Сөздердің байланысу тәсілдерімен байланыс

Рухани үндеу

Жатқанда елің еркін, азат болып,
Ешкімге жүрмеу үшін мазақ болып,
Өз халқыңның тілі мен тарихын біл, жұртыңды таны,
Сонда сен көгересің қазақ болып.

Жұлдыз болып жаныңдар, оқып-білім алыңдар! Тәуелсіз еліміздің білімді ұрпағы болыңдар!

Сабақ тақырыбы: Қиысу

Бұл бөлімде сөздердің байланысу түрлері ішіндегі қиысу ұғымы, оның жасалуы мен грамматикалық белгілері жүйеленеді.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: сөздердің байланысу түрлерін таныту; жасалуы мен ерекшеліктері туралы білім беру.
  • Тәрбиелік: оқушылардың белсенділігін арттыру; бір-бірін сыйлауға, отаншылдыққа тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: ойлау мен есте сақтау қабілетін жетілдіру; алған білімді қолдана және талдай білуге үйрету.

Негізгі ұғымдар

Тақырып өзегі

Сөздердің байланысу түрлері

Белгілері

Грамматикалық көрсеткіштер

Қатысы

Байланысу тәсілдерімен байланысы

Нормасы

Заңдылық (ереже)

Қиысу дегеніміз не?

Қиысу — баяндауыштың бастауышпен жақ жағынан (I, II, III жақ) үйлесіп байланысуы. Бұл — сөйлемнің негізін құрайтын екі жақты грамматикалық байланыс.

Сөздердің жіктеліп барып қолданылуы (жіктік жалғаулар арқылы жаққа сай өзгеруі) — қиысудың басты көрінісі.

Жаққа қарай жіктелу үлгісі

Жақ Жекеше Көпше
I жақ мен оқимын біз оқимыз
II жақ сен оқисың
сіз оқисыз
сендер оқисыңдар
сіздер оқисыздар
III жақ ол оқиды олар оқиды

Мысал

Біз оқушымыз.

Мысал

Сендер студентсіңдер.

Мысал

Мен жазушымын.

Мысал

Сіз оқытушысыз.

Қосымша мысалдар: Мен оқыдым. Біз оқыдық.

Мысалдар арқылы талдау

  • Мен кеншімін. / Біз кеншіміз.
  • Бақыт мектепке келді.
  • Өткірдің жүзі, кестенің бізі — өрнегін сендей сала алмас. (Абай)
  • Шаңғышылар тауға қарай жүрді.

Талдау және стратегиялар

Венн диаграммасы (идея)

Бөлік 1

Байланысу тәсілдері

Ортақ

Ұқсастығы

Бөлік 2

Байланысу түрлері

«Поэзия сәті»

Көріп жүрмін, еріп жүрмін,
Ақтау үшін сеуіп жүрмін.

«Келісу — келіспеу» стратегиясы

Төмендегі тұжырымдарды талқылап, дұрыс-бұрысын дәлелде:

  • Жіктік жалғаулы сөз — мектепте.
  • Бастауыш — сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.
  • Дауысты дыбыстар саны — жетеу.
  • Әдемі — етістік болып табылады.
  • Сөздердің байланысу тәсілдері 4-ке бөлінеді.
  • Сөздердің байланысу түрлері 2-ге бөлінеді.
  • Тіл дыбыстарын зерттейтін сала — морфология.
  • Антоним дегеніміз — сөздің ауыспалы мағынасы.

«Ой қозғау»

Тақырып: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі.

«Топтастыру»

Тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдарды топтастырып, байланысын көрсет.

Үй тапсырмасы

230-жаттығу

Тілек

Тілеймін халқым амандық,
Келмесін басқа жамандық.
Шапағат нұрға шомылып,
Биікке ұмтыл ғаламдық!