылықты арттыру; қағазбен жұмыс барысында бүктеу мен құрастыруға мән беру.
  • Шеберлікке, әсемдікке, ұқыптылыққа баулу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі

Сарамандық жұмыс

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі

СТО технологиясы, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс

Тарих, ән-күй, бейнелеу өнері, математика, әдебиет

Құрал-жабдықтар

  • Қайшы
  • Желім
  • Ақ қағаз
  • Сызғыш
  • Қарындаш

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме, балалар! Сабақ бастауға дайынсыңдар ма?

Құралдарың түгел ме? Көңіл күйлерің қандай? (Сурет арқылы көрсету.)

2) Ой шақыру

Өнерге және еңбекке байланысты мақал-мәтелдер айту. Мағынасын талдау.

Маған айт — мен естимін.
Маған көрсет — есімде сақтаймын.
Маған істеуге бер — мен түсінемін.

Жапон мақалы

3) Мағынаны ашу: оригами деген не?

Бүгінгі тақырыбымыз — қағаз өнері, яғни оригами. Біз қағазды бүктеу арқылы оригами техникасын қолданып, аққу макетін жасаймыз.

Қағазды бүктеу арқылы жасалған бұйымдар оригами деп аталады. Бұл өнердің өзіне тән тарихы бар.

4) Қағаздың пайда болуы: қысқаша тарихи шолу

Қағаздың Қытайда пайда болуы ресми түрде б.з. 105 жыл деп саналады. Сол жылы шенеунік Цай Лунь императорға қағаз жасау технологиясы туралы мәлімдеді.

Қытайлықтар жүн мен жібекті қолжетімді материалдармен — өсімдік талшықтары, тұт ағашының қабығы және бамбук сабақтарымен алмастырды. Осылайша мүлде жаңа материал — қағаз дүниеге келді.

VII ғасырдың басында буддалық монах Дан Хо Жапонияға барып, қағаз жасау құпиясын таныстырды. Бастапқыда Жапонияда қағаз жібек талшықтарынан жасалды, кейін қымбат шикізат арзан материалдармен алмастырылды: бамбук, ағаш қабығы, кендір, шүберек.

Бір ғасыр өткен соң жапондар өз қағазын шығара бастады, әрі оның сапасы Қытай қағазынан да жоғары болды.

5) Оригамидің отаны және ерекшелігі

Оригамидің отаны — Жапония. Жапонияда бұл өнер Хэйан кезеңінен (794–1185) бері белгілі. Ол уақытта қағаз қолмен жасалған, құнды әрі әсем материал болып, көбіне діни рәсімдерде қолданылған.

«Ори» — қағаз, «ками» — құдай сөздерінің дыбыстық ұқсастығы да бұл өнердің мәнін тереңдете түскені айтылады.

Жапон қағазының өзіндік ерекшелігі бар: кейбір шағын өндірістерде электр қуатының орнына су, күн және жел энергиясын қолданады.

Дәстүрлі оригамида бұйымды қайшысыз, тек бүктеу арқылы жасау тән. Қазіргі таңда оригамимен тек Жапонияда ғана емес, көптеген елдерде де айналысады.

6) Тырна және бейбітшілік символы

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тырна бүктеу дәстүрі жаңа мағынаға ие болды: ол бейбітшіліктің символына айналды. Хиросимаға атом бомбасы тасталғаннан кейін зардап шеккен Садако Сасаки (1943–1955) 644 тырна бүктеп үлгеріп, өмірден өтті.

7) Оригамидің түрлері мен техникасы

Қарапайым оригами

Британ оригамисті Джон Смит ұсынған стиль. Бүктемелер «төбешік» және «жазықтық» қатпарларымен шектеледі.

Айналдыра бүктеу

Диаграмманың бір түрі: дайын модельдің барлық бүктемелері толық сызба түрінде көрсетіледі.

Модульдік оригами

Тұтас фигура көптеген ұсақ бөліктерден (модульдерден) құралады. Әр модуль қағаз парағынан бүктеліп жасалады.

Сулы бүктеме

Акира Иошизава ұсынған техника. Суланған қағаз пішіннің түзу, көрікті және берік шығуына көмектеседі.

8) Талқылау сұрақтары (аққу бейнесі)

  1. Аққу туралы қандай аңыз білесіңдер?
  2. Аққу қандай құс?
  3. Аққу туралы қандай өлең жолдарын білесіңдер?

«Аққу күйі», аққуға қатысты өлеңдер мен бейнематериалдар көрсетіледі.

9) Сарамандық жұмыс

1) Қағазды қию және бүктеу тәсілдері

Қағазды өлшеп қию, дәл бүктеу, қатпарларды айқындау әдістерін көрсету және орындату.

2) Модульдерді біріктіру

Дайын модульдерді ретімен біріктіріп, аққу бейнесін құрастыру.

10) Сергіту сәті

Көз бен қолға арналған қысқа жаттығулар орындау.

11) Ой толғаныс: INSERT әдісі

Сабақты қорытындылау үшін төмендегі кестені толтыру ұсынылады.

Білемін Білдім Білгім келеді

12) Бағалау

  • Оқушылардың сабақтағы белсенділігін атап өту.
  • Жасаған жұмыстарын бағалау.
  • Көңіл күйді қайта анықтау (сурет арқылы көрсету).

13) Үй тапсырмасы

Аққу макетін қағазды бүктеу арқылы жасауды жалғастыру және аяқтау.