Қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін дәлелде

Сабақтың тақырыбы

Сөйлем

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Сөйлем және оның түрлерін еске түсіру, сөйлем туралы алған білімдерін кеңейту.

Дамытушылық

Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ой-өрісін, тілін дамыту, сауатты әрі көркем жазуға баулу.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа және зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Іздену
  • Ой қозғау

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Үлестірмелі қағаздар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Оқушылар шеңбер құрады

Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Қуанышым, бақытым, дара тілім.

2) Оқушыларды топқа бөлу

Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, жұмысқа бағыттау.

II. Ой қозғау

Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу.

Сұрақ Жауап
1 Иесі — сәби; әрі төсек, әрі үй. Бесік
2 Жанғыш пайдалы қазба. Көмір
3 Өзіңді қайдан көресің? Айна
4 Ешкінің төлі. Лақ
5 Қыста киетін аяқ киім. Етік
6 Сәуір айынан кейін қай ай келеді? Мамыр

Ортадағы қызыл жолақтан шыққан сөз: «Сөйлем». Демек, бүгін біз сөйлем және оның түрлері туралы білімімізді жүйелейміз.

III. Жаңа сабақ

1-жаттығу. Оқулықпен жұмыс

  • Мәтіндегі сөйлем санын анықтау (бір оқушы оқып береді, қалғандары дәлелдейді).
  • Әр сөйлемнен кейін тиісті тыныс белгісін қойып, мәтінді көшіріп жазу.

Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда күн мен түн ұзақтығы теңеседі. Сол себепті наурыз жыл басы болып саналған.

2-жаттығу. Диалогпен жұмыс

Диалогті оқып, сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай түрлеріне ажыратыңыз.

— Ата, ең қымбат нәрсе не?

Түрі: сұраулы сөйлем

— Туған жеріңнен қымбат еш нәрсе жоқ.

Түрі: хабарлы сөйлем

— Неге?

Түрі: сұраулы сөйлем

— Сенің кіндік қаның тамған топырақ осында!

Түрі: лепті сөйлем

Екінші диалог. Жай және құрмалас сөйлем

Екі оқушы диалогті оқиды. Содан кейін мәтіндегі сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін дәлелдейді.

— Балнұржан, айқайлама. Ашу шақырып, ешкіммен айқаспa!

Талдау: жай сөйлем (бір ғана аяқталған ойды білдіреді).

— Онда ма, онда ашу келіккен соң, ақылың қашып кетеді. Ақылсыз істелген істе береке де, қайыр да болмайды, уақытың зая кетеді.

Талдау: құрмалас сөйлем (екі не одан да көп жай сөйлемнен құралады). Құрмаласта жай сөйлемдер үтір арқылы бөлінеді.

IV. Сергіту сәті

Музыка ырғағымен қысқа қимыл-қозғалыс жасау.

3-жаттығу. Тақтамен жұмыс

Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жазыңыз.

Мысал 1

Күн жылынды. Көк шықты.

Күн жылынып, көк шықты.

Мысал 2

Күн бұлттанды. Жаңбыр жауды.

Күн бұлттанды да, жаңбыр жауды.

Мысал 3

Ауылға ақындар келді. Кеште кездесу болды.

Ауылға ақындар келген соң, кеште кездесу болды.

4-жаттығу. Мақал-мәтелдер

Мақалдарды жатқа жазыңыз. Қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін дәлелдеңіз.

1) Ердің атын еңбек шығарар.

Түрі: жай сөйлем

2) Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

Түрі: құрмалас сөйлем

V. Қорытындылау

  • Сөйлем ұғымын және сөйлем түрлерін қайталау.
  • Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын нақтылау.
  • Тыныс белгілерін дұрыс қоюға назар аудару.

VI. Үй тапсырмасы

Оқулықтағы сөйлем тақырыбы бойынша берілген тапсырмаларды орындау, сөйлем түрлеріне мысалдар құрастыру.

VII. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және дәлелдеп жауап беруі бойынша бағалау.