Тараздың бұрынғы атауы Суяп қаласыма

7-сынып. Қазақстан тарихы

Бұл сабақ — оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімін жинақтап, жылдам ойлау мен дәл жауап беруді дамытатын интеллектуалдық сайыс форматында ұйымдастырылады.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: өткен сабақтарда алған білімдерін тексеру және қорытындылау.
  • Дамытушылық: ойлау, сөйлеу және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  • Тәрбиелік: туған халқы мен Отанына, тарихи тағдырына құрмет сезімін қалыптастыру; патриоттық тәрбие беру.

Ұйымдастыру және құралдар

Көрнекілігі
Слайдтар, суреттер, карточкалар, математикалық есептер.
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ.
Әдістері
Пікір алмасу, сұрақ-жауап, миға шабуыл.

Сабақтың барысы

  1. I
    Ұйымдастыру
    Оқушыларды түгендеу, топтарға бөлу.
  2. II
    Сайыстың кезеңдері
    • I тур — «Қанат қақты»
    • II тур — «Білеміз бе?»
    • III тур — «Тұлғаны таны»
    • IV тур — Тарихи криптограмма
    • V тур — Математикалық ойын
    • VI тур — Байқампаздар сайысы

Ойынның өтілу тәртібі

  1. 1 Ойынға екі топ қатысады, әр топтан жетекші сайланады.
  2. 2 Әр топтың атауы және ұраны болады.
  3. 3 Сайыс барысында әр топқа кезең-кезеңімен тапсырмалар ұсынылады.

I тур — «Қанат қақты!» (Жетекшілер сайысы)

Жетекшілерге «иә/жоқ» форматында 7–10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

I топ — «Алтын Орда»

  1. Түрік қағанаты тарихтағы алғашқы қағанат па? (иә/жоқ)
  2. Тараздың бұрынғы атауы Суяб қаласы ма? (иә/жоқ)
  3. Арабтар «Сүзеген» деп атаған қаған — Сұлу қаған ба? (иә/жоқ)
  4. Махмұд Қашғари Баласағұн қаласында еңбек еткен бе? (иә/жоқ)
  5. Орыс жылнамаларында половшылар деп қарлұқтарды атаған ба? (иә/жоқ)
  6. Түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы — «теле» ме? (иә/жоқ)
  7. Ташкент қаласының бұрынғы аты — Шаш па? (иә/жоқ)

II топ — «Ақ Орда»

  1. Көне түріктердің негізгі жазуы — руна ма? (иә/жоқ)
  2. Ғұн державасының негізін қалаған — Аттила ма? (иә/жоқ)
  3. Түрік қағандығының іргесін қалаған — Бумын қаған ба? (иә/жоқ)
  4. Жібек — соғды елінен әкелінетін тауар ма? (иә/жоқ)
  5. Баласағұн — оғыздардың астанасы ма? (иә/жоқ)
  6. Суяб қаласы Шу өзенінің бойында орналасқан ба? (иә/жоқ)
  7. Оғыздардың әскербасшысы «шанью» деп аталған ба? (иә/жоқ)

II тур — «Білеміз бе?»

Әр ұяшықта сұрақ беріледі. Дұрыс жауап үшін: толық жауап — 20 ұпай, жартылай жауап — 10 ұпай. Қосымша көмек қолданылса, ұпай саны төмендетіледі.

1-сұрақ

Жужан қағаны Анағұй қағанға қарсы әрекет етудің жолын іздеп, «маған қызын әйелдікке берсін» деп елші жіберген түрік қолбасшысы кім?

Қосымша көмек: Жауабы — Бумын.

2-сұрақ

Қыпшақтың елбөрілі тайпасы табынған аң қандай?

Жауабы: Қасқыр.

3-сұрақ

942–1212 жылдары батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан бастап, шығыста Жетісу мен Қашғарға дейінгі аумақта билік құрған алғашқы мұсылман түрік мемлекеті қайсы?

Қосымша көмек 1: 1040 жылы мемлекет Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді.

Қосымша көмек 2: Қарақытайларды талқандаған Хорезм шахы Мұхаммед бұл мемлекетті құлатты.

Жауабы: Қарахан мемлекеті.

4-сұрақ

Оғыз мемлекеті 24 тайпадан тұрғанын жазған тарихшы кім?

Қосымша көмек: Жауабы — Махмұд Қашғари.

5-сұрақ

Қазақтар мүшелік жыл санауда белгілі бір жылда жұт жиі болатынын байқаған. Ол қай жыл?

Қосымша көмек 1: Қысы қатты болатын жыл.

Қосымша көмек 2: Жыл мезгіліне қарай түсін өзгертіп отыратын хайуан.

Жауабы: Қоян жылы.

6-сұрақ

Александр Дюма XIX ғасырдың ортасында Орынбор өлкесін аралап жүріп, бір үйді көргенде таңданып күнделігіне: «Бұл үй — архитектураның биік шыңы» деп жазған. Дюманы таңғалдырған қандай үй?

Қосымша көмек 1: 6, 8, 12 қанатты түрлері бар.

Қосымша көмек 2: Қабырғасы — кереге.

Жауабы: Қазақтың киіз үйі.