Үйірлі пысықтауышы бар сөйлем қайсы
Сабақтың тақырыбы
Тұрлаусыз мүшелер
Сабақтың мақсаты
-
А) Тұрлаусыз мүшелер бойынша алған білімдерін пысықтау, тәжірибеде қолдану және жеке әрі топтық жұмыс жүргізе білуге дағдыландыру.
-
Ә) Оқушының қабілетіне сай оқи білуіне, өзіндік пікірін білдіре алуына машықтандыру.
-
Б) Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі
Білім, іскерлік және дағдыны қолдану сабағы.
Сабақтың көрнекілігі
- • Модуль №3: «Тұрлаусыз мүшелер»
- • Н.Т.С.: толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш
- • Үлестірме қағаздар
Сабақтың әдістері
Сабақтың барысы
Төмендегі құрылым сабақтың кезеңдерін жүйелі өткізуге көмектеседі: ұйымдастыру, өткенді пысықтау және тапсырмалар арқылы бекіту.
1) Ұйымдастыру
Сыныпты үш топқа бөлу.
2) Өткен сабақты пысықтау: «Тұрлаусыз мүшелер»
Эстафета (оқыта-үйрету ойыны)
Оқушылар берілген қағазға тапсырманы 2 минут ішінде орындап жазады.
- •Толықтауыш
- •Анықтауыш
- •Пысықтауыш
«Өз жартыңды тап»
Қағаздың жартысында берілген тапсырманың жалғасын тауып, жұптасып жұмыс жасайды.
1-топ тапсырмалары
Сөйлемді талдау-
Мезгіл пысықтауышы бар сөйлемді табыңыз.
Жас уақытында Төле би мен Әйтеке би Қазыбекті сынамақ болады.
-
Мақалды толық оқып, мағынасын талқылаңыз.
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім. -
Амал пысықтауышы бар сөйлемді табыңыз.
Қуаныштан шаттана айқайлады.
2-топ тапсырмалары
Тұрлаусыз мүшені айқындау-
Берілген нақылды оқып, негізгі ойды айтыңыз.
Қайтып кірер есігіңді қатты серпіп жаппағайсың.
Қайтып көрер досыңа ауыр сөз айтпағайсың. -
Тура толықтауышы бар сөйлемді табыңыз.
Сен құрметте оны.
-
Үйірлі пысықтауышы бар сөйлемді табыңыз.
Сырым ат жалын тартып мінген жас кезінде атақты Малайсары биден бата алуға келді.
3-топ тапсырмалары
Мақал-мәтел арқылы бекіту-
Сұраққа жауап беріңіз.
Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.
-
Мақсат пысықтауышы бар сөйлемді табыңыз.
Өзің үшін үйренсең, ашыларсың жылма-жыл.
-
Берілген сөз орамын оқып, мағынасын түсіндіріңіз.
Бірлігі кеткен ел жаман,
Егесіп өткен ер жаман.
«Қатені тап» тапсырмасы
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, оның қай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз.
1-топ: Анықтауышқа байланысты
- ..... адам сағыңды сындырмас.
- ...... адамды халық қадірлейді.
- Сабыр түбі ........ алтын.
- ........ ағаш үй болмас.
- ......... жігіт би болмас.
- Атадан ......... ұл туса, есіктегі басын төрге сүйрер.
- ......... бас ұстазы — ата-ана.
2-топ: Пысықтауышқа байланысты
- Үйдің жылы-суығын ......... білерсің.
- ........ тұрған әйелдің бір ісі артық.
- ......... басатын жасты кері тартқан кәрі қайтарады.
- Жаманға айтқан ақылың — .......... атқан оқпен тең.
- ...... еңбек етсең — ернің асқа тиеді.