Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі
Мақсаты
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Жұлдызды жиырма күн» аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, балалардың білім көкжиегін кеңейту. Еліміздің 20 жыл ішінде қол жеткізген толымды табыстарын балалар өнері арқылы паш етіп, шығармашылық қабілеттерін дамыту және мерекелік көңіл күй сыйлау.
Басты құндылықтар
- Тәуелсіздік
- Ана тілі
- Ұлттық рәміздер
- Өнер мен тәрбие
Күтілетін нәтиже
- Балалардың елге, тілге сүйіспеншілігін арттыру
- Өлең, ән, би арқылы шығармашылық белсенділікті күшейту
- Мерекелік орта қалыптастыру
Кіріспе: жүргізушінің сөзі
Армысыздар, құрметті қонақтар! №2 «Айгөлек» балабақшасының «Тәуелсіз елім – тірегім, туған тілім – жүрегім!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Ана тілім — жан тілім, айбарлым. Сыры терең, тұнығы қайнардай. Ана тілім — қасиетім, қастерлім. Бір өзіңнен бақыт нәрін алғанмын, — деп ақындар жырлағандай, бүгінгі кешіміз қасиетті тіл мен ұлттық өнерге арналады.
Тіл халықпен бірге өмір сүріп, дамиды. Әр ұлттың тілі — оның бақыты, тірегі.
Мемлекеттік Гимн
Хор
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні — «Менің Қазақстаным!»
- Сөзі
- Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев
- Әні
- Ш. Қалдаяқов
Көркем жолдар
Күндер өтті кешегі, жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Гимніміз бүгінгі — баға жетпес асыл ән.
Тәуелсіздік туралы ой
Бүгін біз тәуелсіз ел болуды — Отанымыздың жасампаздығын, ана тіліміздің киесін, тарихымыздың жүйелілігін ұлықтау деп білеміз. Біз ұлымыздың ұлағатты, қызымыздың инабатты, халқымыздың салауатты болуына жол ашатын мемлекетімізді мақтан етеміз.
Тәуелсіздік — біздің бас ұранымыз. Көгілдір Ту — болашақ бағымыз, нұрлы таңымыз.
Нұрислам
Туымыз көгілдір — бір қарамай өтпейміз.
Сол көк Тудың астында
Көгереміз, көктейміз.
Әсемай
Мереке бүгін — ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азат елдің ұлымын,
Төбем көкпен теңескен.
Фархад
Шаңырақтың шаттығы — асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы елімнің —
Елдің тыныш тірлігі.
Жұлдызай
Күн болды ғой керемет,
Ақ түйенің қарны жарылған.
Ел болдық, шүкір, не керек,
Әлемге аты танылған.
Елтаңбаға арналған ән
Мағыналы, сымбатты — бар осындай белгііміз.
Маған да, саған да қымбатты — ол елімнің Елтаңбасы.
Хор
«Елтаңбасы елімнің»
- Сөзі
- С. Қалиев
- Әні
- Д. Омаров
Би: «Үкілі қыз»
Көйлектері тал бойына жарасқан, сымбаттары Ай мен Күнге таласқан. Ортаға бүлдіршіндер шығып, қимылы мен әуені үйлескен әсем биді ұсынады.
Орындайтындар
Айым, Ағжан, Гүлбибі, Жұлдызай
Мемлекеттік тіл туралы
Ең алдымен ел егемендігінің айқын көрінісі әрі құндылықтарының бірі — мемлекеттік тілді, қазақ тілін меңгеру. Бұл — баршамыздың ортақ міндетіміз. Тіл — ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетанымның құралы. Халықтың тарихта қалуы да тіліне байланысты.
Тіл — халықтың жаны, сәні, тұтас кескін-келбеті мен болмысы. Адамдық мұратқа жеткізетін де — ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің халықтық қасиетіміздің өзегі — ана тіліміз.
Нұрай
Тілім барда — қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы — салтым бар.
Кең даламдай жиналмаған шалғайым,
Аңқау-ашық мінезім бар аңқылдақ.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Бірханым
Ана тілім — жүрегісің анамның,
Жүрек, ана, өзіңнен таралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
Сенсің әрбір тынысыммен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай тура қараймын,
Ана тілім, егер сені білмесем?
Ән: «Егеменді Қазақстан»
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, оның тәтті, оралған мәні оятар. Кейде сауық, кейде мұң дертін қозғап, жас баладай көңілді жақсы оятар.
Орындаушы
Рсалиева Құндызай
Автор
Жерлес сазгер: Н. Алғашбаев
Ән: «Егеменді Қазақстан»
Көркем сөз: «Жаса, Қазақстаным!»
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің, таулы орман, жасыл жайлау — көлім менің. Бүгінде бар әлемге даңқың жетті, Тәуелсіз Қазақстан — елім менің!
Оқитындар
Мырзагүл Аяулым, Тоқтамұрат Назерке
Әдібай Табылдиевтің өлеңі
Басты алға, азат ел — анамыз,
Бастауда Нұрсұлтан — данамыз.
Гүлденді кең байтақ даламыз,
Түрленген сәнді сан қаламыз.
Елдікке, ерлікке сенеміз,
Елдікке, тірлікке кененбіз.
Қажырмен қарыштап келеміз,
Болашақ бағына енеміз.
Басқарған Елбасы — ұлы іс,
Басталған жаңаша құрылыс.
Баянды басталды бетбұрыс,
Оңарған ер көсем құрған іс.
Жаңаша дарыған білімім,
Жараса дамыған ғылымым.
Қазақтың өркенін өсірген
Азат күн — бақытым, ұлы күн.
Құтты бақ төрінде той бүгін,
Құттықтап құшағын жайды күн.
Ақтарып туған жер байлығын,
Мақтан қып тойлаймыз айбынын.
Композиция
«Жаса, Қазақстан!»
Қорытынды құттықтау
Әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы — туған тілі. Ана тілі — әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай сақтайтын қазынасы, асыл мұрасы.
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын.