Туған тарих

Сабақ тақырыбы

М. Шаханов — «Төрт ана»

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың әдістері

  • СТО: «Әлемді шарлау»
  • Дамыта оқыту
  • Проблемалық оқыту
  • Топтық жұмыс

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ата-баба тарихының қазақ елінің болашағы мен тағдыры үшін болған күреспен тығыз байланысын түсіндіру, оны қастерлеу — ұрпақ борышы екенін ұғындыру.

Дамытушылық

Ақын сезімін өз сезімімен сабақтастыра қабылдайтын, ойын дәлелді жеткізе алатын тұлғаны дамыту.

Тәрбиелілік

Тілді, салт-дәстүрді, туған жер мен тарихты құрметтеуге тәрбиелеу; ұлттық құндылықтарды тірек әрі айбын ету.

Көрнекіліктер мен ресурстар

Слайдтар

  • «Ата-баба тарихы — менің тарихым»
  • «Ер есімі — ел есінде»
  • М. Шаханов — «Төрт ана»

Қосымша материалдар

  • Сызба және сұрақ парақшалары
  • «Қазақтың салт-дәстүрлері» тақырыбына деректер
  • «Туған жер» бойынша фото және иллюстрациялар

Сабақ барысы

I. Қызығушылықты ояту (СТО: «Әлемді шарлау»)

  1. 1) «Ата-баба тарихы — менің тарихым» (қайталу бөлімі)

    Қайталу

    Суреттегі бейнелер мен берілген тақырып қандай оқиғаларды еске түсіреді?

  2. 2) Оқушылардың жауаптарын тыңдау

    Тарау материалдарын қандай тақырыптарға топтастыруға болады?

  3. 3) Топтық тапсырма

    Орындау түрлері: деректі әңгіме, өлең оқу, көрініс қою.

    I-топ

    Халық қорғаны

    II-топ

    Желтоқсан оқиғасы

    III-топ

    Кедейшілік

    IV-топ

    Басқыншылық

II. Мағынаны түсіну (жаңа сабақ)

  1. 1) Мұхтар Шаханов — жазушы

    Ақынның азаматтық үні, тарихи сананы оятудағы орны туралы қысқаша кіріспе әңгіме.

  2. 2) «Төрт ана» өлеңін мәнерлеп оқу

    Мазмұнды сезіне отырып, екпін мен интонацияға назар аудару.

  3. 3) Өлеңді сызбаға сүйеніп талдау

    Ақын атаған «төрт ананы» атау және олардың мәнін ашу.

  4. 4) Жаңа топ құру және шығармашылық тапсырмалар

    Орындау түрлері: деректі әңгіме, өлең арнау, эссе жазу, көрініс.

    I-топ

    Салт-дәстүр

    II-топ

    Туған тіл

    III-топ

    Туған жер

    IV-топ

    Туған тарих

III. Ой қорыту

Көрініс

Оқушылар қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетеді.

Өлең

Тілге арнап өлең оқылады, негізгі ой мен құндылықтар түйінделеді.

Пікір

Туған жердің өзгерісін фото-суреттер арқылы салыстырып, өз көзқарастарын дәлелмен білдіреді.

Үй тапсырмасы

  • Өлеңді жаттау

    «Төрт ана» мәтінін мәнерлеп айтуға дайындалу.

  • Шығарма жазу

    Тақырып: туған тіл, туған жер, салт-дәстүр немесе тарих құндылығы.

  • Сурет салу

    «Менің төрт анам» идеясы бойынша иллюстрация дайындау.