Геометриялық пішіндерді пайдаланып мысықты құрастырып, суреттерді салыстыра білуге үйрету

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы

Таным

Бөлім

Қоршаған орта

Тақырыбы

Үй жануары — мысық

Мақсаты

  • Балаларды үй жануары — мысықпен таныстыру, оның ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
  • Геометриялық пішіндерді пайдаланып мысық бейнесін құрастыруға, суреттерді салыстыра білуге үйрету.
  • Сөздік жұмыс арқылы балалардың тілін дамыту.
  • Ойын барысында ұжымдық әрекетке тәрбиелеу, сабаққа қызығушылығын арттыру.

Көрнекі құралдар

Үй жануарларының суреттері, мысықтың бірнеше суреті, тәж-маска (мысық), себет, жіптер.

Әдіс-тәсілдер

Көрсету, түсіндіру, үйрету, салыстыру, сұрақ-жауап, ойын.

Пәнаралық байланыс

Математика, тіл дамыту.

Сөздік жұмыс

мысық кошка

Сабақ барысы

Мотивациялық-қозғаушылық

— Балалар, бүгін бізге қонақтар келді. Қане, амандасайық!

Аспан түрді түндігін,

Жерге жылу жайылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы!

Ұйымдастыру-іздестіру

— Балалар, орындарыңа отырыңдар.

Бүгін қоршаған ортамен танысу сабағында үй жануарларының бірімен танысамыз. Қай жануар екенін әзірге құпия сақтаймыз. Жұмбақты шешсеңдер ғана білесіңдер.

Жұмбақ

Өз құйрығын өзі қуып ойнайды,

Допты көрсе домалатып қоймайды,

Бетін, қолын қайта-қайта жуады,

Тышқандарды үйімізден қуады.

— Дұрыс, бұл — мысық!

Талқылау сұрақтары

  • Үй жануарларының ішінен мысықты кім көрсетеді?
  • Мысықтың пайдасы қандай?
  • Мысықты қалай шақырамыз? (кис-кис)

Қысқаша мәлімет

Мысық — үй жануары. Ол жүрген жерде тышқан азаяды. Мысық еркелегіш, балалармен ойнағанды және сүт ішкенді ұнатады.

Қауіпсіздік және қамқорлық

Мысықты желкесінен қысып немесе құйрығынан сүйреп жәбірлеуге болмайды. Үй жануарына әрдайым мейіріммен қарау керек.

Салыстыру тапсырмасы

— Екі мысықты салыстырып, айырмашылықтарын айтыңдар (түсі, көлемі, құйрығы, құлағы, т.б.).

Нені байқадың?

— Суреттегі мысыққа не жетіспейді? (балалардың жауабы бойынша толықтыру)

Шығармашылық жұмыс: геометриялық пішіндерден мысық құрастыру

— Тақтадағы үлгіге қарап, дәл сондай мысықты құрастырып, жапсырамыз. Екі топқа бөлінеміз.

Пішіндер

дөңгелек төртбұрыш үшбұрыш

— Қандай пішіндерді қолдандық? Атауларын бірге қайталайық.

Қорытынды

— Керемет! Әдемі мысық шықты. Енді мысық туралы тақпақты айтайық.

Ойын: «Жіп шатыстыру»

Мысық жіппен ойнағанды жақсы көреді. Әжелеріміз шұлық тоқығанда қолданатын жіптерді домалатып, шатастырып ойнайды. Бүгін біз де мысық болып, жіптермен ойнаймыз.

Ойын шарты

  1. Балалардың басына мысық маскасы (тәж) кигізіледі.
  2. «1–2–3, ойынға түс!» дегенде себеттегі жіптерді шашып, домалатып жібересіңдер.
  3. Содан кейін жіптерді тауып, қайтадан себетке мүмкіндігінше тез жинайсыңдар.
  4. Кім тез жинаса — сол «жеңімпаз мысық».

Ойын: «Байқағыш»

— Мысықты елестетіп, еске түсіріп, сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Мысықта қанша құлақ бар?
  • Мысықта қанша аяқ бар?
  • Мысықта қанша құйрық бар?
  • Қайсысы ұзын: мысықтың құлағы ма, құйрығы ма?

Сергіту сәті

— Балалар, дөңгелене тұрайық. Шеңбер құрып, бой жазып алайық.

Мысығым-ау, мысығым,

Көзі сығыр қысығым.

Мысығымнан айналдым,

Пырылдаған пұшығым.

Ойын: «Төлдерін тап»

Мұнда үй жануарлары мен олардың төлдері берілген. Бірақ олар бір-бірінен ажырап қалыпты. Сендер оларды жұптастырып қосасыңдар.

Тапсырма

— Әр үй жануарын өз төлімен сәйкестендіріңдер.