Электромагниттік индукция құбылысынан тұжырымдау

Сабақтың тақырыбы

Электромагниттік индукция құбылысы

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: оқушылардың білімін қалыптастыру, жаңа және тарихи мәліметтер беру, тәжірибелерді көрсету.
  • Дамытушылық: физиканың негізгі қағидаларының бірі — электромагниттік индукция заңын меңгерту, білім, білік және дағдыны дамытуға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
  • Тәрбиелілік: электрондық оқулықпен жұмыс істеу және тәжірибе жасау барысында жауапкершілік пен ұқыптылыққа дағдыландыру.

Құрал-жабдықтар және көрнекіліктер

  • Плакат
  • Катушка (соленоид)
  • Магнит
  • Гальванометр
  • Өткізгіштер
  • Электрондық оқулық

Сабақ форматы

Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ (оқытудың электрондық түрі).

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрация.

Негізгі ой: тәжірибе арқылы магнит ағынының өзгеруі кезінде өткізгіште индукция ЭҚК-і пайда болатынын дәлелдеу.

Сабақ барысы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі.
  2. 2 Бақылау жұмысын талдау, қателермен жұмыс.
  3. 3 Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. 4 Жаңа тақырыпты бекіту.
  5. 5 Сабақты қорытындылау.
  6. 6 Жекелеген оқушыларға күрделірек (озық) тапсырма беру.
  7. 7 Үй тапсырмасын беру.

I. Жаңа сабақты түсіндіру

Тарихи кіріспе

Электромагниттік өріс теориясының қалыптасу тарихына қысқаша шолу жасалады. Негізгі назар — тәжірибе арқылы құбылысты түсіндіруге және себеп-салдар байланысын айқындауға аударылады.

Фарадей тәжірибесі (электрондық оқулық/демонстрация)

Электрондық оқулықтан Фарадей тәжірибесін бақылау немесе мұғалімнің демонстрациясы арқылы түсіндіру ұсынылады. Оқушылар гальванометр көрсеткішінің өзгеруін бақылап, магнит өрісінің өзгерісі мен токтың пайда болуы арасындағы байланысты талдайды.

Тәжірибелердің қорытындысы: индукция тогының пайда болу шарттары

  • Магнит ағыны өзгеруі керек: ΔΦ ≠ 0.
  • Магнит өрісінің күш сызықтары өткізгіш контурын қиып өтуі (немесе қиып өту санының өзгеруі) қажет.

Қорытынды: магнит ағыны өзгергенде өткізгіште индукция электр қозғаушы күші (ЭҚК) пайда болады.

II. Бекіту бөлімі

Тақырыпты бекіту үшін есептер шығарылады және құбылыстың негізгі анықтамалары мен шарттары қайта қарастырылады.

Есеп

400 орам сымы бар соленоидте 15 мс ішінде магнит ағыны 17 мВб-ден 3 мВб-ге дейін кемиді. Соленоидте пайда болатын индукция ЭҚК-ін табыңдар.

Нұсқау: Фарадей заңын қолданыңыз: |ε| = N · |ΔΦ| / Δt.

Автор туралы мәлімет

Ескелді ауданы әкімдігінің Қаратал орта мектебі (мектепке дейінгі шағын орталығы бар) коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Физика пәні мұғалімі: Рақымбекқызы Н.