Цифрмен берілген сан есімдерді жазумен жаза білуге үйрету

Сабақтың мақсаты

  • 1) Білімді бекіту және дағды қалыптастыру

    • Сан есім туралы алған білімдерін пысықтау.
    • Сөйлем ішінен сан есімді тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
    • Сауатты әрі таза жазуға дағдыландыру.
    • Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен дұрыс жазуға үйрету.
  • 2) Дамытушылық мақсат

    Сөз таптары туралы ой-өрісті дамыту.

  • 3) Тәрбиелік мақсат

    Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа және шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Көрнекілігі

Тірек-сызбалар.

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Көрнекілік
  • Ізденіс
  • Түсіндіру

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу, оқушыларды түгендеу.
  • Психологиялық дайындық.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • 76-жаттығудың толық әрі дұрыс орындалуын тексеру.
  • Өтілген тақырып бойынша сұрақ-жауап жүргізу.

Автор туралы

Мекеме

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясы.

Мұғалім

Бисембаева Айгерім Құрманғазықызы.