Негізгі құрылғылары

Сабақтың тақырыбы

Дербес компьютердің құрылысы

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Есептеуіш техниканың даму кезеңдерін ескере отырып, қазіргі заман талабына сай дербес компьютердің негізгі құрылғыларын терең түсіндіру.

2) Дамытушылық

Өткен және жаңа тақырыптарды байланыстыра отырып, оқушылардың сауаттылығын, ойлау қабілетін, пәнге қызығушылығын және белсенділігін арттыру.

3) Тәрбиелік

Білім мен тәрбиені қоғамда дұрыс қолдана білуге үйрету, оқушының ой-өрісін кеңейту.

Сабақтың әдісі

Сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Суреттер
  • Кесте
  • Оқулық

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Кітап, дәптер, қаламдарын дайындауын қадағалап, сабаққа бағыттау.

II. Үй тапсырмасын сұрау (тест арқылы)

  1. Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әртүрлі есептеуді жүргізудің жолдарын іздеді. Олар есептеулерді қалай орындады?

  2. Ең ерте замандағы және бәрімізге белгілі есептеу құралы қандай?

  3. ЭЕМ-нің бірінші буыны (1945–1955) қалай жұмыс істеді?

  4. ЭЕМ-нің төртінші буыны қай жылы пайда болды?

III. Жаңа сабақ

Алдыңғы тақырыпта біз ЭЕМ-нің даму тарихын қысқаша қарастырдық. Бүгінгі күні дербес компьютерлер (ДК) көпшілік арасында кең таралған. «Дербес» деп аталуының себебі — бір адамның жұмыс істеуіне арналғандығы.

Негізгі ой

Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғыдан (блоктан) тұрады, және олардың құрылысында ортақ ұқсастық бар.

Негізгі құрылғылар

  • Жүйелік блок
  • Монитор
  • Пернетақта
  • Тышқан (mouse)

Қосымша құрылғылар

  • Принтер (баспа құрылғысы)
  • Сканер
  • Модем
  • Колонкалар
  • Джойстик

Жүйелік блок

Жүйелік блок — дербес компьютердің ең негізгі бөлігі. Оның ішінде көптеген маңызды құрылғылар орналасады: жүйелік тақша (аналық плата), процессор, жедел жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, бейнекарта және т.б.

Алдыңғы панель

  • Қосу батырмасы (Power)
  • Қайта жүктеу батырмасы (Reset)
  • Компакт-диск жетегі және (кей құрылғыларда) дискета жетегі
  • Жарық индикаторлары

Артқы панель

Монитор, пернетақта, тышқан сияқты негізгі құрылғыларды және принтер, модем, сканер, микрофон сияқты қосымша құрылғыларды қосуға арналған порттар мен кірістер орналасады.

Процессор

Процессор — компьютердің ең басты бөлігі, яғни оның «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды (операцияларды) орындайды. Компьютердің кез келген жұмысы процессордың қатысуымен орындалады.

Іс жүзінде негізгі есептеу жұмыстарын микро процессор атқарады. Кең тараған атаулардың бірі — Pentium. Процессор жиілігі жоғарылаған сайын, компьютердің өнімділігі де артады.

Маңызды байланыс

Процессор жадпен бірлесіп жұмыс істейді, сондықтан жадтың көлемі мен жылдамдығы да жалпы өнімділікке әсер етеді.

Жедел жад (оперативті жад)

Жедел жад — компьютердің ішкі жады. Ол қажетті ақпаратты өзіне өте жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Алайда бұл ақпарат уақытша сақталады: компьютер өшірілгенге дейін ғана.

Тұрақты жад (ТЖҚ)

Компьютердің ішіне өндіруші зауытта орнатылатын ішкі жад. Ол негізгі жүйелік ақпаратты сақтауға арналған.

Жедел жад (ЖЖҚ)

Ақпаратты уақытша сақтауға арналған жад. Оның көлемі шектеулі болғандықтан, қажет деректерді сыртқы жадқа (дискке) көшіріп отыру керек.