Атам менің әманда

Сабақтың тақырыбы: «Әдептілік — әліппесі»

Бұл сабақ 1-сынып оқушыларына әдепті болуды, сыпайы сөздерді дұрыс қолдануды және үлкендермен амандасудың түрлерін меңгертуді мақсат етеді. Сабақ саяхат форматында өтеді: әр аялдамада тапсырмалар орындалып, келесі кезеңге жол ашылады.

Мақсаты

  • 1-сынып оқушыларына әдепті болуды, сыпайы сөздерді және үлкендермен сәлемдесу түрлерін үйрету.
  • Сөздік қорын байыту, тілін дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру.
  • Адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеу: үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, ізеттілік пен әдептілікке баулу.

Көрнекіліктер

  • Нақыл сөздер
  • «Сиқырлы» конверттер
  • Сюжетті суреттер
  • Мақал-мәтелдер
  • «Әдептілік патшалығы» (сурет)
  • Тыйым сөздер

Әдіс-тәсілдер және сабақ түрі

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, практикалық жұмыс.

Сабақтың түрі

Саяхат сабақ.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім оқушыларға бүгін «Әдептілік патшалығына» саяхатқа шығатынын айтады. Саяхат барысында әртүрлі аялдамаларға тоқталып, әр аялдамада тапсырма орындау арқылы келесі кезеңге өтеді. Саяхатқа «автобуспен» аттанады.

2) Негізгі бөлім — 1-аялдама: «Сәлем — сөздің анасы»

Тақырып: амандасу мәдениеті

Тапсырма: «Сәлем бере білейік!» (сахналау)

Оқушылар мынадай жұптар бойынша амандасу үлгілерін сахналайды: ана мен ата, ата мен ата, әже мен қыз, ата мен ер бала, мұғалім мен оқушы, көрші апай мен ер бала.

Үйренетін амандасу сөздері

  • Сәлеметсіз бе?
  • Есенсіз бе?
  • Ассалаумағалейкүм
  • Уағалейкүмассалам
  • Армысыз
  • Көп жаса
  • Қайырлы таң
  • Қайырлы күн
  • Кеш жарық
  • Сәлем

3) 2-аялдама: «Кішіпейілділік — кісілік белгісі»

Тақырып: мінез бен құндылық

Өлең: «Атам менің әрқашан…»

Атам менің әрқашан, кішіпейіл бол деген.

Ақыл сөзі санамда, мақтанбауды жөн көрем.

Атам менің әрқашан, бол дейтұғын бауырмал.

Мынау байтақ ғаламда, қаншама дос-бауыр бар.

Атам менің әрқашан, бол дейтұғын тілалғыш.

Үлкендерден содан да алып жүрем кіл алғыс.

Атам менің әрқашан, мейірімді бол деген.

Ақыл сөзі санамда, жасы үлкенге жол берем.

Атам менің әрқашан, ынтымақшыл бол дейтін.

Бірлік болса адамда, шын бақыт қой ол дейтін.

Әдепті баланың қасиеттері

Тәрбиелі Мейірімді Бауырмал Кішіпейіл Үлгілі Ұқыпты Сыпайы

4) 3-аялдама: «Сиқырлы сөздер әлемі»

Тақырып: сыпайы сөйлеу

Көрініс: ханшамен диалог

Ханша: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Оқушылар: Сәлеметсіз бе, ханша!

Ханша: Мен Әдептілік патшалығынан келдім. Біздің елдің тұрғындары бір-біріне «Сіз» деп сөйлейді. Қазір сендерге сиқырлы конверттер таратамын. Ішіндегі сөздерді қашан, кімге және қандай жағдайда айту керектігін түсіндіріп, мысал келтіріңдер.

Сиқырлы сөздер

  • Рахмет — алғыс білдіргенде.
  • Кешіріңіз — қателескенде, біреуге қолайсыздық туғызғанда.
  • Рұқсат па? — бір нәрсе істер алдында.
  • Көмектесейін — қол ұшын созғың келгенде.

«Не деу керек?» әні (хормен)

Жағдай

Апаң базардан алма әкеліп, ең үлкенін саған берді.

Жауап

«Рахмет, апа!»

Жағдай

Көшеде жүріп, байқамай көршіңді қағып кеттің.

Жауап

«Кешіріңіз!»

Жағдай

Доп қуып жүріп, танысың кездесті.

Жауап

«Сәлеметсің бе!»

Жағдай

Ағаң допты біреуге апарып беруді өтінді, ал сен кідіріп қалдың.

Жауап

«Жарайды, аға!»

Жағдай

Әжең түскі асқа көп кәмпит қойды, ал сен рұқсат сұрамай қол создың.

Жауап

«Рұқсат па?»

Жағдай

Аулада қоқыс үйіліп жатыр, қарт кісі оны әрең жинап жүр.

Жауап

«Көмектесейін!»

5) 4-аялдама: «Үлкенге құрмет — кішіге міндет»

Тақырып: мақал-мәтел

Тапсырма: мақал-мәтелдерді жалғастыру және мағынасын түсіндіру.

  1. 1)

    Сыйламаған жолдасын, сыйлай алмас өз басын.

  2. 2)

    Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы.

  3. 3)

    Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.

  4. 4)

    Ақылды қария — ағып жатқан дария.

  5. 5)

    Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса, кішіден сұра.

  6. 6)

    Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергені.

  7. 7)

    Әдепті бала ата-анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

  8. 8)

    Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.

  9. 9)

    «Сіз» деген — әдеп, «біз» деген — көмек.

6) 5-аялдама: «Өнерлі бала — сүйкімді»

Тақырып: көрініс

Көрініс

«Біз әдепті баламыз» атты шағын қойылым орындалады.

7) 6-аялдама: «Көп біл — аз сөйле»

Тақырып: қысқа жауап, нақты ой

Сұрақ-жауап

Сыйлап үлкен ағаны, сәлем берген баланы кім дейміз?

Жауап:

Әдепті екен дейміз!

Сұрақ-жауап

Кітап, дәптер, қаламы кір шалмаған баланы кім дейміз?

Жауап:

Ұқыпты екен дейміз!

Сұрақ-жауап

Таудай биік талабы бар, жақсы оқитын баланы кім дейміз?

Жауап:

Үлгілі екен дейміз!

8) 7-аялдама: «Аулақ бол жаман әдеттен»

Тақырып: тыйым сөздер

Тапсырма: тыйым сөздерді айтып, әрқайсысының мәнін түсіндіру.

1) Бүйіріңді таянба.
2) Үлкеннің алдын кеспе.
3) Анаңа ауыр сөз айтпа.
4) Түнде тырнағыңды алма.
5) Босағаны керме.
6) Үйде ысқырма.
7) Табалдырықты баспа.
8) Қолыңды төбеңе қойма.
9) Нанды баспа, бір қолыңмен үзбе.

3) Қорытынды

Сабақ соңында мұғалім саяхаттың аяқталғанын айтып, оқушылармен қорытынды сұрақтар арқылы кері байланыс жүргізеді.

  • Біз қай патшалықта болып қайттық?
  • Әдептілік патшалығынан қандай амандасу сөздерін үйрендік?
  • Қандай «сиқырлы сөздер» есімізде қалды?
  • Әдепті бала қандай болуы керек?