Қоршаған ортаны бүкпесіз шынайы бейнелеу
Құлсары балалар өнер мектебінің мұғалімі Елтезерова Нұргүл Қадірқызы. Пәні: Кескіндеме.
Сабақтың тақырыбы: Натюрморт жанрының шығармашылық композициясы.
Практикалық тапсырма
Берілген тәжірибелік тапсырма: түсі мен формасы әртүрлі заттардан құралған тақырыптық натюрморттың этюдін орындау.
Мақсат: натюрмортты стильдеу әдісімен немесе басқа да тәсілдермен, әртүрлі техникада бейнелеу.
Стильдеу ұғымы
Стильдеу дегеніміз не?
Стильдеу — шығармашылықта затты әсірелеу арқылы бейнелеу: оның пішінін, түрін, түсін өзгерту, бірақ сол заттың түпкі болмысын сақтап қалу.
«Стиль» сөзінің мағынасы және қолданылуы
«Стиль» ұғымының ғылымда бірнеше түсіндірмесі бар. Латын тілінен аударғанда «жазу желісі» деген мағына береді. Бұл ұғым өнердің көптеген саласында кездеседі: музыкада, биде, кинода, театрда, әдебиетте және бейнелеу өнерінің барлық түрлерінде.
Тәжірибелік кезең
Әр оқушы өткен сабақтарда бастаған жұмысын бүгін аяқтайды және орындалған жұмыс туралы қысқаша түсінік береді.
«Суперлото» ойыны
Ойын шарты
Әр оқушыға билет таратылады. Алдымен сыйлық қойылады, кейін қоржыннан нөмір суырылып, сұрақ оқылады. Оқушы жауап берсе — сыйлықты ұтады, жауап бермесе — ұтылады.
«Декор» сөзінің мағынасы қандай?
СұрақЖауабы: «Декор» латын тілінен аударғанда «сәндеу» деген мағына береді.
Стильдеу дегеніміз не?
СұрақЖауабы: Стильдеу — затты әсірелей бейнелеу; оның пішінін, түрін, түсін өзгерте отырып, түпкі болмысын сақтау.
Пуантилизм дегеніміз не?
СұрақЖауабы: Пуантилизм — француз тіліндегі «пуант» сөзінен шыққан, «нүктемен жазамын» дегенді білдіреді. Бұл әдісті алғаш қолданған француз суретшісі Жорж Сера (1859–1891).
Кубизм дегеніміз не?
СұрақЖауабы: Кубизм — француздың «куб» сөзінен туындаған; заттарды геометриялық пішіндерге ұқсатып бейнелеу бағыты. Алғашқы кубист суретшілердің бірі — испандық Пабло Пикассо (1881–1973).
Абстракционизм дегеніміз не?
СұрақЖауабы: Абстракционизм — латынша «кесемін, жоямын» деген мағына береді; шынайы бейнелеуден бас тартып, геометриялық пішіндер, өрнек, түс, дақ, рең арқылы суреттеу әдісі. Алғаш абстракционист суретші — Василий Кандинский (1866–1944).
Қазақ халқында стильдеу әдісі қашан дамыған?
СұрақЖауабы: Халқымыз стильдеу әдісін өте ерте заманнан бері қолданған. Бұған дәлел — ою-өрнек және тастағы таңбалар. Өсімдік, жануар тектес, геометриялық және космогониялық ою-өрнектер стильдеу арқылы бейнеленген.
Реализм дегеніміз не?
СұрақЖауабы: Реализм — латынша «шынайы» деген мағына береді; өмірді және қоршаған ортаны бүкпесіз, шынайы бейнелеу. Реалист суретші: Әбілхан Қастеев (1904–1973).
Суперойын
Энкаустика дегеніміз не?
СұрақЖауабы: Энкаустика — грек тілінен аударғанда «күйдіру, еріту» деген мағына береді. Бұл тәсілді алғаш қолданған энкауст суретшілер ретінде Ежелгі Египет шеберлерін атауға болады.
Көрме және бағалау талаптары
- Орындау шеберлігі.
- Ойлау және қиялдау қабілеті.
- Композициялық құрылым.