Аквариумдағы балықтар

Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тобы

ІІ кіші «Күншуақ» тобы

Күні

21 қараша, 2017 жыл

Білім саласы

Таным, шығармашылық

Кіші сала

Жаратылыстану, сурет

Тақырыбы

«Су — өмірдің нәрі. Аквариумдағы балықтар»

Мақсаты

Танымдық

  • Судың адамға және жалпы тіршілікке қажеттілігін түсіндіру.
  • Суды үнемді пайдалану, суды ластауға болмайтыны туралы түсінік қалыптастыру.

Тәрбиелік

  • Табиғат байлығына қамқор болу дағдыларын жетілдіру.
  • Ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу.

Шығармашылық

  • Аквариумдағы балықтардың бейнесін салу.
  • Дәстүрден тыс сурет салу тәсілін (картоппен бастырма) меңгерту.

Көрнекі құралдар

Слайдтар, суреттер, картоп, гуашь бояуы, сүлгі және басқа қажетті материалдар.

Әдіс-тәсілдер

Көрсету, үйрету, сұрақ-жауап, жаңа технологияны қолдану, бастырма әдісін меңгерту.

Сабақтың барысы

1) Мотивациялық-қозғаушы кезең: «Шаттық шеңбер»

Ал, қанеки, тұрайық,

Мойнымызды бұрайық,

Қолымызды созайық.

Су ішінде қалықтап,

Оңға-солға бір қарап,

Жүзіп-жүзіп алайық.

2) Іздену-ұйымдастыру кезеңі: әңгіме және сұрақ-жауап

Сұрақтар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Кіріспе әңгіме

Тәрбиеші: «Балалар, бүгін таңертең балабақшаға келсем, маған бір тамшы келіп жылады. “Балалар кранды жабуды ұмытып кетіп, су ағып қалды”, — деді. Мен оған: “Біздің топта ондай балалар жоқ, біз суды сақтаймыз, бекер төкпейміз”, — дедім».

Тамшы қуанып: «Су туралы не білесіңдер? Су адамдарға не үшін қажет?» — деп сұрады. Ендеше, тамшыға су туралы айтып берейік.

3) Зерттеу жұмысы: судың қасиеттерін анықтау

Әр баланың алдында стақанда су тұрады. Тәрбиеші төмендегі сұрақтар арқылы бақылау жасатады.

Бақылау сұрақтары

  • Судың түсі қандай?
  • Судың дәмі бар ма?
  • Судың иісі бар ма? Иіскеп көрейік.
  • Су құйылғанда қандай дыбыс естіледі?

Тәжірибе

  • Екі ыдыстағы судың біріне қант, екіншісіне тұз салып, дәмінің қалай өзгеретінін анықтау (тәрбиеші қауіпсіздік үшін өзі татып көреді).
  • Стақандағы суды екінші стақанға құйып, дыбысын тыңдау.

Қорытынды

Су — тіршілік көзі. Оны тамақ әзірлеуге қолданамыз, шөлімізді басамыз, жуынамыз. Егін суарамыз, өрт сөндіреміз. Жан-жануарлар, балықтар, құстар да сусыз өмір сүре алмайды. Сондықтан суды бекерге төкпей, үнемдей білуіміз керек.

Халық даналығы: «Суды бекерге төкпе», «Судың да сұрауы бар».

4) Сергіту сәті

Балалар орнымыздан тұрып, бой сергітіп алайық: «Жаңбыр жауды».

5) Су әлемі: жұмбақ және талқылау

Суда өседі, өнеді,

Сыртқа шықса, өледі.

Жауабы: Балық

Сұрақ-жауап

  • Балықтар суда не істейді?
  • Олар қалай қимылдайды?
  • Аквариумдағы балықтарды қалай күтеміз?

Осы бөлімде слайд арқылы балықтардың суреттері көрсетіледі.

Шығармашылық жұмыс: «Аквариумдағы балықтар»

Тапсырма

Тәрбиеші алдын ала аквариумның бейнесін дайындап қояды. Балаларға: «Бұл аквариумда не жетіспейді?» — деген сұрақ қойылады.

Балалар аквариумның ішіне жүзіп жүрген балықтарды салады.

Дәстүрден тыс техника: картоппен бастырма

  1. 1Картопты алып, гуашь бояуына батырамыз.
  2. 2Ақ қағаздан жасалған аквариумның ортасына картопты бастырып, балықтың ізін түсіреміз.
  3. 3Жұмысты ұқыпты орындап, аяқтаған соң орнымызды жинастырамыз.

Тәрбиеші балаларды мадақтап, жұмыстарын талдайды.

Автор туралы мәлімет

Мекеме

МКҚК «Нұрбөбек» ясли-бақшасы

Өткізген тәрбиеші

Байдалиева Л. Ж.